Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет274/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

өз ұлтыңның зиялы-
лары
болуға тиіс. Сонда ғана 
алға жылжу
орын алып, ұлттың 
сана-
сезiмi өседi
. Басқа жағдайда Абай уақытында сынға алған орынсыз 
өркөкiректiкке келемiз. Ал жақсы жақтарымызды айтсақ, оны басқа 
халықтар айтпай-ақ бiлiп, бiздiң ұлтымызды сыйлайды. Мiне, осындай 
ащы ойлар Абайды оқығанда еске келедi, ол да ойшылдың өсиеттерiн 
орындау парызынан шығады.
Абаймен ақылдасатын келесi көкейкестi мәселе – Қазақстанның 
жаһандану
үдерiсiне кеңiнен кiруi. Уақытында оның жолын ұлы Абай 
орыс мәдениетi мен тiлiн меңгеру керектiгi туралы ойларында терең 
көрсетiп кеттi. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым 
да – бәрi орыста тұр. 
Зарарынан қашық 
болуға, 
пайдасына ортақ
болуға тiлiн, оқуын, ғылымын 
бiлмек керек
», – дейдi ұлы ағартушы 
(25-сөз, аталған әдебиет, 51-б.). Яғни жақсы жақтарын алып, жаман 
жақтарынан безу керек. Олай болса, бiз шетелдерден жаңа технология-
ларды алып, өндiрiсiмiздi дамытып, сонымен қатар Батыс мәдениетiнiң 
тұрпайы да дөрекi – зорлық-зомбылық пен тыйымы жоқ нәпсiнi 
көрсететiн түрлерiнен өз дiлiмiздi алшақ ұстауымыз қажет. Ал iс 
жүзiнде бiрiншiсiнен гөрi екiншiсi басым – елдi жаулап алып, рухания-
тымызды улап жатыр. Ертең-ақ соның салдарынан төл мәдениетiмiзден 
жаттанып, ХХI ғ. «жаңа мәңгүрттерiне» айналу қаупі төнiп тұрғандай.
Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған бұл дүниесiнiң кiн-
дiгi – адам. Олай болса, 
«Адам бол!»
– дейдi бабамыз. Яғни әрбiр 
кiсi әрқашанда өзiнiң тұлғасының 
адам ұғымына
сәйкестiгiн өлшеп, 
өмiр бақи соған жетуге тырысуы қажет. Тек сонда ғана адам өзiн жан-
жақты дамытып, бойындағы ашылмаған табиғи дарындарын сыртқа 
шығарып, гүлдетiп, бұл өмiрде ерекше орны бар тұлғаға айналып, өзiн 
бақыттымын деп сезiне алады.
Бiрақ адам идеясы, ұғымы мен тiрi өмiрдегi пенденiң арасын қанша 
жақындатсақ та, олар бiр-бiрiмен толық қосылмайды. Мұны терең түсiне 
бiлген Абай да, қазiргi тiлмен айтқанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет