М.Орынбековтің бiрнеше нәтижелi
еңбегi жарық көрдi. Сонымен қатар бұл салаға қомақты үлес қосқан
С.Ақатайдың еңбектерiн атауға болады. Осы мәселелерге арналған
еңбектерімен зиялы қауымның шын қызығушылығын тудырып жүрген
С.Нұрмұратовтың шығармашылығын ерекше атап өту қажет. Ғалым
С.Оспановтың еңбектері де өз ерекшеліктерімен қызықтырады.
«Қазақтану» саласына бiртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтiк-
экономикалық, саяси-құқықтық, рухани сараптау жасаған
Ж.Молда- беков болды. Ортағасырдағы отандық философияға жаңаша қарап, өз
үлесiн қосқан
Ж.Алтаевты атауға болады.
Қазақ мәдениетiнiң типтiк бiтiмдерiн зерттеп, оны ең соңғы
мәдениеттанудағы көкжиектермен ұштастыра бiлген, мәдениет филосо-
фиясының басқа да салаларын зерттеп жүрген
Т.Ғабитовтың еңбектерi
ерекше қызықты да нәтижелi деп есептеймiз.
Қазақ халқының тарихи қалыптасқан дiлi мен дүниесезiмiнiң
ерекшелiктерiн нәзiк те терең көрсете бiлген
Қ.Нұрланованың еңбек-
терiн атап өткен абзал. Отандық рухани мұраны зерттеулерге
Д.Раев, Т.Айтқазин, Т.Бурбаев, К.Бегалинова, Г.Нұрышева, Б.Аташ өз
үлестерiн қосты.
Егемен Қазақстанға ғұлама Абайдың берерi әлi көп. Бұл арада
«Абайтану» саласын жаңа биiк дәрежеге көтерiп, басқа да филосо-
фия салаларын зерттеуге өз қомақты үлесiн қосып жүрген
Ғ.Есiмнiң еңбектерi ерекше аталуға тиiс.
Қазақстан қоғамының
түбегейлi өзгеруi , өз руханиятымызға жаңа
дәрежеде
қайта оралу , сонымен қатар
дәуiрдiң қойған жаңа
талапта- рына сәйкес
жауап беру,
дүниежүзiлiк көштен
қалып қалмау т.с.с.
халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселелер зиялылар
қауымында, университеттер мiнбелерiнде қызу талданып, сарапталды,
бiршама қомақты еңбектер жарық көрдi.
Бұл арада немiс классикалық философиясы көтерген өзектi мәсе-
лелерге өз үлесiн қосқан, сонымен қатар Батыс Еуропа топырағында
пайда болған ең соңғы ағымдарды талдап, оны өз руханиятымызбен
салыстырып, мәдениет, философия саласында компаративтi (салыстыр-
малы) зерттеулер жүргiзiп жүрген дарынды ғалым
Б.Нұржановтың еңбектерi өтпелi қоғамдағы болып жатқан өзгерiстердi тереңiрек
түсiнуге мүмкiндiк беретiнi сөзсiз.
Соңғы жылдары Ұлттық ғылым академиясының философия
институтында қазiргi адамзаттың рухани-адамгершiлiк дағдарысы,
соған
байланысты
Қазақстанның
дамуындағы
құндылықтар
321
бағдарламасы, өтпелi дәуiрдегi адамның экзистенциалдық вакуумда
қалып қоюы, әлеуметтiк нормалардан ауытқу т.с.с. күрделi де өзектi
мәселелер акад.