Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 2. Жаһандану үдерісі шеңберіндегі өзекті мәселелер



Pdf көрінісі
бет447/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

§ 2. Жаһандану үдерісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
Ең бірінші орында 
ядролық соғыс қару-жарағының жетілуі 
және халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі
жатыр. 
Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда 
Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды. 
Бірқатар елдер (Иран, Солтүстік Корея) ядролық технологияны меңгеру 
үстінде. Әңгіменің қиындығы – бұл қосылған жаңа елдер халықаралық 
шиеленістер аймағында орналасқан. 2001 ж. Үндістан мен Пәкістан 
арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің 
«ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін» деген жантүршігерлік 
қорқытуымен аяқталғанын білеміз. Бұл мәселені шешудің негізгі 
жолы – барлық ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық 


571
жасамай) халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру 
болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға 
қойылуы керек. Өкінішке қарай, ядролық мемлекеттердің «өзімшіл 
пиғылы» бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі жасауда. Алайда 
бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіне төнген 
«ядролық дамокл қылышы» сол үрейінде тұра бермек.
Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір 
бағыт негізінде 
тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пай-
далану, қоршаған ортаны ластау
– адамзатты болашақ экологиялық 
апатқа әкелу мүмкіндігі. Біз бұл мәселеге толығырақ тоқталғанды жөн 
көрдік.
Кез келген қоғам – өте күрделі, өзін-өзі ұйымдастырып дамыта ала-
тын жүйе. Өйткені қоғамның «атомы» – адам. Оның денесімен қатар, 
ішкі рухани дүниесі ой өрісіне, қиял-арманға, шаттық пен әсерге, қайғы-
мұң мен махаббатқа, неше түрлі жарқын және күңгірт сезімдерге толы. 
Әр адам өз өмірінің шеңберінде алдына неше түрлі мақсат-мұраттар 
қойып, соларға жетуге ұмтылады. Егер жануарлар табиғатпен бірге, 
соған сәйкес өмір сүрсе, өзін табиғатқа қарсы қоя алмаса, адам өзінің 
санасы арқасында айнала қоршаған ортаны өз мұқтаждығына сай етіп 
өзгертеді, оны таза табиғат қанағаттандыра алмайды. Осы ерекшелікке 
сай, бүгінгі таңда жер бетінде мыңдаған қалалар, миллиондаған 
шақырым асфальт және теміржолдар, бүкіл жер бетін қамтитын интер-
нет, теледидар, ұялы телефондар жүйесі, жасанды су қоймалары, алып 
зауыттар мен фабрикалар сияқты адамның шығармашылық еңбегі 
арқылы дүниеге келген заттарды көреміз. Демек, қоғам табиғатпен сан 
алуан байланыстарға түсіп, өмір сүреді. Ал осы байланыстарды жете 
түсіну үшін «табиғат» ұғымын талдаудан бастайық.
«Табиғат» ұғымы, негізінен, үш мағынада қолданылады. Ең кең 
түрде алғанда, дүниеде табиғаттан басқа еш нәрсе жоқ (Құдай идея-
сын жақшаға алсақ). Қазіргі американ астрофизиктерінің деректеріне 
сүйенсек, бұл ғалам осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Үлкен жарылыстың» 
негізінде пайда болды. Яғни ғарыштың бір шеті мен екіншісіне дейінгі 
қашықтық – 13 млрд. сәулелі жылдар.
Ең тар мағынада алғанда «табиғат» ұғымы «мән» санатымен теңеліп 
кетеді. «Осы заттың табиғаты неде?» – деген сұрақ «Осы заттың мәні 
неде?» – деген сұраққа тең.
Үшінші мағынада «табиғат» деп Жер бетін, оны қоршаған атмос-
фера, гидросфера, тропосфераны, сан алуан тіршілікті, қоғамды 
қоршаған ортаны айтамыз. Міне, осы мағынада біз табиғат ұғымын 
пайдаланамыз.
Бірінші жақындағанда, біз табиғатты екіге бөлеміз. Олар – өлі 
және тірі табиғат. Өлі табиғатқа неше түрлі механикалық, физикалық-


572
химиялық, магниттік, электрлік т.с.с. үдерістерді жатқызуымызға 
болады.
Ал Жер бетіндегі тіршілікке келер болсақ, ол – дүниеде болып 
жатқан бір ғажап оқиға. Олай дейтін себебіміз, осы уақытқа дейін, 
теориялық тұрғыдан ғарыштың басқа да кеңістігінде тіршілік 
болуының мүмкіндігін мойындасақ та, тек Жер бетіндегі тіршіліктен 
басқасын таба алмадық. Кең түрде алғанда, тіршілік деп қоршаған орта-
мен заттық, энергетикалық (күш-қуаттық), ақпараттық алмасуға түсіп, 
өзін-өзі сақтап жетілетін, сонымен қатар өмірін жалғастыра алатын 
күрделі жүйені айтамыз. Тіршіліктің Жер бетіндегі дүниеге келгеніне 
3,5 млрд. жыл болыпты. Осы уақыттың шеңберінде әртүрлі сансыз 
тіршілік формалары дүниеге келіп және кетіп, бүгінгі жетілген форма-
ларын тудырды. Оның ең биік теңдесі жоқ түрі – сана сезімі бар рухани 
пенде – адамның өзі. 
Жер бетіндегі миллиардтаған жылдар бойы бір-бірімен өзара байла-
ныста, сәйкестікке келген тіршілікті біз «Үлкен жүйе» деп атауымызға 
болады. Оның, негізінен алғанда, үш құрамдас бөлігі бар. Олар: 
а) өсімдіктер әлемі; ә) жануарлар әлемі; б) микроорганизмдер әлемі. 
Олар, әрине, салыстырмалы түрде дербес болғанымен, бір-бірімен 
тығыз байланыста болып, Үлкен жүйені құрайды.
Өсімдіктер әлемін көркем түрде аса теңдесі жоқ Күн сәулесін қор-
ландыратын аккумулятор десек те болады, өйткені олар жапырақтарын 
Күнге қарай бұрып, тамырлары арқылы жер астындағы неше түрлі 
минералдарды бойына тартып, фотосинтез арқылы өз денесіне айнал-
дырады.
Жануарлар сол өсімдіктермен қоректеніп, олардың денелеріндегі 
қорланған энергия мен минералдық элементтерді өз бойына сіңіріп, 
өсіп-өніп, сонымен қатар кеңістікте қозғалуға мүмкіндік алады.
Енді көзге көрінбейтін тірі организмдер – микробтар мен вирустар 
әлеміне келсек, оларсыз жоғарыдағы екі әлем де өмір сүре алмас еді. 
Күзде шөптер сарғайып, шіри бастайды. Микроорганизмдер оларды 
қайтадан табиғатқа минералдық тұздар мен элементтер ретінде 
кіргізеді. Микроорганизмдер болмаса, жануарлар жегендерін қорыта 
алмас еді, ал олар өлгенде, олардың денесін шірітіп, қайта табиғатқа 
қосатын да – сол микроорганизмдер. 
Сонымен, қарап отырсақ, осы үш тіршілік әлемі бір-бірінсіз 
өмір сүре алмайды екен. Бұл үлкен жүйені ғылыми тілде биосфера 
(тіршілік аймағы) дейді. Биогеоценоз дейтін екінші ұғым – белгілі 
бір географиялық аймақта миллиондаған жылдар бойы үйлесімді 
қалыптасып қалған тіршілік әлемін көрсетеді. Мысалы, Қазақстан 
көлдері мен өзендерінде қолтырауын деген жануар өмір сүрмейді. Ол 
экватор бойындағы өзендер мен көлдерде ғана өмір сүреді. Сонымен 


573
қатар тропиктегі көп өсімдіктер мен микроорганизмдер, жануарлар да 
біздің жерімізде өмір сүре алмас еді. Өйткені бұл жердегі қоршаған 
ортаға олар бейімделмеген.
Енді табиғат пен қоғамның өзара байланысын талдайтын уақыт та 
келді. Көне тарихта табиғат қоғамның қалыптасуы мен дамуына екі 
түрлі әсерін тигізді. Біріншіден, табиғаты өте бай, ауа райы жұмсақ 
жерде, сонымен қатар табиғаты өте қатал, ауа райы суық жерлерде 
қоғамның дамуы тоқырап, бір орында тоқтап қалғандай болды. Оның 
негізгі себептері мынада. Экватордың тұсындағы көп аралдарда адам 
өзіне керекті нәрселердің бәрін де даяр түрде гүлденген табиғаттан 
тауып алады. Табиғат адамды жас бала сияқты әлпештейді. Ол теле-
дидардан көрсететін «Баунти» жарнамасындағы көрініс сияқты. Адам 
ұйқылы-ояу, оған еш нәрсені ойлап шығару тіпті де қажет емес. 
Ал енді солтүстіктегі артта қалған халықтарды алсақ, ондағы 
табиғаттың қаталдығы соншалықты, бүкіл адамдардың бірлесе жасаған 
іс-әрекеттері мен күш-қуаттары тек өмірде тірі қалуға ғана жетеді, 
сондықтан айнала қоршаған қатал табиғатты өз еркіне көндіруге 
мүмкіндіктері болмай қалады.
Тіпті алысқа кетпей-ақ, арғы бабаларымыздың өмір салтына 
көз жіберсек, мыңдаған жылдарға өзгермей созылған көшпенділік 
дәстүрінің өзі Сарыарқаның қатал табиғатынан шықпай ма?
Сондықтан қоғамның дамуына жақсы жағдай табиғаты жұмсақ, 
суы мол, бірақ еңбек етуді талап етіп, оның қайырымы мол жерлерде 
дамыды. Олай болса, алғашқы көне цивилизациялардың жұмсақ таби-
ғаты бар ұлы өзендердің жағасында орналасуы – заңды нәрсе. Олар – 
Тигр мен Ефрат, Ганг пен Инд, Хуанхе мен Янцзы өзендерінің екі 
ортасы, Нилдің бойында т.с.с. жерлерде дүниеге келіп, дамыды.
Мыңдаған жылдардың шеңберінде адамзат өндіргіш күштерді 
дамытып, айнала қоршаған ортаны қаншалықты өзгерткенмен, 
табиғат өзінің ішкі тұрақтылығын сақтап, щаруашылық қоқыстарын 
өз мүмкіндіктерін пайдаланып қорытып, қайтадан өз бойына сіңіріп 
отырды. Тек тарихқа Жаңа дәуір келіп, қалалар күрт өсіп, мыңдаған 
зауыттар мен фабрикалар миллиондаған тонна өндіріс қоқыстарын 
қоршаған ортаға шаша бастаған кезде, табиғаттағы экологиялық тепе-
теңдіктің бұзылып жатқаны байқалды. Адам қоршаған ортаны өз еркіне 
көндіріп, оны қайта құру жолында тез дами бастады. Алғашқы кездерде 
табиғатқа жасалған жаралар тіпті байқалмады, оған қоғамдық сана да 
көп көңіл бөлген жоқ-ты.
Табиғат пен қоғамның арасындағы ахуал әсіресе ХХ ғ. күрт өзгере 
бастады. Оның ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін 
өндірісте кеңінен қолданып, соның негізінде қоғамдық-материалдық 
байлықты өсіріп, адамдарға жақсы жағдай жасау әрекетінен шығатыны 


574
сөзсіз. Бір жағынан, адам өз шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелілігін 
күрт өсірді, оның тұрмысы жақсарды, орташа өмір ұзақтығы да 
біршама өсті. Екінші жағынан, тек өз қамын ойлау, табиғатты тек қана 
белгілі бір ресурс, шикізат ретінде пайдалану өзінің теріс салдарларын 
өмірге әкелмей қоймады. Табиғаттың жүйелі ұйымдасқанын ескермей, 
оның кейбір элементтерін өзгерту айнала қоршаған ортаның сапа-
сын төмендете береді. Өзінің мақсаттарын іске асырудағы қоғамның 
алғашқы жоспарлары мен нақтылы өмірдегі өзгерістердің салдар-
лары жер мен көктей болып, үлкен қайшылықтарға әкеледі. Адам өз 
шаруашылық іс-әрекетінің алыс болашақтағы салдарларын (көбіне 
теріс) көп жағдайларда ескере алмайды. Тек бірнеше ғана мысал 
келтірейік. Соңғы 100 жылда ауадағы көмірқышқыл газдың үлесі 20%-
ға дейін өсті, теледидар мен радионың дамуы жер бетіндегі метрлік 
толқындағы радиосәулелерді 1 млн. есе өсіріп, Күндегі радиосәуле-
лермен теңестірді. Қоршаған ортада миллиондаған тонна улы зат-
тар айналымда. Тек қана 1 тонна мұнай теңізге төгілгенде 12 шаршы 
шақырым кеңістікті жауып кетіп, оның астындағы тіршілікті құртады 
екен. Қоршаған ортаны ластаудың нәтижесінде ананың организмінде 
мутациялар болып, туа мүгедек балалардың саны бүкіл жер бетінде 
жыл сайын үрейлі түрде өсуде.
Әсіресе экологиялық ахуал бұрынғы Кеңес Одағында қатты бұзылды. 
Капиталистік қоғамдық жүйемен жарыс барысында алып өндіріс 
ошақтары жоспарланып салынғанда, оның әкелетін экологиялық сал-
дарларына мән берілмеді. Тек қана бірер мысал келтірейік. Кремльдегі 
қартайған партия олигархтары 60 жылдары күріш пен мақта өндіруде 
дербестік дәрежеге жетуді көздеген дақпырт ойды басшылыққа алып, 
Амудария мен Сырдария суын Өзбекстан мен Қазақстанның шөл дала-
ларына ағызды. Соның нәтижесінде 30 млн. жыл бойы өмір сүрген 
Арал теңізі құрып, ширек ғасырдың шеңберінде экологиялық апат осы 
аймаққа келіп жетті. Орталық Қазақстанның әйгілі киігі Байқоңырдан 
ұшырылатын ракеталардың жағатын уға толы жанармайының салдары-
нан толығынан құрып кету жағдайында. Семей аймағындағы радиация 
мыңдаған адамдардың өмірін қысқартып, іс жүзінде, халықты жаппай 
қыратын зұлматқа әкеліп жатыр. Мұндай деректердің санын жүздеп 
келтіруге болар еді. Оның көпшілігімен оқырман да таныс шығар.
Соңғы жылдары ешқандай ғылыми зерттеулерсіз-ақ жер бетіндегі 
ауа райының өзгеріп жатқанын байқауға болады. Теңіз бен мұхитқа 
жақын елдер неше түрлі цунами, тайфундардың зардабын көруде. 
Аляскадағы мұхит жағалауындағы қалашықтар су астында қалып, 
көшірілуде. Орта Азия мен Қазақстанның ауа райы да өзгеріске 
түсуде. Әсіресе аянышты жағдай Африка континентінде байқалуда. 


575
Ал бұл деректердің өзі экологиялық мәселелердің бүкіл адамзаттың 
мүдделеріне әсерін тигізетінін көрсетеді. Оның негізгі себебі ауаның, 
өзен мен теңіздің суларының ұлттық шекарасының жоқтығынан 
шығады. Егер бір жер ластанса, ауа мен су арқылы ол басқа жерлерге 
де тарайды. Сондықтан бүкіл адамзаттың басы бірікпей, экологиялық 
мәселелерді шешу мүмкін болмай отыр.
Бұл арада бүгінгі таңда кейбір мемлекеттердің жақын арадағы 
ұлттық мүдделері мен адамзат арасында қайшылықтар пайда болуда. 
Мысалы, Бразилия тез қарқынмен дамып, Сельвадағы (ну орман) құнды 
ағаштарды қырқып, босаған жерлерге кофе плантацияларын отырғызып 
жатыр. Ал атмосфераға оттегін беретін – мұхит пен теңіз, Сібір мен 
Сельвадағы ну ормандар. Яғни ол Бразилияға пайда әкелгенмен, бүкіл 
адамзат мүддесіне қайшы келеді. Сол сияқты, Каспий теңізіндегі 
мұнайды Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мемлекеттері аса тез қарқынмен 
игеруде. Ал Каспийдің мұнайдан тыс биологиялық байлығы 500 млрд. 
доллардан асады. Сондықтан Каспийдің табиғи байлығын құртып алу 
үрейі осы арада тұрып жатқан халықтарды алаңдатуда.
Соңғы жылдары бүкіладамзаттық деңгейге көтерілген бірнеше 
ғылыми конференция (Рио-де-Жанейро, Киото, Буэнос-Айрес) өтіп, 
жақсы шешімдер жасалды. Бірақ, өкінішке қарай, олар орында-
лып жатқан жоқ. Мысалы, Киото конференциясында анықталған 
атмосфераға шығаратын улы лас түтіннің мөлшерін қысқарту шешімін 
АҚШ – көш басындағы дамыған ел – орындамай отыр. «Ол біздің 
ұлттық мүддемізге қайшы келеді», – дейді олар. Мұндай жағдайда 
экологиялық мәселелерді шешу қиын шаруаға айналмақ.
Табиғат пен қоғам арасындағы қайшылықтарды шешу жолында 
қоғамдық санада, негізінен, екі пікір қалыптасты. Біреуі – сциентистік 
(ғылыми), екіншісі – антисциентистік, гуманитарлық бағыттар.
Сциентистік бағыттың өкілдері – бүгінгі адамзат ғылым мен 
техниканың дамуының алғашқы сатысын ғана бастан кешуде. Жас 
кезінде неше түрлі бала ауруларынан өтіп есейген адам сияқты, 
болашақта неше түрлі экологиялық қайшылықтардан өтіп, адамзат 
сол ғылым мен техниканың дамыған сатысында барлық мәселелерді 
шешуге мүмкіндік алады, сондықтан экологиялық үрейлерден 
қорықпау керек деген оптимистік өміршеңдік пікір ұстауда.
Екінші антисциентистік бағыт – барлық экологиялық қайшы-
лықтардың түп-тамырын ғылым мен техниканың дамуынан көріп, 
оларды құмыраның ішінен шығып кетіп, адамның өзіне, бүкіл 
тіршілікке үрей туғызып отырған жынға теңейді. Сондықтан олар жаңа 
өндіріс кешендерін салуды дереу тоқтату керектігі, әйтпесе тіршілік 
әлемі оның қысымын ары қарай көтере алмайтыны туралы пікір 
айтады.


576
Бұл пікірлердің сыңаржақтығын, бір қарағанда, байқауға бола-
тын сияқты. Біріншіден, ғылыми-техникалық революцияны тоқтату 
мүмкін емес, оның өзіне тән даму заңдылықтары бар. Керісінше айту – 
адамдардың шығармашылық еңбегін тоқыратуға тең, онда адамдардың 
өмірінің мән-мағынасы, оның басқа тіршіліктерден негізгі ерекшелігі 
жойылар еді. Екінші жағынан, жаңа ғана дамып келе жатқан елдерге 
өндіріс кешендерін салмаңдар деу олардың мәңгі артта қалуымен тең 
бағаланып, іс жүзінде үлкен қайшылықтар тудырып, ондай шешімдерге 
ешбір ел құлақ салмас еді.
Біздің ойымызша, шындық осы екі пікірдің ортасында болса керек. 
Қазіргі дамыған бай елдердің тәжірибесі энергияны аз қабылдайтын, 
экологиялық таза технологияларды өмірге енгізіп, көп мәселелерді 
шешуге болатынын дәлелдеп отыр. Алайда біз мынаны ұмытпауымыз 
керек. Қазіргі дамыған елдер іс жүзінде, көп экологиялық зияндықтары 
бар шикізат өндірісін жаңа ғана дамып келе жатқан елдердің үлесіне 
өткізіп, өздері аса биік технологиялық дәрежеге көтерілген өндірісті 
ұстап отыр. Сондықтан олардың өндіретін заттары басқаларға қарағанда 
ондаған есе қымбат. Тағы бір естен шығармайтын нәрсе – байлықтың 
күрт өсуіне байланысты тұтыну қоғамы пайда болып, тойымсыздыққа, 
соның негізінде бақталастыққа жол ашылды. Егер осы жолмен барлық 
елдер дамыса, онда адамзат тіршіліктің ішіне кіріп, соны құртып 
жатқан қатерлі ісікке айналады. 
Бұл айтылған ойлардан шығатын бірауыз сөз – ол қазіргі адамзаттың 
рухани тоқыраудан тезірек шығуы қажеттігі, Батыс технократизмі мен 
сциентизмінің болашағының жоқтығы, бұл жолда адамзаттың бірде-бір 
негізгі мәселелерінің шешілмейтіндігі болса керек.
Біздің ойымызша, бұл жолда көшпенділердің тарихи тәжірибесі 
қазіргі адамзатқа ауадай қажет сияқты. Қазақ санасында «қанағат» 
ұғымы үлкен орын алады. Өмір бағытына келер болсақ, онда баба-
ларымыз «алудан» гөрі «болуды» биік ұстаған. Біздің ойымызша, 
Қазақстан кезекті тарихи жаңару сатысында бүкіладамзаттық өрлеу 
үдерісіне сай келу, экологиялық мәселелерді шешу үшін жаңа техноло-
гияларды игеріп қана қоймай, олардың жаңа түрлерін тудыра алатын 
дәрежеге көтерілуі қажет. Ол үшін жоғары білім беру саласы, ғылым 
мен техниканың дамуы жаңа дәрежеге көтерілуі керек. Сонымен қатар 
жалаң еліктеушіліктен арылып, өз жеріміз, еліміз, руханиятымыздың 
ерекшеліктерін ескере білуіміз қажет. Қазақстан тіпті де Бразилия, я 
болмаса Оңтүстік Корея, Австралия емес. Адамның өмір сүру құны 
бізде біршама қымбат, өйткені жылына жеті ай бойы от жағу қажет. 
Біздің елімізге шикізат өндірісіне ғана шетел қаражаты келуінің себебі 
де осында. Қолдағы байлықты бағалай біліп, оны әртүрлі деңгейде 
өңдеп сатудың тиімділігі анағұрлым артық. Ол үшін отандық іскерлер 


577
тобының қорланған қаражаттарын біріктіріп, ұлттық экономиканың 
әлсіз жақтарына жұмсау қажет. 
Ерекше атап өтетін кемшілік – Батыстағы тұтыну қоғамының 
үлгілеріне тамсана қарап, соған еліктеу болып отыр. Бұл жолда 
біз сәтсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Біріншіден, біз оларды қуып 
жеткенімізше, олар бір орында тұрып қалмас. Екіншіден, материалдық 
тәндік-сезімдік өмір жолында өз руханиятымыздан жұрдай болып 
қалуымыз мүмкін. Үшіншіден, «Мерседес» мініп, уланған, жараланған 
аянышты табиғатымыздың ортасында масаттанып жүргеніміз бізге 
лайықты болмас.
Сондықтан табиғат пен қоғамды өзара үйлесімді дамыту үшін біз 
болашақта өзіміздің рухымызға негізделген жаңа өмірдің сапасын 
тудыруымыз қажет. Яғни адамға керек негізгі қажеттіліктер толығынан 
өтелуі керек. Олар: ішетін таза су, дем алатын таза ауа, сапалы тамақ, 
барлық адамдар пайдалана алатын биік дәрежедегі білім беру және 
денсаулық сақтау, мәдениет, спорт жүйелері т.с.с. Оның сыртындағы 
байлық табиғатты тазартуға, оны аялауға жұмсалуы қажет. 
Бүгінгі таңда аса керекті нәрсе – табиғаттың, яғни болашақ 
ұрпақтардың құқын заң жүзінде қорғау болмақ. Өйткені адамның 
өзі – табиғаттың ең әсем гүлі, ол адам арқылы ғана өз-өзін сезініп, 
түсіне алады. Табиғатты бүлдіретін де, оны аялайтын да – адам. 
Олай болса, сапалы жасалған қатаң экология заңдары қажет. Әсіресе 
шикізат өндірісіне қойылатын экологиялық талаптар өте қатаң болуы 
керек, өйткені олар – қоршаған ортаны ластауға негізгі «үлес» қосады. 
Өндіріске енгізілетін бірде-бір кешен экологиялық талаптарды орында-
май, іске қосылмауы керек.
Соңғы – халықтың экологиялық санасын биік деңгейге көтеру. Ол 
жұмыс мектеп табалдырығынан басталып, барлық ұжымдарда жүйелі 
түрде жүргізілуі қажет. Күнбе-күнгі ақпарат құралдарында бұл мәселе 
өз орнын тауып, қоғамдық сананың өткір мәселесіне айналуы қажет.
Жас дос, қорыта келе, сіз де өз Отанын, оның сұлу да қатал 
табиғатын жан аямай қорғайсыз ғой деп сенеміз.
Үшінші – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет