Серік Мырзалы философия оқу құралы


халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру



Pdf көрінісі
бет449/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру 
мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де 
«функционалдық надандықта» болуы мүмкін. Яғни ол компьютерлік 
технологияларды меңгеріп, жұмыс істей алмайды. Олай болса, білім 
беру мәселесі де жаһандану үдерісінің негізгі қиындықтарының біріне 
айналып отыр. Екінші жағынан, надандықтың демографиялық мәселені 
шешуге де кедергі тудыратыны белгілі. Дүниежүзілік тәжірибе «отба-
сын жоспарлау» тек сауатты, салауатты да білімі жоғары елдерде ғана 
іске асатынын көрсетеді.
Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үдерісінің негізгі 
мәселелері ретінде 
денсаулықты сақтау
мәселесін атауда. Өйткені 
бүгінгі таңда адамзаттың қоршаған ортаны түбегейлі өзгертуі және 
адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты 
анықтап отыр. Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан 
қан кету, ЖИТС, қатерлі ісік т.с.с. «цивилизация ауруларын» келтіруге 
болады. Егерде дамыған елдердегі аурулардың көбі тамақты көп ішу, 
жүріп-тұрудың (қозғалыстың) аздығы, шылым шегу, тәндік-сезімдік 
өмір бағытын ұстаудағы жолда байлықты өсіремін деп жүйкені тоз-
дыру смяқты себептерден болса, дамып келе жатқан елдерде қоршаған 
ортаның ластануы, баспана қиындығы, ішетін ауызсу сапасының 
төмендігі, туберкулез, трахома, малярия т.с.с. «әлеуметтік ауруларды» 
тудырады. Жаһандану үдерісі миллиондаған адамдардың бір елден 
екіншіге, бір континенттен келесіге көшіп-қонуына әкеліп жатыр. 
Сондықтан жұқпалы аурулар бүкіл әлемге кеңінен тарап, адамзаттың 
үрейін туғызуда…
Жаһандану мәселелерін шешу жолдарын зерттеуде, негізінен, екі 
бағыт қалыптасты. Олар: технооптимизм (болашақ жарқын) және тех-
нопессимизм (болашақ қасіретті).
Технооптимистік көзқарастар 
өз мәресіне ХХ ғ. 60 жж. жетті. 
Ол кезде ғылыми-техникалық революция (ҒТР) жетістіктерін кеңінен 
өндірісте пайдалану қарқын алған болатын. Дж.Гелбрайт, Р.Арон 
т.б. ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы «бұқаралық нарықты» 


580
тудырып, болашақта Жер бетіндегі барлық халықтарға тамаша өмір 
әкеледі деген ой тастады. 80 жж. Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер сияқты 
ғалымдар «ғылымның негізгі өндіргіш күшке» айналуына байла-
нысты, барлық жер бетінде қорланған мәселелерді компьютерлік тех-
нологияларды өмірге енгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Алайда 
жақын арада-ақ ҒТР-дың теріс салдарлары да айқындала бастады. Көп 
елдер экологиялық дағдарысқа ұшырады. Шикізат қорларының шексіз 
еместігі анықтала бастады. Дамыған елдер мен артта қалған елдердің 
арасында қайшылық өсе бастады т.с.с. Әрине, бұл теріс өзгерістер 
технопессимистік көзқарастарды тудырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет