113
салмағымен анықталады. Августин айтқандай: сүй, сонда ғана не
істегің келсе де, жасай бер!
§ 3. Схоластикалық философия. Фома Аквинский
Патристикалық философия христиан дінінің негізгі қағидаларын
жүйеге келтіріп, ХI ғасырға қарай діни философияның екінші сатысына
өтуге жағдай жасады. Патристиканың мистикалық жағы жаңа жағдайда
көп ойшылдарды қанағаттандырмай, Тертуллианның жоғарыда келтір-
ген нақыл сөзі басқаға «credo ut іntellіgam» (сенемін түсіну үшін) ауы-
сады.
Құдайға сену бұрынғыдай бірінші орында болса да, қазір одан кейін
білім қойыла бастайды. Негізгі мақсат – құдіретті аян арқылы берілген
ұғымдардың мазмұнын анықтау, ақыл-ой елегінен өткізу, бір-бірімен
үйлесімді түрде ұштастыру т.с.с.
XI-XII ғасырларда алғашқы рет
Достарыңызбен бөлісу: