Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет130/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Жасушалық терапия
7- тарауда айтылып кеткендей, фуллерендерді дәрі-дәрмектерді 
тапсырылған емдеу орнына дейін тасымалдау үшін пайдаланып, 
қосалқы әсерлерді азайтуға болады. Оларды жасушаның өзіндік 
беттік рецепторларына сәйкес келетіндей етіп жасауға болады. Фул- 
лерендер аурулардың «жолын кесуші» ретінде әсер ете алады, яғни 
иммундық жүйеге сәйкес болады. Осындай дәрі-дәрмектер көмегімен 
СПИД, қатерлі ісік, артрит және көптеген басқа да ауруларды емдеу 
болжанып отыр.
Бүгінгі таңда сезімтал микрочиптер мен ДНҚ антибиотиктер мен 
бүтін организм арасындағы реакцияны тіркей алады. Нанотүтікшелер 
көмегімен бұл биочиптер 
1 0 0
мың есе көп химиялық тестерді 
анағұрлым жоғары жылдамдықпен орындай алады.
Нанобағыттағы техника
Аса ұсақ нанотүтікшелер көмегімен медициналық мақсатта адам 
терісін ауыртпай тесуге болады. Бұл күніне бірнеше рет қан талдау- 
ларын өткізетін емделушілер үшін өте маңызды (мысалы, II топтағы 
диабетпен ауыратындар үшін).


ТһегаҒше, Іпс. компаниясы фармацевтикалық және биологиялық 
сұйықтарды адам денесіне енгізу және белгілі орынға жеткізу 
жұмысымен айналысады. 
2 0 0 1
жылдан бастап бұл компания сұйық 
дәрі-дәрмектер егудің өте аз көлемдерін дәл өлшеуге арналған жүйелер 
жасаумен айналысып отыр (мысалы, жаңа туылған емделушілерге 
инъекция арқылы дәрі-дәрмектердің нақты өте аз көлемін енгізу 
жиі керек болады). Бүгінде компания мамандары диабеттен зардап 
шегетіндер үшін теріге арнайы жапсырма жасауға тырысып жатыр. 
Олардың көмегімен қанға талдау жасалынады, глюкоза мөлшері 
анықталынады және қажет болған жағдайда инсулин инъекциясы 
енгізіледі. Сайып келгенде, диабетті емдеу үдерісі, әсіресе, балалар 
үшін едәуір оңайлайды.
Биологиялық қауіптер
Нанотехнология биологиялық қауіптерді анықтауға сезімтал 
жүйелер құруға мүмкіндік береді. Мысалы, арнайы нанотехнологиялық 
әдістер көмегімен сібір жараларының спораларын айқындауға бола­
ды. Бұрында жасалынатын ұзақ мерзімді және қиын жұмыстар спора- 
ларды ыдырату және оның ДНҚ-ын анықтаумен байланысты болған.
NапоIпк, Іпс. (Чикаго, АҚШ) компаниясы аса кішкентай "қалам" 
көмегімен сібір жарасының сызықтары мен өрнектері бар суретін 
сала алатын сібір жарасын анықтау технологиясына лицензия алған. 
Компьютерлер көмегімен оюларды бағдарламалау арқылы спорамен 
байланысты оюларды анықтауға болады. Дәл осы қағида NапоIпк. 
Іпс. компаниясының технологиясының негізі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет