Ґазаґстан республикасы ¦ылым жўНЕ


ПРОФЕССОР Қ. ЖҰБАНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ, ПЕДАГОГТЫҚ



Pdf көрінісі
бет11/71
Дата14.02.2023
өлшемі1,19 Mb.
#168791
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Байланысты:
k.k.zhubanov-gylymi-enbekterinin-1

 
ПРОФЕССОР Қ. ЖҰБАНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ, ПЕДАГОГТЫҚ
ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ОЧЕРК 
 
Қазақ халқының аяулы азаматтарының бірі, есімі тарихта мәңгіге 
қалған біртуар тұлға, қазақ лингвистикасының теориялық негізін 
салушылардың 
бірі, 
қазақ 
филологиясының 
тұңғыш 
профессоры 
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов болатын. Ол қазақ филологиясы 
саласындағы алғашқы ғалымдардың кӛшбасшысы ретінде қазақ тілі 
білімінің ғылыми негізі қаланып, қалыптасып, дамуына ерекше үлес қосқан 
тума талант, дарынды лингвист-ғалым еді. ХХ ғасырдың бас кезеңі, яғни 
ғалым еңбек еткен 30-жылдары қазақ тіл білімі саласындағы алғашқы 
проблемалар қазақ алфавиті мен орфографиясын жасау, қазақ жазуын араб 


12 
графикасынан латын әліпбиіне кӛшіру, қазақ дыбыстарының саны мен 
фонемалық мәнін анықтау, оларды акустика-артикуляциялық жағынан топқа 
жіктеу, сӛзді лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай таптастыру 
критериін анықтау, қазақ тіліндегі әрбір категорияға анықтама беру, қазақ 
терминологиясының ғылыми принциптерін белгілеп, қазақ терминдерін 
жасау, қазақ тілінің алғашқы ғылыми оқулықтарын жазу т.б. жұмыстарды 
ғылыми деңгейде зерттеп-шешу профессор Қ.Жұбановтың үлесіне тиді. 
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1899 жылы 19 желтоқсанда дүниеге 
келді. Әкесі Қуан шағын дәулетті, шаруа қуған еңбек адамы болған. Жұбан 
әулетінің аталастары Темір уезінің қазіргі Ақтӛбе облысындағы Темір-
Орқаш болысына қарасты 9-ауылдағы Қосуақтам деген жерді жайлап-
қыстайтын. 
Әкесі Қуан 1919 жылы күзде 47 жасында сүзектен, келесі кӛктемде 
оның інісі Тәпен (Тәңірберген) дүние салды. Еншісі бӛлінбеген екі үйдің 
барша жанын асырап, қамқоршы болу бұғанасы қатпаған 20 жасар 
Құдайбергеннің басына түседі. Білім-таным деңгейі жоғары, жаңа орнап 
жатқан саяси-әлеуметтік құрылысты мейлінше қостаған Құдайберген 
Кеңестік жүйені нығайту ісіне де қызу кіріседі және белсене ат салысады. 
19181920 жылдары кӛлденең Темір болыстық Совдептің әуелі хатшысы, 
кейін тӛрағасы болып, ал 1922-1925 жылдары Темір уездік атқару 
комитетінің мүшесі болып сайланады.
Қ.Жұбанов бұл кезеңде мынадай қызмет атқарған: 1923 жылдың 
желтоқсанынан 1925 жылдың қыркүйегіне дейін темір уездік халық ағарту 
бӛлімінде инспектор болып істейді. Кӛп ұзамай 1925 жылы қыркүйек айында 
оны губерния орталығы Ақтӛбеге алдырады. Ол 1928 жылдың желтоқсанына 
дейін губерниялық ағарту бӛлімінде инспектор-методист болып істейді және 
Ақтӛбе қаласында ашылған педтехникумның (осы күнгі педколледж) 
мұғалімі болады.
Білім мен қажыр Құдайбрген Жұбановты әрі қарай ілгері бастай береді: 
ол 1928 жылдың жазында Ленинградтағы Енукидзе атындағы Тірі шығыс 
тілдері институтын бас-яғы жарты жыл шамасында экстерн ретінде 
тәмамдап, тілші-түрколог дипломын алып қайтқаннан кейін оны сол 1928 
жылдың соңында жоғары білімді тәжірибелі методист, әрі ағарту ісін жақсы 
білетін практик-педагог ретінде Қазақстанның сол кездегі астанасы 
Қызылордаға алдырып, Республикалық халық ағарту комиссариатына 
қызметке тағайындайды.
1929 жылы Қ.Жұбановты Қазақстанның астанасы Алматыдағы алғашқы 
кезде қазақ университеті деп, кейіннен ҚазПИ болып аталған, осы күнгі Абай 
атындағы ҚазМУ-дің түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы 
кафедрасына ғылыми қызметкер етіп шақырылады да, 1929 жылы тағы да, 
Ленинградтағы Енукидзе атындағы Тірі шығыс тілдері институтының 
«Түркологиялық семинар» деп аталатын бӛліміне аспирантураға жіберіледі. 
«Түркологиялық семинарда» Қ.Жұбанов 1929 жылдың ақпанынан 1930 


13 
жылдың қыркүйегіне дейінгі жыл жарымдай уақыт ішінде оқып, шығыстану 
ғылымының негіздерімен танысады, тілдерді зерттеу әдістерін үйренеді, әр 
типтегі тілдерден мағлұмат алады.
Қазақ мемлекеттік университеті басшылығының ұйғарымымен 
Қ.Жұбанов 1930 жылдың қазан айында Ленинградқа қайта сапар шегіп, 
КСРО Ғылым академиясының Тіл және ойлау институтына (қазіргі «Тіл 
білімі институты») академик Н.Я.Марр басқаратын «Яфетидологиялық 
семинардың» аспиранты болып қабылданады. Мұнда ол академик 
С.Е.Малов, И.И.Мещанинов, В.А.Богородицкий, Е.Д.Поливанов т.б. сияқты 
бұл күнде есімдері дүние жүзіне мәлім кӛрнекті ғалымдардан дәріс тыңдап, 
лингвистиканың теориялық жаңа деңгейлерін игереді. 
Ол аспирантураны 1932 жылы аяқтап, Алматыға оралады. Болашақ ұлы 
ғалым мұнда ӛз ұшқан ұясы – Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орны – 
алғашында университет атанып, кейін қазақтың мемлекеттік педагогикалық 
институты – ҚазПИ болып аталған оқу орнына лингвистика кафедрасының 
меңгерушісі болып қызметке тұрады. Кӛп ұзамай, 1932 жылғы 1 қазанда 
Қ.Жұбанов қазақ тілі мен әдебиетінің біріккен кафедрасының меңгерушісі 
болып тағайындалады. Қ.Жұбановтың профессорлық қызметі осылай 
басталады. Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры 1937 жылдың 19 
қарашасына дейін осы қызметін абыройлы атқарып, қазақ тіл ғылымына 
ерекше еңбек сіңіреді. Аз ғұмыр, қысқа уақыт ішінде қазақ филологиясына 
қайталанбас мл үлес қосып, қомақты мұра қалдырған талантты ғалымның 
еңбектері 1937 жылдан кейін жарық кӛрмей, 20 жыл бойы жұртшылық 
назарынан сырт қалады. Әйтсе де, мұндай замана лаңынан туған саяси 
кедергілерге қарамастан қазақ тіл білімінің майталман зерттеушісі 
Құдайберген Жұбанов есімі бүгінде халқымыздың мақтанышына айналды. 
Абзал азамат нахақтан «халық жауы» атанып, ғылыми еңбегін жариялауға 
ширек ғасырға жуық (1937-1957) уақыт бойы тыйым салынып келсе де, оның 
замандастары, шәкірттері, ӛзін кӛрмесе де, ғылыми мұрасы арқылы таланты 
мен тағлымын таныған кейінгі буын ӛкілдері ғұлама есімін қастерлеп, ардақ 
тұтатыны, ғылыми-творчестволық туындыларының інжу-маржандарынан 
сусындайтыны кӛп ұзамай-ақ мәлім болды. 
Профессор Қ.Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап 
шұғылдана бастады. Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындары үшін 
қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жасап, оқулықтар мен әдістемелік 
құралдар жазды. Сондай-ақ, оның «Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының 
материалдары» 
(1-том), 
«Фонетика»(орыс 
тілінде), 
«Қазақ 
тілі 
фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе», «Қазақ тілінің ғылыми курсы 
жӛнінен лекциялар», «Буын жігін қалай табуға болады», «Қазақ тілінде 
біріккен сӛздің жазылуы», «Қазақ сӛйлеміндегі сӛздердің орын тәртібі», 
«Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан», т.б. іргелі ғылыми 
жұмыстары қазақ тіл білімін қалыптастыруға қосылған елеулі үлес болды. 20 
ғасырдың 20 – 30-жылдарында Жұбанов қазақ халқының рухани-мәдени 


14 
ӛмірінде саяси-әлеуметтік, халықтық мәні зор проблемалардың бірі – жазу, 
емле, термин мәселелерімен де шұғылданды. 
КСРО Жоғарғы сотының Әскери коллегиясы ғалымды азаматтық 
тұрғыдан ақтап, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті оның партия 
мүшелігін қалпына келтіргелі де қырық жылдан асып барады. Ӛр тұлғалы 
оқымыстыны ӛз халқымен қайта табыстырған М.Әуезовтің, А.Жұбановтың, 
Ғ.Мүсіреповтің, 
І.Кеңесбаевтың, 
М.Балақаевтың, 
М.Қаратаевтың, 
Р.Сыздықованың т.б. елуінші жылдардағы мақалаларынан кейін де ол 
туралы қаншама материалдар жарық кӛріп, зерделі де тың еңбектер 
жзылды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік мемлекеттік университетінде
«Жұбанов тағылымы» атты халықаралық ғылыми конференциясы 10 рет 
ұйымдастырылып, дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Зор таланттың, үлкен 
қабілеттің, білімнің арқасында Құдайберген Қуанұлы Жұбанов ӛзі ӛмір 
сүрген қысқа уақыттың ішінде қазақ тіл білімінің әр саласынан құнды-құнды 
ғылыми еңбектер жазып, қазақ тіл білімінің ғылыми негізін қалауға қомақты 
үлес қосты. Кейінгі кезеңде белсенді қарастырыла бастаған тіл білімінің 
әлеуметтік лингвистика, психо лингвистика, когнитивті лингвистика т.б. 
салаларына қатысты алғашқы деректер де Қ.Жұбанов еңбектерінде кӛрініс 
тапқандығы бүгінгі зерттеушілер тарапынан айтылып отыр. Қ.Жұбанов 
туралы, оның азаматтық келбеті, ғылымдағы орны туралы, жазылған жақсы 
лебізге толы мақалалар ӛте кӛп. Әр кезде жазылған осындай ғылыми 
танымдық және тағылымдық мәні зор мақала авторлары ретінде тілші 
ғалымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ы.Маманов, Ә.Қайдаров. 
Р.Сыздық, Н.Оралбаева, Қ. Есенов, Б.Әбілқасымов, Т.Жанұзақов, Б.Хасанов, 
М.Серғалиев, Ӛ.Айтбаев, Н.Уәлиев, Ә.Жүнісбеков, Ж.Манкеева т.б. және 
әдебиет саласының мамандары М.Әуезов, М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, 
Х.Есенжанов, Б.Кенжебаев, М.Мырзахметов, т.б. есімдерін атап кетуге 
болады. Ғалым еңбектері туралы педагогика, философия, тарих, саясаттану 
т.б. сала мамандарының айтқан құнды пікірлері де ӛз алдына бір тӛбе деуге 
болады. Қ.Жұбановтың ғалымдық және азаматтық биік тұлғасын танытқан 
елеулі монографиялық еңбектер қатарында ғалымдар Р.Сыздық, Б.Хасанұлы, 
М.Қ.Жұбанова, А.Тайжанов пен Б.Аханов, К.Кенжебаев пен Ә.Оралбай, 
Ж.О.Тектіғұл, Н.А.Садуақас, М.О.Миров, Ф.Е.Терекова, Ж.И.Сұлтан, 
М.Қ.Жазықова авторлығымен жарияланған басылымдарды атап 
кӛрсетпекпіз. Кейінгі кезде, 1994-2009 жылдар аралығында профессор 
Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасы бойынша зерттеушілер Ж.О. Тектіғұл 
«Қ.Жұбанов және қазақ тілі тарихи грамматикасының проблемалары», М.О. 
Миров «Профессор Құдайберген Жұбановтың ұлттық ғылым тілін 
жасаудағы ролі», Н.А.Садуақас «Профессор Құдайберген Жұбанов 
еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің фонологиялық негіздері», 
А.Қ. Омарова «Профессор Қ.Қ.Жұбановтың етістіктер туралы ғылыми 
еңбегі, оның ғылымның кейінгі дамуына ықпалы», Ә.Оралбай 
«Қ.Жұбановтың 
публицистикасы», 
М.Қ.Жазықова 
«.Қ.Жұбановтың 


15 
әдістемелік мұрасы», Ф.Е.Терекова «Языковая личность К.Жубанова 
социолингвистическое 
освещение», 
Ж.И.Сұлтан 
«Тілтанымдағы 
антропологиялық парадигманың Қ.Жұбанов мұраларындағы кӛрінісі» т.б. 
тақырыптарда ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациялар 
қорғады. Сонымен қатар Қ.Жұбановтың еңбектеріндегі қазіргі жалпы тіл 
білімінің мәселелері бойынша зерттеу жүргізу алдағы күндердің 
еншісіндегі жұмыстар болып табылады. Ал магистр-аға оқытушы Әлия 
Ұлықпанова ғалымның әдеби шығармашылық мұрасы туралы зерттеумен 
шұғылданып жүр. Ғалым Қ.Жұбановтың әулеті туралы айтар болсақ, ғалым 
ұрпақтары да әке жолын жалғастырған елге танылған ғалымдар болды. 
Кезінде белгілі ғалым, профессор Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың 
әкесінің туған жері-Ақтӛбедегі жоғары оқу орындарында еңбек етіп, осы 
аймақтың ғылымын дамытуға сүбелі үлес қосқаны баршаға аян. 
Қ.Жұбановтың кенже ұлы, Асқар Жұбанов, бүгінде қазақ тіл білімінде 
статистика, корпустық лингвистика саласындағы ғылыми еңбектерімен 
танымал ғалым болып отыр. Ал ата ізімен ғылым жолын қуған немересі
Ардақ Есетқызы Жұбанова – ағылшын тілі маманы, филология ғылым-
дарының кандидаты, доцент. Қазіргі таңда профессор Құдайберген 
Жұбанов есімін иеленген Ақтӛбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы ӛңірлік 
мемлекеттік университеті де еліміздің жоғары оқу орындарының алдыңғы 
қатарынан кӛрініп, тума талант есімін таныта түсуге үлес қосып отырғанын
атап айтуға болады. Бүгінде кӛрнекті ғалымның есімі мен ғылыми еңбектері 
қазақ халқымен, оның тілімен бірге мәңгі жасай беретінінде еш күмән жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет