3
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ тілін ана тілі ретінде, мемлекеттік тіл ретінде меңгеруші кӛпшілік
назарына ұсынылып отырған бұл биобиблиографиялық кӛрсеткіш
қазақ
тілінің теориялық негізін қалаушылардың бірі, ұлттық филологиямыздың
тұңғыш профессоры Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың лингвистикалық,
тарихи-мәдени мол мұрасын халық арасында
кеңінен таныстыруды мақсат
тұтады. Қазақ тіл білімінің дүниеге келуі мен оның қалыптасуына белсене
араласып, бар ӛмірін, күш-жігерін отандық ғылымға сарп еткен ерекше
дарын иесі, ірі оқымысты әрі қоғам қайраткері Құдайберген Жұбановтың
ғылыми мұрасы кейінгі ұрпаққтың рухани байлығы болып табылады.
Кітаптың
алғашқы
бӛлімінде
тума
талант,
ғалым-педагог
Қ.Қ.Жұбановтың ӛмірі, қызметі мен ғылыми
шығармашылығына қатысты
және оның есімін мәңгілік есте қалдыруға байланысты атқарылған жұмыстар
туралы айтылса, келесі бӛлімдерде оның тӛл шығармалары, зерттеу
еңбектері жӛніндегі деректер мен мәліметтер белгілі бір хронологиялық
тәртіппен жүйелі түрде берілген. Анықтамалық кӛрсеткіште
профессор
Қ.Жұбановтың ӛзі кезінде баспаға тапсырған, бірақ түрлі себептермен
баспадан шықпай жоғалып кеткен бірсыпыра еңбектеріне бірқатар
сілтемелер жасалған.
Құдайберген Қуанұлының кеңестік дәуір кезеңінде мерзімдік баспасӛз
бен әртүрлі басылымдарда
жариялаған ғылыми мақалалары, журналистік-
публицистикалық, жазушылық шығармалары және оның редакторлығымен
ӛткен ғасырдың 30-шы жылдарында жарық кӛрген кітаптар аты мен
Қ.Жұбановтың ғалымдығы,
азаматтығы, мемлекеттік-қоғамдық істердегі
қайраткерлігі жӛнінде әр кезеңде жазылған монографиялар, мақалалар мен
естеліктер, «Жұбанов тағылымы»
атты халықаралық, республикалық және
аймақтық
ғылыми-теориялық,
ғылыми-практикалық
конференциялар
материалдары осы анықтамалықта түгелге жуық қамтылған.
Есімі ел есінде мәңгі сақталар біртуар тұлғаның шығармашылығына
бағдар жасауға арналған биобиблиографиялық кӛрсеткішті дайындау
барысында ғалымның ӛмірі
мен қызметіне, ғылыми шығармашылығына
байланысты соңғы жылдары баспадан шыққан «Қ.Жұбанов. Қазақ тілі
жӛніндегі зерттеулер» (2010ж.), «Қ.Жұбанұлы. Қазақ тіл білімінің
мәселелері» (2013ж.), т.б. академиялық
жинақтары мен мерзімдік
баспасӛзде бүгінге дейін жарияланған мақалаларға оқырман назарын аудару
қажеттігі де айрықша ескерілген.
Ұлы дарын иесі Қ.Жұбановтың ғалыми, тарихи-лингвистикалық, әдеби,
мәдени бай мұрасын уақыт талабына сай асқан ұқыптылықпен игеруде және
оны жан-жақты оқып-үйренуде, «жолсеріктік» қызмет атқаратын, ӛскелең
жастардың ана тілін білуге деген ынтасын арттыратын бұл кӛмекші құрал тіл
4
білімінде профессор Жұбанов жасаған жүйені кәсіби тұрғыдан меңгеруде
кім-кімді де үлкен жетістіктерге жеткізері сӛзсіз. Бұл кӛрсеткіш
«Жұбановтану» зертханасында дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: