Ґазаґстан республикасы ¦ылым жўНЕ



Pdf көрінісі
бет5/71
Дата14.02.2023
өлшемі1,19 Mb.
#168791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
k.k.zhubanov-gylymi-enbekterinin-1

1933 ж. – 1937 ж.
20 қараша.
Қазақ КСР Халық Ағарту 
Коммисариатының Коллегия мүшесі, программа, оқулықтар бӛлімінің 
меңгерушісі, мемлекеттік терминология комиссиясының председателі, 
Мемлекеттік терминком бюллетенінің бас редакторы.
Коммунистік партия қатарына ӛтті.
1934 ж. 
Профессор атағына ие болды. КСРО Ғылым академиясының 
қазақ филиалы ашылғанда, ол әуелі тіл білімі секторының меңгерушісі, кейін 
«Ұлттық мәдениет институтының» фольклор секциясы біріктіріліп, ол «тіл 
әдебиет секторының» меңгерушісі болды. «Қазақ тілінің академиялық 
сӛздігінің» бас редакторы болды.
Қазақ әдебиетінің классигі Абайдың қайтыс болғанына отыз жыл ӛтуіне 
байланысты жазған «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген мақаласы 
танымдық жағынан маңызы аса зор тартымды да ӛзекті еңбек болды. Мұның 
ӛзі қазақтың әдебиеттану іліміне қосылған үлкен үлес-олжа болды. Мақала 
Абай ӛлеңдерінің ӛзгеден озық тұрған ерекшелігін тап баса кӛрсетіп берді. 
Абайдың халық тілін шеберлікпен пайдалана біліп, жаңалыққа оза шапқан 
оқшау тұрған даралығын ғалым айқын дәйектермен дәлелдеп шықты. 
1935 ж. 
Қазақстандық ұлт мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының 
Ғылыми кеңесінің мүшесі. «Қазақстанның 15 жылдығы» атты Құрмет
белгімен наградталды. XVI Бүкіл ресейлік Советтер Съезіне делегат. 
Қазақстан Орталық Атқару комитетінің мүшелігіне (Каз ЦИК) сайланды. 
Бүкіл Одақтық жаңа әліпби Орталық комитетінің Қазақстандық мүшесі.
1936
ж. 
СССР Ғылым Академиясының қазақстандық филиалы – 
лингвистика секторының меңгерушісі, қазақ тілінің Академиялық сӛздігінің 
бас редакторы, Қазақ филиалы Ғылыми советінің және Президиумы мүшесі.
Қ.Жұбанов орта мектептің 5-7 кластарының қазақ тілі оқу 
бағдарламасын түзді. Бұл бағдарламада құрмалас сӛйлемнің синтаксисі 
жӛніндегі кӛзқарасы баяндалған. «Қазақ сӛйлем мүшелерінің орны 
тарихынан» деген кітабы баспадан шықты. Бұл кітабында қазақ тіліндегі 
сӛйлем мүшелерінің тарихын басқа түркі тілдерінен бӛліп қарамай, ӛзі еркін 
игерген түркі халықтары тілдерін бір-бірімен байланыстыра зерттеп, тарихи 
салыстырмалы әдісті шебер қолданды. Бұл еңбегімен Жұбанов қазақстандық 
түркітану ғылымының қалыптасуына зор үлес қосты. «Қазақ музыкасында 
күй жанрының пайда болуы жӛнінен» (1936) деген зерттеуінде «ән, би, 
бақсы, жыр, домбыра, күй, қобыз, сыбызғы, толғау» сӛздерінің 
этимологиясын ашу арқылы қазақ музыка мәдениетінің тарихы ертеден 
басталатынын кӛрсетті. 
 1937 ж.
Одақтың, Академияның қазақ филиалының президиум 
мүшелігіне сайланды. Халық комиссарлары советінің қаулысымен 
Академияның Үлкен ғылыми кеңесінің мүшесі болды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет