1937 ж. 19 желтоқсан. Қ.Жұбанов «халық жауы» деген жаламен
Алматы қаласындағы түрмеге қамауға алынды.
1938 ж .
25 ақпан. « Халық жауы» деген жала жабылып, ату жазасынан
құрбан болды.(Осы қаралы күні талай боздақтың құрбан болғаны, қазақтың
біртуар перзенттерін жазықсыздан жаппай атуды бастаған алғашқы күн
болғаны тарихта белгілі).
1957 ж. 3 қазан. Қ.Жұбановты айыптаған іс қайта қаралып, КСРО
Жоғарғы соты Соғыс коллегиясының жаңа шешімі бойынша оған тағылған
айып «негізсіз» деп танылып, жазықсыз жапа шеккен ғалым есімі
ақталады.
1958 ж. 22 ақпан. Оның адал коммунист деген атағы қайтарылды.
1989 ж., 19 желтоқсан. Алматы қаласында Профессор Құдайберген
Жұбановтың 90 жылдығына арналған ғылыми конференция ӛткізілді.
1990 ж. 23 ақпан. Республика Министрлер Кеңесінің № 72 қаулысымен
Ақтӛбе пединститутына проф. Қ.Жұбанов аты беріліп, Ақтӛбе
пединститутының саңлақ студенттері үшін профессор Қ.Жұбанов атындағы
атаулы стипендия тағайындалды. Атаулы стипендияның алғашқы иегері –
қазақ филологиясы факультетінің 2-курс студенті К.Қ.Садирова.
1990 ж. Жұбанов Құдайберген. Шығармалары мен естеліктер. –
Алматы: «Ӛнер» баспасы, 1990.
1991 ж., қазаннан бастап Ақтӛбе университетінде дәстүрлі «Жұбанов
тағылымы» ғылыми-теориялық конференция ӛткізіліп келеді.
1992 ж. «Жұбановтану» зертханасы құрылды. «Жұбановтану» атты
арнаулы пән жүргізіліп келеді.
1994 ж., қазан. Ақтӛбе университетінде дәстүрлі «Жұбанов тағылымы»
ғылыми-теориялық конференция ӛткізілді.
1994 ж. Университет оқытушысы Ж.О.Тектіғұл Жұбановтану
проблемалары бойынша алғаш рет кандидаттық диссертация қорғады.
1995 ж . Университетте 10.02.19 – жалпы тіл білімі мамандығы
бойынша аспирантура ашылып, университеттің екі жас оқытушысы
М.О.Миров пен Н.А.Садуақас аспирант болып қабылданды. Оларға Есет
Жұбанов ғылыми жетекші болып бекітілді.
1996 ж. Алғашқы профессор академиялық атағына университет
ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы К.К.Кенжебаев және
филология ғылымдарының докторы Е.Қ.Жұбанов ие болды.