Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2015. 09. 04 №186 БҰйрығына 3-Қосымша



Дата22.08.2017
өлшемі139,31 Kb.
#23944

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2015.09.04 № 186 БҰЙРЫҒЫНА 3-ҚОСЫМША

Дата: 10.03.2017 12:36:25


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 9 сәуірдегі

186 бұйрығына 3-қосымша

 

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау»



мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз



 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.



Өтініштер қабылдауды жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:



1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 3 ай;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 минут.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурстық негізде екі кезеңде өткізіледі: жоғары оқу орнының ішінде және республикалық.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - құжаттарды қабылдау және тұлғаның аты-жөнін, мөртабан, кіріс нөмірі және күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру, сондай-ақ жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын тағайындау туралы куәлікті беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын тағайындауға үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштерінің мәліметі;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі;

4) ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы;

5) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

6) жеке куәлік көшірмесі;

7) карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.

 

 



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік
органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына береді.

Шағымның қабылданғандығын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орның көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі мен аты-жөні, пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып


қойылатын өзге де талаптар

 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Министрліктің Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, www.edu.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған.

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»



атағына құжаттарды кабылдау және тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына



1-қосымша

 

Нысан



 

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына


қатысушының өтінімі

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу үшін.



Маған конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

 


1.

Жұмыс орны

 

2.

Туған күні, айы, жылы

 

3.

Лауазымы

 

4.

Жұмыс өтілі

 

5.

Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді)

 

6.

Ғылыми дәрежесі/атағы

 

7.

Индексі көрсетілген үйінің мекен-жайы

 

8.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖИН)

 

9.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)

 

10.

Марапаттаулары, көтермелеу

 

 

Қосымша: Конкурсқа қатысу үшін құжаттар ______ п, оның ішінде қосымша ____ п.

 

Конкурсқа қатысушы



____________________________________________________________________

(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

 

Толтырған күні



201__ жылғы «    » ______

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»



атағына құжаттарды қабылдау

және тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге үміткерлердің жұмысын бағалаудың сапалық және


сандық көрсеткіштері

 




Көрсеткіштер

Балдар

Негізгі сипаттамасы

1

2

3

4

1.

Соңғы 5 жылдағы әзірлеу және басып шығару (атқарылған жұмыстың көлемі көрсетілген жеке өзі немесе бірлестік авторлық)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулық

 

1.2 Монографиялар:

 

1.3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу құралы:

 

1.4 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары:

 

1.5 ЖОО-ның оқу кеңесі ұсынған оқу құралдары:

 

1.6 Белгіленген тәртіппен бекітілген электрондық оқыту құралдары:

 

1.7 Жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

2.

Соңғы бес жылда оқу процесіне енгізілген инновациялық оқыту технологиялары

 

2.1 Жаңа оқу пәндерін әзірлеу, оның ішінде авторлық пәндер:

 

2.2 Оқытудың инновациялық технологияларын немесе оның элементтерін әзірлеу және енгізу (қолданылған технологиялардың сипаттамасын енгізу актісін қоса ұсыну):

 

2.3 Дәрістік материалдардың және өзге де интерактивті режимдегі сабақ түрлерін таныстыруды әзірлеу және қолдану (таныстыруларды ұсыну):

3.

Соңғы жылы интерактивтік режимде ашық сабақ өткізу, оның ішінде шет тілдерде базалық және/немесе бейінді пәндер бойынша (бір тармақты белгілеу)

 

Басшылардың және оқытушылардың сабақтарға келу нәтижелері бойынша баға:

3.1 жоғары деңгей:

3.2 орта деңгей:

(әр ашық сабаққа хаттама ұсынылсын)



4.

Соңғы бес жылда студенттің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарына басшылық ету (қажетті тармақты белгілеу)

 

4.1 Сіздің басшылығыңызбен дайындалған пәндік олимпиадалардың жеңімпаз-студенттерінің саны:

4.1.1 халықаралық деңгейдегі:

4.1.2 республикалық деңгейдегі:

4.1.3 жоғары оқу орны деңгейіндегі:



 

4.2 Сіздің басшылығыңызбен дайындалған ғылыми-зерттеу және студенттердің шығармашылық жұмыстарының жеңімпаз-студенттерінің саны:

4.2.1 халықаралық деңгейдегі:

4.2.2 республикалық деңгейдегі:

4.2.3 жоғары оқу орны деңгейіндегі:



 

4.3 Сіздің басшылығыңызбен дайындалған конференциялардың және басқа да жарыстардың жеңімпаз-студенттерінің саны:

4.3.1 халықаралық деңгейдегі:

4.3.2 республикалық деңгейдегі:

4.3.3 облыстық және қалалық деңгейдегі:

4.3.4 жоғары оқу орны деңгейіндегі:


5.

Соңғы жылы «Оқытушы студенттер көзқарасымен» тәуелсіз сауалнама нәтижесімен бірге анықталатын оқыту сапасы тармақты белгілеу)

 

Жоғары баға бергендер:

5.1 сұралғандардың 90% және одан да жоғары:

5.2 сұралғандардың 70%-дан 89%-ға дейін:

5.3 сұралғандардың 50%-дан 69%-ға дейін.

5.4 сұралғандардың 50%-ға дейінгі үлесі:


6.

Күндізгі бөлімнің білім алушыларының үлгерімі (бір тармақты белгілеу)

 

Соңғы оқу жылында барлық пәндер бойынша күндізгі бөлімде оқып жатқандардың орта балл үлгерімі:

6.1 4-тен 5 балға дейін:

6.2 3,5-тен 4 балға дейін;

6.3 3,0-ден 3,5 балға дейін;

6.4 3,0-ден төмен:


7.

Соңғы үш жылдағы ұйымдастыру жұмысы

(7.2 тармақта бір тармақты белгілеу)



 

7.1 Кеңестердің, комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының жұмысына қатысу:

7.1.1 республикалық деңгейде:

7.1.2 өңірлік деңгейде:


 

7.2 Эдвайзер ретінде жұмыс атқару, бекітілген студенттер саны:

7.2.1 100 және одан жоғары:

7.2.2 50-ден 99-ға дейін:

7.2.3 50-ге дейін:



8.

Соңғы үш жылдағы тәрбиелік жұмыс

 

Білім алушыларды адамагершілік-отансүйгіштік және дене тәрбиесі тұрғысынан қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды іске асыру:

8.1 республикалық деңгейде:

8.2 өңірлік деңгейде:


9.

Академиялық, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы (бір тармақты белгілеу)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестаттау комитеті (бұдан әрі - ЖАК) немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСРО) ЖАК бекіткен ғылым докторы немесе профессор

 

Комитет немесе Қазақстан Республикасының ЖАК немесе бұрынғы КСРО ЖАК бекіткен ғылым кандидаты немесе доцент, PhD докторы

 

Магистр

10.

Соңғы бес жылдағы жылдардағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу

 

10.1 Халықаралық жобалар:

 

10.2 Республикалық жобалар (іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер):

 

10.3 Шарттық жұмыстар:

11.

Соңғы бес жылдағы ғылыми жетістіктері

 

11.1 Жарияланымдар:

11.1.1 рейтингі бар ғылыми басылымдарда (импакт-фактормен)

11.1.2 Комитет тізбесіне енгізілген басылымдарда:

11.1.3 Қазақстан Республикасының басқа басылымдарында:

11.1.4 өзге елдердің ғылыми басылымдарында:


 

11.2 Хирша индексінің бар болуы:

 

11.3 Кәсіптік және педагогикалық біліктілікті арттыру:

11.3.1 алыс шетел конференцияларында:

11.3.2 таяу шетел конференцияларында:

11.3.3 Қазақстан Республикасы аумағындағы семинарларда, халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда:

11.3.4 республикалық конференцияларда, симпозиумдар, семинарларда және т.б.


 

11.4 Патенттер және алдыңғы патенттер, авторлық туындылар, зияткерлік меншік объектісінің мемлекеттік тіркелуінің болуы:

12.

Соңғы бес жылда ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау

 

Даярлау:

12.1 ғылым докторларын:

12.2 ғылым кандидаттарын, Ph.D докторларын:

12. 3 магистрларды:



 

Қорытынды жоғарғы балл:

 

 

 

«Жоғары оқу орнының үздік

оқытушысы»

атағына құжаттарды қабылдау

және тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

 

Нысан


 

 

Жылдық жұмыс-жоспарының кестесі

 




Жұмыс түрлерінің атауы

Көрсетілген жұмыс түрін іске асыруға негіздеме

Іске асыру мерзімі

басталуы

аяқталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурсқа қатысушы ___________________________________________________



(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

 

Толтырған күні



20__ жылғы «    » __________

 

 



 

 

 



 


Каталог: file
file -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
file -> Астрономия Мазмұны
file -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
file -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
file -> Расул гамзатов
file -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
file -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
file -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
file -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет