5
Түркі
тілдес республикалардың жаңа әліпбиге кӛшуіне арналып, 1925 жылы
Мәскеуде ӛткізілген кеңеске қатысып, онда сӛз сӛйледі. Жаңа әліпбиді енгізу
мәселелерімен айналысқан Әзірбайжан ғалымы Ағамалы оғлымен жиі хат
жазысып тұрды. 1927 жылдан бастап Жұбанов Санкт-Петербургтегі орыс
ғалымдарымен байланыс жасады. Түркі тілдерін зерттеуші академик
А.Н. Самойлович, шығыстанушы В.В. Бартольд, тілші ғалым А.В. Щерба,
т.б. еңбектерін алдырып оқыды.
1928 ж.
Қызылордада жаңа латын алфавитіне кӛшу жӛніндегі Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті шақырған
ғылыми-орфографиялық
конференцияға қатысты.
1928 ж.
Осы жылдың жазында Ленинградтағы Енукидзе атындағы тірі
Шығыс тілдері институтын жарты жыл шамасында экстерн түрінде
тәмамдап, тілші-түрколог дипломын алды.
1928 ж.
Осы жылдың соңында Қазақстанның сол кездегі астанасы
Қызылордаға шақырылып, республикалық
халық ағарту комиссариатына
қызметке тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: