Кафедрасы


Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы



Pdf көрінісі
бет67/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108
Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы
— биологиялық алуан түрлілікті 
сақтау жөніндегі халықаралық келісім. 1992 жылы Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта 
жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 
мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды.
Қазақстанның конвенцияға қосылуы. 
Қазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана қосылды. 
Қазақстанның экожүйесі ерекше. Қазақстанда ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық 
маңызы бар құстар болып табылады. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 
түрі Қызыл кітапқа енген. Биоалуантүрлілікті сақтап қалудың тиімді шарасы ерекше 
күзетілетін табиғи аумақтар құру болып табылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
туралы 
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдеде №175
Заңында 
қарастырылған (2 бөлім, 18 тарау, 85бап).
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-
мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк 
экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, 
қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды 
реттейдi.
Конвенцияның негізгі ережелері. 
Конвенция өзара қарым-қатынастағы жақтар алдына 
үш негізгі мақсат қояды: 1. Биологиялық алуандықты тұрақты пайдалану; 2. Оның құрамдас 
бөліктерін тұрақты қолдану; 3. Генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты 
пайданы ақиқатты түрде және тең негізде алу. 
Биоалуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық 
құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы, Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы, 
Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау 
бағдарламасы және т.б енген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет