Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет166/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

скваттерстволы қ 
айла-тәсілді қолдануымен 
ерекшеленеді. Басқа отаршыл ұлттар жаулап алған 
мемлекеті үстінен отырып, қарулы күшпен билік 
жүргізсе, Ресей отаршылдары да осылай етті. Бұған 
қоса ең сенімді жол жергілікті халық пен орыстар- 
ды араластырып жіберетін 
водворение 
саясатын 
жүргізді.
Ресейдің отаршыл үкіметі бұратана халықтарды 
шоқындырып, орыстандырып жіберу саясатын жүзе- 
ге асыруды Святой Синодқа тапсырды. Ап Свя- 
той Синод бұл аса күрделі идеологиялық жұмысты 
жүзеге асыруды миссионер ғалымдарға тапсырды. 
Егер бұратана халық екілі шоқындырылса, міндетті 
түрде оның аты-жөні өзгертіліп, орысша қойылатыны 
белгілі жайт. Миссионерлер халықтың тарихи жадын 
жоғалтып, өшірудің шешуші жолы, олар пайдаланып 
келген ұлттық жазу таңбасын орыс жазу таңбасына


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
307
алмастыру деп білді. Екіншіден, ол халықтың діни 
нанымын өзгерту оның ұлттық наным-сенімінен, 
ұлттық әдет-ғұрпынан, яғни ділінен қол үздіруге 
әкелмек. Сонда ғана Ресей империясы біртұтас 
саяси организмге айналмақ. Мұндай жағдайда 
жеке кісі есімдері де орыс антропонимдеріне бой 
алдырмақ. Бұл салаға орыс миссионерлері бар 
күшін салып бақты. Тіпті, Ыбырай Алтынсариннің, 
Әліби Ж ангелдиннің езін өз атымен атамай, орысша 
қойылған атымен атап, хат жазғанда да сол атпен 
әспеттеуінің астарында көп нәрсе сыр бүгіп жатыр. 
Ертеде орысша оқып, патшалық қызмет орындарын- 
да отырған шала қазақтар да өз аты-жөнін өзгертуге 
кетары емес-ті.
Ресей империясы отарланған түрік халықтары- 
ның ішінде қазақтарға өте сақтықпен қараған. 
Өйткені түрік халықтарының ішінде саны жағынан 
ең көбі және жер көлемі мен жерасты байлығының 
теңдесі жоқ көп болуы, оған қоса ұлттық санасының 
тез от алып өрлеп кетуге жақын тұруы оларды қатты 
сескендірген. Сескенген соң бұл халықты рухани 
жағынан ақсатуға, реті келсе тез шоқындырып оры- 
стандырып жіберуге шешуші мән берді. Өз ата діні 
мен соңыра енген ислам дініне фанатик еместігі 
бұларды тез арада орыстандырудың іргетасына 
айналарын да миссионерлер ертерек танып, әре- 
кетке кірісті. Бұл жолда біршама жетістікке қолы 
жетті, қазақша кісі есімдері орыс антропонимдерімен 
шұбарлана бастады. Бірақ патша отаршылдары 
көздеген басты армандарына жете алмай кетті...
Кеңес 
өкіметі 
орнығып 
алысымен 
патша 
отаршылдарының шоқындыру саясатын терістеп,


308


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет