орыстандырылды?
жүзіндегі көрінісінің бір белгісі - текстің ғылыми
басылымы», - болып табылады.
Әрбір кезеңде өмірге келген жаңа ұрпақ алдын-
да өткен айтулы классиктердің шығармаларын
жаңадан басылымға әзірлеу және оның ғылыми
негізде даярланған толық жинағын құрастыру
үстінде текстологиялық зерттеулер жүргізбей тұра
алмайды. Өйткені ез заманында жазушы шығарма
тексіне әр түрлі саяси-әлеуметтік жағдайларға орай
езгерістер енгізіп, тіпті кей тұстарын қысқартып,
автоцензура жасауға мәжбүр болатын жағдайға
да ушырайды. Сондықтан шығарма тексінде орын
алған текстологиялы қ өзгерістердің болмысын
танып, сырын анықтауға, оның орын алу себебі мен
тарихын ашуға келгенде, жазушы шығармасының
түпнүсқасы мен бірнеше қайтара басылым көрген
нұсқаларын салыстырмай отыра алмаймыз.
Мұндайда шығарманың түпнұсқасын баспа бетін-
де жарық көрген барлық нұсқаларымен тұтас салыс-
тырып барып, екі арадағы айырмашылықтардың
сыры анықталады. Яғни заманында жазушының
айтайын деген ойын толықжеткізуге, ашып көрсетуге
жағдайы болмағандықтан, оған автоцензуралық
тәсілді қолдануға мәжбүр ететін саяси-әлеуметтік
жағдайлар қысым жасайды. Мұның басты себебі:
елімізде жеке басқа табыну мен тоқырау жылдары-
ның кейбір буынды саяси-әлеуметтік мәселелері,
әсіресе, Қазақстанда заман шындығын айтып,
мағынасын ашып, басты себебін танып білуге
қызмет ететін «...бұқаралық информация құралдары
қатаң бақылауға алынды, кейбір проблемалар-
ды жазуға тыйым салынды, сынауға болмайтын
/'а с Мырзахметұлы «Казақ қалай орыстандырылды?»
аймақтар... пайда болды» (Социалистік Қазақстан.
1 9 8 8
, 19 тамыз). Бұның, әсіресе, қазақ халқының
өткендегі рухани тарихына байланысты молырақ
орын алғанын ұлтшыл деп таңбаланған ақын-
жазушылар шығармашылығының тағдырынан айқын
көреміз. Мысалы, осы іспеттес мәселелердің ең
қатты тыйым салынған, тіпті, ауызға алып сынауға
болмайтын салаларының бірі - патша үкіметінің
мүддесі
тұрғы сы нан
ж үргізілген
отарланған
елдердегі бұратана халықтарды рухани қыспаққа
алған миссионерлік саясатқа байланысты проблема-
лар болатын-ды.
Бұл мәселе өте күрделі, нәзік сырлары мол
саяси-идеологиялық астарлы проблемаларды қам-
титындықтан, қазақ ақын-жазушыларының көркем
туындыларында, зерттеу мақалаларында біршама
сөз болып, нақтылы түрде көрсетілді де. Бірақ бұл
құбылыс негізінен отызыншы жылдардан бастап
сталиндік репрессияның құрбандықтары болған,
яғни атын атауға тыйым салынған Әлихан Бөкей-
ханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров, С. Асфен-
дияров, Ж үсіпбек Аймауытовтар мен жартылай
ақтаңдақтарға айналған Дулат, Мұрат, Шортан-
бай т.б. туындыларында нақтылы көрінісін берді.
Ал олардан кейінгі буын болып саналатын ақын-
жазушылар шығармаларында бұл мәселе сөз
етілмеді десе де болғандай. Бірлі-жарымы шет
жағалап сөз етіле қалған тұстың өзінде, алмағайып
тағдырға ұшыраудан сескеніп, ат үсті жанама дерек
ретінде жай ғана сипай қамшылап айтылып отырған
ерекшелікті кереміз. Бұлардың қатарына Мұхтар
8
Ел калай о р ы с т з н д ы р ы л д ы ?
Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы мен Ш. Мұртаза-
ның «Қызыл жебе», М. Д. Симашконың «Қоңырау»,
Жайсаңбек Молдағалиевтің «Таза булақ» романда-
ры жатса, соңғы кезде бұл топқа Ғалым Ахметовтың
«Ескі достар» деп аталатын әңгіме-естеліктері
келіп қосылған. Осы туындылардың қатарындағы
М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында ғана
ушырасатын
бір
автоцензуралы қ
құбылыстың
бірегей тарихи астарын ашып түсінудің айтарлықтай
танымдық мәні мен тәрбиелік өнегесі жас ұрпақ үшін
аса қажетті нәрсе. Өйткені қазақ кеңес әдебиетінің
классикалық туындысы «Абай жолы» эпопеясы
Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтың жүлдегері
болғанымен, XX ғасырдың ұлы туындысы деп
танылған эпопеяның жеке басқа табынудың ызғарлы
желі есіп тұрған кезде жазылуы себепті, эпопеяда
аса зерек зерттеушілер болмаса, көп оқырманның
тани білуінің өзі екіталай терең су асты қуатты
ағымдары, астарлы проблемалары да баршылық.
Автор өзінің тар жол, тайғақ кезеңге толы өмір
жолында танып білген кейбір шындық болмысының
қабаттарын өз қалпында суреттеп беруден бой тар-
тып, кейде тезистік желіде, бірде автоцензуралық
тәсілге салып беруге ықтиярсыз келген тұстары да
ұшырасуы заңцы құбылыс.
Автоцензуралық тәсілді қай жазушы болса да
жетіскенінен қолдана бермейді. Мысалы, атақты
неміс ақыны Иоганнес Р. Бехер езінің эстетикалық
ой-танымдарын жинақтаған «Опыты» деп атала-
тын қолжазбасы басылып, гранкісі келгенде, КОКП
XX съезі қорытындыларынан туған жеке адамға
табыну туралы сыншыл ойларының біразын сызып,
; «Қазак
қалай
ор ы с т а н д ь ір ы л д ы ? »
қ ы с қ а р т ы п ,
өзіне-өзі цензура жасап шығарғаны бар.
И о га н н е с
Р. Бехердің автоцензурасы өзі қайтыс
болған соң бұрынғы ГДР-де «Зюга унд форм» жур-
налында жарияланды.
Мұхтар Әуезовте де өз ойында қорытып
с о м д а л ға н
өмір шындығының аса күрделі көрінісін
сол қалпында дәл бере алмауы себепті, ойларының
е ң ө з е к т і
деген тұстарын қалдырып, оқырман қауымға
«ымды білмеген дымды білмейді» деген меңзеумен
ғана білдіретін астарлы қабаттар бар. Бұларды жазу-
шы шығармаларын текстологиялық тұрғыдан зерт-
тей келіп, канондық тексін қалыптастыру үстінде
зерттеуші ғалымдар мәселеге аса сергек қарап тал-
дай отырып ашпаса, кез келген кісі оған даярлықсыз
бара алмайды.
Автоцензура немесе самоцензура деп атала-
тын әдеби тәсілді жазушы, көбінесе, өзі сурет-
теп отырған кезеңнің бар шындығын сол қалпында
баяндап
беруге,
белгілі
бір
кезеңнің
саяси-
әлеуметтік талабына орай ашық айта беруге жол
берілмеген тұста қолдануға мәжбүр болады. Осы
тұрғыдан қарағанда Мұхтар Әуезовтің бүкіл сана-
лы шығармашылық өмірінің шыңы болған басты
туындысы - «Абай жолы» эпопеясы жан-жақты
алдын ала терең даярлықпен келіп жазылғанның
өзінде автоцензуралық тәсілді қолдануында елеулі
мән-мағына жатыр деп қарау керек. М. Әуезовтегі
автоцензураның қолданылу тарихы мен оның аса
тереңде жатқан саяси-әлеуметтік иірімдегі түп
теркіндерін терең ашып танудың мән-мағынасы
тікелей тарих тағылымы бастауында жатыр.
Не себепті М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының
|