аралас
мектептерге
ерекше мән беруі. Тіпті, революцияға
дейінгі отарланған өлкелерде ашылған
аралас мек-
тептер
тарихына ой жүгіртсек те, кеп нәрсенің астар-
лы сырына қаныға түсеміз.
Патша үкіметі отарланған халықтарды орыс-
тандырудың шешуші кілті, нәтижелі құралы - ара-
лас мектеп немесе әр түрлі саяси-әлеуметтік
жағдайларға орай ашылып отырған мектептер түрі
мен кейбір кәсіптік оқу орындары болуы керек деп
түйді. Осы себепті патша үкіметі орыс емес халықтар
үшін мектептер ашқанда, оларды сауаттандырып,
Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ғылым-білімге тарту үшін емес, керісінше өздерінің
күнделікті саяси-әлеуметтік мұқтажына қызмет етер
төменгі дәрежелі қызметкерлер даярлау мақсатымен
ашып отырған. Бірақ осы іспеттес шет аймақтарда
ашылған мектеп атаулының бәрі де миссионерлік
мақсатты мықтап ұстағанын Ағарту министрлігі-
нің өте құпия деген белгі соғылған арнаулы
нұсқаулығында да аталып өткен. Онда: «...народ-
ное образование на окраинах русской державы
есть своего рода миссионерство... миссионерство
есть своего рода духовная война, воюющие сто-
роны никогда не разглашают своих планов», -
деп жазылып, өздері ерте бастан-ақ алдын ала
ойластырған әрі өте сақтықпен жүргізіп келген ағарту
жұмысындағы миссионерлік саясатын шама кел-
генше бұратана халықтардың алдыңғы қатарлы
өкілдеріне сездірмеуге тырысқан. Мектеп арқылы
жіңішкелеп еткізілетін миссионерлік әрекеттеріне
алдамшы жамылғымен бүркемелеп, елеусіз түрде
біртіндеп сіңіруге ұмтылған мақсаттының мән-
мағынасын осы құпия нұсқау әйгілеп тұр.
Патшаның отаршыл әкімдері қазақ даласын-
да ашылған оқытушылар семинариясы мен орыс-
түземдік мектеп дейтін аралас мектептер атаулының
бәрін
де
ш ам аларына
қарай
м иссионерлік
ағартушылық мақсатта ұстап отырған. Ал Ресей
патшалығына қазақтардан кейін қосылған бүкіл
Орта Азия халықтары арасында ашылған ара-
лас мектептердің бәрі де осы нұсқаулық талабы
тұрғысынан қызмет атқарғанын: «...в Туркестанском
крае был намерен держаться обрусительной поли-
тики при посредстве русской школы» («Народное
|