Мекемтәс Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
дыру саясатында аралас мектептің атқарар рөліне
ерекше мән беруінің белгілі сыры да болатын.
Мүның мәнісін 1863
жылы Перовскі уезінде қазақ
балаларына арналған мектеп ашылғанда, гене-
рал-губернатор фон Кауфманның өзі арнайы келіп,
орыс, қазақ балаларын араластырып оқытатын ара-
лас мектеп болуын талап еткен. Өйткені бала-
лар жастайынан
аралас мектепте оқыса, олардың
дүниетанымы
мен
м інез-құлқыны ң қалыптасуы
шоқындыруға бейім, өз халқының рухани тамырынан
қол үзіп, ұлт тағдырына селқос қарайтын деліқұлы
жандар шығатынын білгендіктен талап еткен. Кауф-
ман, әсіресе, қазақ қыздарын оқытуға шешуші
мән беріп, оларды
ана ретінде келешек ұрпақты
миссионерлік мақсат тұрғысынан тәрбиелеуші бесік
иесі деп қараған. Ал, бүгінгі күндерде Қазақстандағы
аралас мектептердің арғы төркіні - осы миссионерлік
мақсаттан туғанын, академик Аманошвили айтатын
ұлттық рухы, ұлттық ерекшелігі жоқ,
қазіргі кезде
айыпталып отырған, ұлттық тамырынан қол үзген
нигилистік пиғылдағыларды шығаратын жарымжан
мектептер екенін кебіміз біле бермейміз. Ғылыми
негізі дұрыс қойылмаған миссионерлік идеяның
жемісі болған аралас мектеп үлгісін интернациона-
лизмнің ұясы деп көкірек ұра желігетініміз бар.
Миссионер
ғалым дар
осы
бағдарға
орай
оқытушы кадрлар даярлау ісіне де айрықша мән
берген.
Бұл салада Мәскеу, әсіресе Қазанның руха-
ни академиясының орны белекше деп саналған.
Қазанның рухани академиясында арнайы мақсат
көздеп ашылған «мұсылмандыққа қарсы бөлімнің»
(противомусульманское отделение) тұңғыш кафедра