Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?:
51
академиясының жанынан 1847 жылы 2 маусым күні
арнаулы түрде «аудармашылар комитеті» құрылып,
оны Ильминский басқарды.
Православиелік рухтағы
діни кітаптардың Ресей империясындағы түрік тілді
халықтар тіліне аударылып таралуына, олардың мол
таралыммен жарық көруіне де Ильминский тікелей
ат салысып, басшылық етіп отырған. Ильминскийдің
бұл саладағы істерін оның өзі тәрбиелеп, үміт
еткен
шәкірттері қызу жалғастырып жатты. Мысалы, Федор
Демьянович Соколов - Ильминскийдің сенімді
шәкірті және Ыбырай Алтынсарин мектебінің ұстазы
болған. Оның 1893 жылғы 24 қарашада Орынбор
мен Орал облысының епископы Макариге жазған
мәлімдемесіне
назар аударсақ, ойламаған жағдайға
тап боламыз. Ф. Д. Соколов 1887-1892 жылдары
Торғай облысындағы екі кластық қазақ училищесі-
нің меңгерушісі қызметін атқарған. Ы. Алтынсарин
қайтыс болысымен Торғай облысындағы мектеп
инспекторы қызметін уақытша атқара бастады.
Ф. Соколов Ы. Алтынсаринмен 1886-1889 жыл-
дар аралығында жиі хат жазысып тұрған. Ыбы-
рай мектебінің өнегелі
оқытушысы ретінде таны-
лып, Ыбырайдың оған жазған бес хаты сақталып
қалған. Қазақтың тұңғыш журналистерінің бірі
М. Сералин - Ф. Соколовтың қолында оқып, шәкірті
болған. Ы. Алтынсарин қайтыс болған соң, оның
қызметін тікелей жалғастырып жүрсе де, о
бастағы
көздеген мақсаты миссионерлікжолға біржолата ауы-
сып кетеді. Николаевкідегі (бұрынғы Қостанайдың
аты) қалалық шіркеудің бас священнигі қызметін
атқаруға кіріседі. Өйткені бұл тұста Қазан қаласы
империяның миссионерлік саясатының орталы-