Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет24/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Ел қалай орыстандырылды?
орыс-түземдік деп аталатын аралас мектептер ашыла 
бастады. Бұл мектептің отаршылдық мүддеден туын- 
дайтын түпкі саяси-миссионерлік мақсаты бұратана 
халық балалары орыс оқушылармен неғұрлым ара- 
ласып оқыса, соғұрлым орыстандыру үрдісі де жыл- 
дамдайды деген танымға негізделген болатын.
Патша үкіметі қазақтар арасында, әсіресе, қыздар 
мектебін ашуға көңіл бөле бастады. Өйткені 1868, 
1872 жылдар ішінде қалмақ қыздары үшін мектеп 
үлгісін көптеп ашып, бұл әрекет шоқындыру, орыс- 
тандыру жолында аса пайдалы буын екендігіне іс 
жүзінде, тәжірибеде көзі жеткен миссионерлер енді 
қазақ қыздары үшін де мектеп ашу ісіне ықыластана 
кірісті.
4
.
М иссионер ғалым дарды ң елеулі мән берген 
мәселелерінің бірі - баспасөз арқылы миссионерлік 
идеяны таратып, насихаттау үшін арнаулы зерт- 
теу жинақтарын, газет, журналдар, аударма кітаптар 
шығарумен айналысу. Православие дінінің қасиетті 
кітаптарын қазақ тіліне аударып, оны нақтылы түрде 
насихаттау ісімен айналысты. Мысалы, 1860-1917 
жылдар арасында қазақ тіліне православие діні- 
нің 72 кітабы аударылып, таратылуы жай ғана 
нәрсе емес еді. Бұларға қоса 1861-1874 жыл- 
дар аралығында Ильминский, Катаринский, Алек- 
торов, Васильев, Воскресеньский, Левшин орыс 
алф авитімен жазылған кітаптар жазумен айна- 
лысты. 
Миссионер ғалы м дар негізінен право- 
славие дінін насихаттау үшін Қазанның рухани


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?:
51
академиясының жанынан 1847 жылы 2 маусым күні 
арнаулы түрде «аудармашылар комитеті» құрылып, 
оны Ильминский басқарды. Православиелік рухтағы 
діни кітаптардың Ресей империясындағы түрік тілді 
халықтар тіліне аударылып таралуына, олардың мол 
таралыммен жарық көруіне де Ильминский тікелей 
ат салысып, басшылық етіп отырған. Ильминскийдің 
бұл саладағы істерін оның өзі тәрбиелеп, үміт еткен 
шәкірттері қызу жалғастырып жатты. Мысалы, Федор 
Демьянович Соколов - Ильминскийдің сенімді 
шәкірті және Ыбырай Алтынсарин мектебінің ұстазы 
болған. Оның 1893 жылғы 24 қарашада Орынбор 
мен Орал облысының епископы Макариге жазған 
мәлімдемесіне назар аударсақ, ойламаған жағдайға 
тап боламыз. Ф. Д. Соколов 1887-1892 жылдары 
Торғай облысындағы екі кластық қазақ училищесі- 
нің меңгерушісі қызметін атқарған. Ы. Алтынсарин 
қайтыс болысымен Торғай облысындағы мектеп 
инспекторы қызметін уақытша атқара бастады.
Ф. Соколов Ы. Алтынсаринмен 1886-1889 жыл- 
дар аралығында жиі хат жазысып тұрған. Ыбы- 
рай мектебінің өнегелі оқытушысы ретінде таны- 
лып, Ыбырайдың оған жазған бес хаты сақталып 
қалған. Қазақтың тұңғыш журналистерінің бірі 
М. Сералин - Ф. Соколовтың қолында оқып, шәкірті 
болған. Ы. Алтынсарин қайтыс болған соң, оның 
қызметін тікелей жалғастырып жүрсе де, о бастағы 
көздеген мақсаты миссионерлікжолға біржолата ауы- 
сып кетеді. Николаевкідегі (бұрынғы Қостанайдың 
аты) қалалық шіркеудің бас священнигі қызметін 
атқаруға кіріседі. Өйткені бұл тұста Қазан қаласы 
империяның миссионерлік саясатының орталы-


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет