Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет32/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
тарды шоқындыру саясатын тоқтату мақсатымен 
киіз үйдің макетін алтыннан жасап, сый етіп тартуын- 
да көп нәрсенің астарлы сыры жатыр.
Патш аға 
жолығы п, 
тілегін 
айтқан 
Мақаш: 
«...Арты нан 
бізді 
ш оқы ңдырып, 
м үсы лм анды қ 
үлгіден айырмаңыз деп тілек қылдым. Жауабын 
хакім арқылы есітесің деді. Екінші жұманың сәрсенбі 
күні оң тілек тілеп жатқан бізге екі хакім келіп: «Патша 
саған резиденция салсын деп ақша бөлді», - деді. 
Осымен қайыр қош айтысты. Өтеғали екеуміздің 
көңіліміз күпті оралдық», - деуінен, патша сыйға 
қанша риза болса да, райынан, яғни мемлекеттік 
деңгейде аса маңызды мәселе ретінде қойылып 
отырған қазақтарды шоқындыру арқылы орыстанды- 
ру саясатынан қайта алмау сыры тереңде жатқанын 
аңғарамыз. Яғни патшалық құрылыс тұрғанда бұл 
саясаттан қайту болмайтынын ашық көрсетіп тұр.
Қазақ әдебиеті тарихындағы аса бір осал тұсы- 
мыз - Ильминский мен Ыбырай Алтынсариннің 
ара қатынасын шыншылдықпен сынай қараудың 
орны на тарихи 
шындықты 
бүркеп, 
бұрмалап, 
жалған таны м ны ң тұтқы нында қалып 
кетеміз. 
Яғни ащы да болса шындықты ашық айта алмай 
келеміз. Ы. Алтынсарин мұрасын зерттеуш ілер 
бұл қолдан жасалған ақтаңдақ мәселенің шын 
мәніндегі мағынасын ашудың орнына, одан сана- 
лы түрде айналып өтіп, ғылыми негізі жоқ жасан- 
ды ұраншыл ұғымдарды насихаттап келеді. Мыса- 
лы, қазақ зиялылары Ыбырай қазақтың орыс графи- 
касы негізіндегі жаңа алфавитін алғаш рет жасаушы 
деген жалған ұғымның шеңберінен де шыға алмай 
отыр. Бұл мәселе жан-жақты зерттелуі, саяси аста-


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ры бар қубылыстың түп төркінін сол кезеңнің тари- 
хи болмысымен тікелей байланыста ала отырып, 
ғылыми негізде шын бағасы берілмегі керек. Әрине, 
бүл үшін мүрағат қазынасын қайтара сын көзімен 
сүзе отырып, ғылыми түрғыдан талдау арқылы ғана 
шындықты айта аламыз.
Ы. Алтынсариннің отаршылдық мүдде түрғысы- 
нан ашылған Орынбордағы оқу орнында оқып, 
орыс тіліне терең жетіліп шыққаны оқырмандарға 
мәлім. Арманы - туған халқының көкірек көзін ашып, 
еуропалық білім беру, шүбарланып бара жатқан 
қазақ тілінің табиғатын таза сақтау жолында күрес 
жүргізді. Бірақсырттан еріксізтаңылған миссионерлік 
дүниетаным мен олардың педагогикалық жүйесін 
бойына дарытпады. Осы себепті де оның екі жақты 
саяси-әлеуметтік қыспаққа түскенін М. Әуезов: 
«...Он чувствовал двухстороннее давление от цер- 
ковников и мусульманства. Мусульмане считая, что 
он хочет крестить казахских детей, клеветали на 
него, а Ильминский, который официально помогал 
ему, был убежденный христианин-миссионер, уве- 
рял всех, что через эти школы скорее можно прове- 
сти свою идею обрусения казахов», - деп мәселенің 
түп тамырын дәл танып көрсеткенімен, бүл пікірі 
баспа бетіне шықпады.
Патша отаршылдары мен миссионерлер өздері- 
нің ағарту саясатын қаншалықты түлкі бүлаңға са- 
лып, 
культрегерлік 
жолмен 
бүркем елегенім ен 
бұратана халықтарды шоқындыру арқылы орыс- 
тандыру 
саясатына 
шошына 
қарады. 
Екінші 
жағынан, бұл жағдайды діндарлар да ушықтыра 
түсті. Мұны Қостанайдағы екі кластық аралас


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет