Ел қалай орыстандырылды?
Шынын айту керек, Ильминскийдің ресми түрде
көмектесе отырып, қатаң талап етуімен және Ағар-
ту министрі граф Толстойдың тікелей нақтылы түрде
тапсыруымен Ы. Алтынсарин ез кітаптарын Иль-
минский ұстанып келген ресми принципке орай
орыс алфавиті негізінде жазып шығаруға мәжбүр
болған. Ы. Алтынсариннің ісж үзінде қолданған орыс
алфавиті негізіндегі қазақ жазуы орыс алфавитін
өзгертпей сол қалпында алуды талап еткен Петер-
бург университетіндегі кертартпа ғалы м дарды ң
талабы
тұрғы сы нан
оры ндалғаны н
да
ұмыт-
пағанымыз жөн. Осы себепті Ыбырай мен Иль-
минский арасындағы қарым-қатынас көп жағдайда
диплом атияға құрылған өте нәзік әрі астарлы
қабаттары мол құбылыс екендігіне ерекше сын
көзбен қарап барып зер салуды талап етеді. Өйткені
Ильминский диплом атиялы қ жолмен Ы бырайды
өз мүддесіне, яғни миссионерлік жолға пайдалану
үшін қолынан келгеннің бәрін де істеуі, яғни саяси
сес керсетуі, саналы түрде қысым жасауы, мек-
теп ісіндегі мұқтаждығын пайдалануы, «қамқоршы»
болып көлгірсуі, ұстаз болып араласуы - бәрі де оны
уысынан шығармай пайдаланудың амал-айлалары
болатын-ды.
Ы. Аптынсариннің де өзінің ағартушылық мақ-
саты жолында қолында үлкен билігі бар, саяси
жағынан ресми үкіметке сенімді Ильминскийдің
миссионерлік танымын
бойына дары тпай
әрі
сенімсіздік тудырмай дипломатиялық жолмен пай-
далануды көздеген мақсаты екеуінің арасында
жазылған хаттардың астарлы мазмұнынан байқалып-
ақ тұрады. Ыбырай өз хаттарында ішкі таным-
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
71
нан туған миссионерлік идеяға қарсы пікірін ашық
білдіре бермейді, бірақ белгілі дәрежеде, жана-
ма түрде болса да сездіреді. Мысалы, «Шариат-
уль ислам» деп аталатын кітабын арабша жазумен
жариялауға Ильминский үзілді-кесілді қарсы болып
қасарысқан түста, діни мазмұндағы кітапты орыс
алфавитімен жариялап, қазақтарды теріс қаратып
алмау үшін ілтипат сақтау керектігін көлденең тар-
тып, өз ойын жүзеге асыруын көреміз.
Ыбырай Алтынсарин отаршыл үкіметтің бұратана
халықтарды шоқындыру арқылы орыстандыру сая-
сатын танып білген, бұл салада жүргізіліп отырған
кертартпа шаралардан мол хабардар болғанға
ұқсайды. Өйткені бұл мәселе жөнінде - үкіметтің XIX
ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласын
зорлық пен күшке салып жасанды түрде орыстан-
дыру саясатына қарсылығын жанама түрде болса
да, ишарамен айтатын тұсы да бар. Ол өз ойын:
«...искусственное сближение народов России до сих
пор не приводило еще к особо успешным резуль-
татом, как это мы видим на живых примерах татар,
башкир и прочих инородцев...
Поэтому не лучше ли сближение русских с каза-
хами предоставить естественному ходу дел», -
деп халықтарды жақындастырудың табиғи жол-
мен жүргізілуін жақтайтын пікірі көп нәрсенің астар-
лы сырын аңғартып, өзінің іштей бұл аса күрделі
мәселеге қарсылығын да сездіреді. Ы. Аптынса-
рин үлкен мемлекеттік саясат ретінде жүргізіліп
отырған миссионерлік әрекетке бұдан артық пікір
білдіруі мүмкін де емес еді, өйткені «аузы қисық
болса да, байдың ұлы сөйлесін» дегендей, саяси-
|