Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет35/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Ел қалай орыстандырылды?
әлеуметтік жағдайдың барлық күші үкімет қолдап 
отырған миссионерлердің бақылауында болғанын 
ескермек керек.
Ж алпы проф. Ильминский бұратана бодан 
халы қтарды ң ғы лы м -білім ге ұмтылған 
Ы бырай 
сияқты бірлі-жарымды талантты жастарын өзінің 
м иссионерлік 
идеясын 
жүзеге 
асыру 
жолын- 
да пайдаланып қалуға көп күш жұмсаған. Ресей 
империясының қой терісін жамылған аса қауіпті
кертартпа идеологы болғанын енді жасырудың 
реті жоқ шығар. Өйткені А. Каримуллиннің зерт- 
теп тануы бойынша, миссионерлерді даярлаудың 
кілтін қолына ұстаған Ильминский бүкіл Ресей 
елкесінің барлық аудандарына кадрлар даярлау- 
мен айналысқан. Әр халықтың ерекшелігіне орай 
миссионерлік саясатын да, жүргізу тәсілін де ез- 
гертіп, жағдайға бейімделе жүргізгені айлакер идео- 
лог екендігін керсетеді. Мысалы, татар халқының 
тағдыры күрделі ақыны Яков Емельянов (1848- 
1893) шоқынған татар отбасында туған. Ол арнайы 
түрде ашылған «Шоқынған татарлар мектебінде» 
1864-1869 жылдар аралығында оқып, бітірген кезде 
оған Ильминский қамқорлық жасап, Қазанның духов- 
ный академиясына оқуға түсіреді. Оқуды бітірісімен 
дьяк атағын алып, қызмет етеді. Ол жастайынан 
өлең жазумен айналысып, алғашқы туындыларын 
жариялай да бастайды. Яковтың осы өнерін өз идея- 
сын насихаттауға пайдаланбақ болып Ильминский 
оны 1880 жылы дьяктан поп дәрежесіне көтереді. 
1879 жылы оның өлеңдер жинағы «Шоқынған татар 
тіліндегі өлең» деген атпен басылым керіп, ақын 
ретінде танылып қалған тұсы болатын. Бұл жинақ


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
жөніңде Ильминскийдің қорында жатқан доностар- 
да: «...Шоқынғандардың санасын оятып, татар иісін 
күшейтуі» себепті (Татар әдебиеті тарихы. Қазан,
2-т.,
1985, 465-6.) ақын Яков Емельянов «қаһар 
үрған поптардың» қатарынан бірақ шығады. Өйткені 
ол туған халқының әлеуметтік мұңын жырлап, 
Ильминскийдің үміт еткен мақсатының шеңберінен 
шығып кетуіне байланысты миссионерлердің қарғыс 
таңбасы басылып отырғаны көрініп тұр. Ильминский 
Яковтың «Шатасқанның оянуы» деген миссионерлік 
сарындағы өлеңінен үлкен үміт күткенімен, өмір 
талқысын көрген ақын туған халқының мұңын 
жырлауға ойысқанда, жер сабағандай одан түңіле 
үмітін үзген еді.
Міне, татарларды біржолата шоқындырудан 
күдер үзген Ильминский енді Орынборға келіп, 
қазақтарды шоқыңдыру әрекетін өте сақтықпен 
жүргізе бастайды. Оның қазақ даласына оралу 
себебін, оның замандастарының пікірі мен өзінің 
де қазақтарды іштей танып білуінен іздемек керек. 
Өйткені қазақтардың татарларға қарағанда ислам 
дініне осалдығы, оларда діни фанатизмнің жоқтығы 
туралы қоғамдық пікір қалыптасып та қалған еді. 
Бір ғана мысал: белгілі публицист С. Н. Южаков өз 
мақалаларында ислам діні қатты дендеген мұсылман 
халықтарын ассимиляциялау өте қиын мәселе екенін 
ашып айтады. Қалай болса да олардың жазуын орыс 
алфавитіне ауыстыру арқылы әрекет етуді ұсынады. 
Бұл үшін мәселені қазақтардан бастаудың жемісті 
болатынын ескертіп, олардың ислам дініне салқын 
қатынасын негізге алады. Осы себепті: «...в киргиз- 
ских школах необходимо сделать теперь же. Здесь


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет