Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
65
облысы
Ленин
ауданы
Ж аңа-Базар
селосы):
«...кешегі орысқа қарағанымыздан кейін 1865 жылы
атақты дін бүзушы Ильминский қазақарасына шығып,
қазақ мүсылман емес,
шамани деген дінсіз халық,
оларды орыс дініне айналдыру оңай деп үкіметті
осы сөзбен нандырған екен... Мінеки, үкіметтің осын-
дай тұтқан жолы қазақ арасын тынышсыздандырып,
1869 жылы қазақтар үкіметтің бұл ісіне наразылық
шығара бастады» (39-6.), - деп тарихи шындыққа
сай бағасын беріп, көп нәрсенің сырынан хабар-
дар етеді. Сонымен қатар осы қолжазба көшірмеде
патшаның ресми миссионерлік
саясатына қарсы
қазақ арасында исламиятқа іш бұру арқылы ислам-
шыл қисса-дастаңдардың молыға бастауы, тіпті,
қазақ тілінің шұбарлану үрдісін де осы құбылыспен
байланыстыра қарауы сезіліп тұрады.
Патша үкіметінің ресми шоқындыру саясатына
қазақ даласының қай бұрышында болса да, бірде
ашық, кейде жасырын түрде
қарсылық әрекеттері
болған. Мұны, тіпті, миссионерлердің өздері де
еңбектерінде атап өтетіні бар.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатына, оның,
әсіресе, рухани жағынан қысып келе жатқан шоқын-
дыру саясатына сескене қарап, зәрін қайтаруға
әрекет етіп, ол жайында ойланып-толғанған саналы
азаматтар қазақ даласының әр жерінде-ақ болған.
Осы тұрғыдан қарағанда жазушы Р.
Отарбаевтың
«Екі киіз үйдің тарихы» (Қазақ әдебиеті, 1988, 24
маусым) деген мақаласында аса қызықты деректі
мағлұматтар келтірілген. Онда Ыбырай Алтынса-
ринмен шығармашылық қарым-қатынаста болған
Мақаш Шолтыұлы (1830-1904) патшанының қазақ-