Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет28/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
буратаналардың рухани болмысына терең бойлап 
ену үшін миссионер ғалымдардан ол елдің дінін, 
тілін, әдебиетін, фольклорын, әдет-ғұрпын, салт- 
санасын, тарихын, этнографиялық, психологиялық 
ерекшелігін жан-жақты терең танып меңгеруді басты 
шарт ретінде талап етті. Осы талап тұрғысынан келіп 
өздерінің жан-жақты алдын ала даярлықтары мен 
осы жолға қалтқысыз берілгендігі арқасында мис- 
сионер ғалымдар Ильминский, Остроумов, Алекто- 
ровтар өз орталарынан екшеліп шығып, ұзақ жыл- 
дар бойы белсене қызмет атқарды. Бұлардың бәрі 
де XX ғ. отызыншы жылдарының аяғынан бермен 
қарай қоғамдық ой-санада ағартушы педагог, ғалым 
және де халықтар достығына ат салысқан озық 
ойлы қайраткерлер ретінде бағаланып келді. Оларға 
табынып, бас ие пікір айтып насихаттаушылардың 
атын атап, түсін түстеп жатудың қажеті болмас. 
Өйткені бұл таласуға келмейтін аксиомаға айналған 
шындық ретінде танылып, оқырман ұғымының да 
осы тұрғыдан қалыптастырылғаны жасырын сыр 
емес-ті.
Бірақ мұндай жалған да жасанды ұғымның сары- 
нына бой алдырмаған М. Әуезовтің миссионерлердің 
атын, идеялық бағытын дәл танып, сілтеме беруінде, 
әрине, елеулі сыр да жатыр. Өйткені біздің қалың 
оқырман қауым олардың атымен, «достығымен», 
ағартуш ылық жолындағы қызметімен кеңірдектен 
келе тойса да, олардың астарлы әрекеті мен жасы- 
рын жүргізілген дін жолындағы идеяларымен таныс 
болмауы себепті, бұл орайда қысқаша болса да 
мағлұматтар бере кетудің орны бар.
Николай Иванович Ильминский 
- 1822 жылы


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
59
Пенза губерниясындағы свящ енниктің отбасын- 
да туып, діни ортада тәрбиеленген. 1846 жылы 
Қазанның духовная академиясын бітірген соң, 
академияның арнайы мақсатпен ашылған «Про- 
тивом усульм анское 
отделение» 
каф едрасы н 
басқарады. Академияда татар, араб тілімен бірге 
теологиядан да дәріс береді. Дін жағынан білімін 
жетілдіріп, тәжірибе жинастыру мақсатымен Сирия, 
Египетті шарлайды. 1847 жылғы 2 маусымда 
Қазан қаласында миссионерлік мүддені көздеген 
арнайы «Аудармашылар комитеті» құрылғанда бұл 
комитетті басқару Ильминскийге сеніп тапсыры- 
лады. Бұл комитет православие дінінің қасиетті 
кітаптарын бұратана халықтарды ң тіліне ауда- 
ру мәселесімен шұғылданатын. Бұл комитеттің 
құрамына сыннан өткен, танымал, белсенді мисси- 
онерлер: Н. Я. Близновский, Е. А. Малов, В. Т. Тро- 
фимов, священник Н. Н. Остроумов, Н. И. Золот- 
ницкий, И. Я. Яковлев, Н. А. Боброников, В. В. Ка- 
таринскийлер енді. Осы дін қайраткерлері ауда- 
рып басылым көрген 307 кітаптың 288-і таза діни 
кітаптар болғандығын татар ғалымы А. Каримул- 
лин де арнайы түрде атап өтеді. Осы аударылған 
кітаптардың ішіңде бірде-бір тарих, география, 
арифметика тәрізді өмірге керекті кітаптардың бол- 
мауы - олардың тікелей миссионерлік мақсатына 
байланысты құбылыс екені айтпаса да түсінікті. 
1847 жылғы 5 қаңтарда граф Протасов татар тіліне 
православие дінінің кітаптарын ғана аудару туралы 
арнайы бұйрық бергенде, бұл жауапты жұмыстың да 
тетігі Ильминскийге тапсырылған еді.
1858 жылдан бастап, үш жылдай, Орынбор


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет