Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет30/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
Осы идеяларды жүзеге асыру жолында Ильмин- 
ский бұл қызметтің сырын ашып, шиін шығармай 
атқаратын кісіні қазақтардың өз ішінен іздестіре 
бастады.
1861 жылы Ильминскийге проф ессор атағы 
беріліп, енді Орал, Сібір, Еділ, қазақ даласындағы 
отар халықтарды шоқыңдыру мәселесі тапсырыл- 
ды. Ол алдымен татарларға арналған орыс гра- 
ф икасы негізіндегі жазудың жаңа үлгісін жасап, 
оны өмірге енгізу жолында әрекет етті. 1872 жылы 
Қазан университетіңдегі қызметін тастап, біржолата 
миссионерлік жолдағы қызметке ауысты. Бұдан 
бұрын-ақ, яғни 1862-1867 жылдар аралығында 
татар тілінде жеті кітап шығарып, олардың бәрін 
де миссионерлік талапқа сай орыс алфавитімен 
жариялаған болатын.
1872 жылы Қазан қаласында миссионерлердің 
рухани орталығына айналған оқытушылар семи- 
нариясы аш ылғанда директорлыққа Ильминский 
ұсынылады. Белгілі татар ғалымы А. Каримуллин 
осы мәселеге назар сала келіп: «...таким обра- 
зом и подготовка кадров миссионеров перешла 
в руки самого Ильминского... здесь готовили для 
всех районов России», - деп арнайы атап көрсетуі 
арқылы Ильминскийдің миссионерлік жолдағы бас- 
ты мақсатын ашып беріп отыр.
Ильминский 1881 жылы П. П. М асловский- 
ге жазған хатында жалпы Ресей халқының сана- 
сы ашылуынан қатты сескеніп, әсіресе, бұратана 
халықтардың өкілдері кадет корпусы, жоғары оқу 
орны мен орталық университеттердің есігін ашуы- 
нан қатты шошынды. Бұны, тіпті, монғол шабуылы-


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
нан да әсері жаман құбылыс деп таныған. Ол, тіпті, 
қарапайым халыққа таза бастауыш білім беріп сау- 
аттандырудан да қауіптене бас тартып: «...в шко- 
лах грамотность... орфография и грамматика совер- 
шенно излишни, а для инородческих школ вредны и 
убийственны», - деп арнайы түрде мән бере жазуы 
оның әлеуметтік, идеялық мақсатының ішкі сырын 
жалаңаштай түседі.
Ильминскийдің тюркологиялық, педагогикалық 
еңбектерінің бәрі де тек қана миссионерлік мақ- 
сатқа бағытталған. Оның тю ркологияға қабілеті 
бар болғанымен, ол бар күш-жігерін, ынтасын мис- 
сионерлік жолға салуы себепті де, оның ғылым 
жолындағы қызметіне әділ баға бере қараған ака- 
демик Крачковский «...Н. И. Ильминский, выдаю- 
щийся представитель Казанской школы, блестящий 
тюрколог-арабист, глубоко увлеченный идеями мис- 
сионерства и «просветительной» деятельностью 
среди «инородцев», не дал ни тюркологии, ни ара- 
бистике того, что он мог бы дать», - деп қынжыла 
отырып жазған еді.
Кеңестік дәуірде Ильминский мүрасы да біршама 
зерттеліп бағаланды. Ол атқарған миссионерлік 
бағыттағы 
ағартуш ы лы қ 
қызметі 
теориялы қ, 
практикалық жағынан алып қарағанда да, оның 
шектен шыққан монархистік, отаршылдық пиғылы 
айқындалып тұрады. Осы себепті де Ильминскийдің 
қызметі мен еңбегін арнайы түрде зерттеген проф.
В. М. Горохов: «...педагоге-миссионере, последова- 
тельном русификаторе, стороннике колонизаторс- 
кой политики царизма» (Реакционная школьная 
политика царизма в отношении татар. Казань, 1941,


64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет