Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет26/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
өткізіп, Мүхаң туралы естелігін елтіп тыңдайтынбыз. 
Сол Ахмет: «Бір күні жұмыстан М. Әуезов қатты 
ренжіп келді. Мені көріп, оңаша шығарып алды 
да, «Ахмет, ешкімге айтушы болма, Сталин нас не 
любить», - деп құлағыма сыбырлай айтты да, үйге 
кіріп кетті», - деп еске алады. Мұхаң көп сұмдық 
сырды білген, бірақ ол сырлар айтылмай Мұхаңның 
ішінде кетуі өкінішті!?
Алекторов өз көрсеткішіне де Ф. Соколовтың 
екі еңбегін кіргізіп, оның негізінен миссионерлік 
идеяны насихаттап, сол жолда қызмет атқарғанын 
жасырмайды. Яғни Ф. Соколовтың Ы. Аптынсарин 
мектебінде қой терісін жамылған қасқыр тәрізді өзіне 
құпия түрде тапсырылған миссионерлік әрекетін 
сездірмей дос-жаран бола жүріп, аралас мектеп- 
те «ұстаздық» қызмет атқаруы көп сырды ішке бүгіп 
жатқан қатерлі рухани жараның өзі болып шығады.
5
.
М. Әуезовтің 1951 жылы басылым көрген «Ақын 
аға» романында: «...православие шіркеуінің үлкен 
ақылды, білімді өкілдері: миссионер Ильминскийді, 
Остроумовты әрі ағартушы, зор миссионер Алекто- 
ровты айтты», - деп жандаралдың аузынан Абайға 
насихат айттыруы да көптеген деректі ойлардың 
түп төркінінен хабар беріп тұр. Бұдан автордың 
жалпы миссионерлік идеяның арғы-бергі тари- 
хынан танымы мол болуы себепті, халыққа жат 
идеологиялы қ 
саясатты ң 
м аскасын 
сы пы рмақ 
болған ойы байқалады. Бірақ жағдайға байланысты 
өзіне-өзі автоцензура жасауға мәжбүр болған. Бұл


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
55
автоцензураның жасалу себебі - жеке басқа табы- 
ну заманындағы жазықсыз жазаланудың ащы дәмін 
татқан жазушыны ішкі танымын аша беруге ызғары 
суық заманның аса қатерлі лебі сескендіргендей. 
Осыдан келіп өз ой-танымына терең барлап, жан- 
жақты зерттеуден туындаған ой қорытындысын, яғни 
патша отаршылдарының аса зиянды, мүлде құпия 
ұстаған миссионерлік саясатының түп тамырларын 
терең ашып беруге жеке басқа табыну заманы ырық 
бермеген. Өйткені бұларды терең бойлай отырып 
шындықты баяндаса, отаршыл өкіметтің арманына 
айналған саяси мақсаттардың, неге екені белгісіз, Ста- 
лин тарапынан қайталануын жалаңаштап көрсетуге 
айналып кетер еді. Мысалы, түрік тілді халықтардың 
бір кездерде зорлықпен таңылып, сан ғасырлар 
бойы біртіндеп дендеуі арқылы қалыптасып кет- 
кен жазуын өзгерту, православие дініне шоқындыру 
арқылы біртіндеп орыстандыру, немесе Қырымды 
қырым татарларынан тазарту туралы Екатерина 
патшайымға ой салған адмирал Потемкин идея- 
сы мен Кавказды мұсылман халықтардан тазар- 
ту жайындағы генерал Ермоловтың ұсынысы, 
отарланған жерлерді орыстарды қоныстандыру 
арқылы түпкілікті иелену, ол жерлердің атын түгелдей 
орысша топонимдерімен алмастыру т.с.с. бәрі де 
Сталиннің тікелей нұсқауымен отызыншы жылдар- 
дан бастап жүзеге асып жатуын еріксіз ойға орал- 
тар еді...
Жазушы нақтылы тарихи шындықболса да, бұлай 
ашық айтуға болмайтын саяси қатерлі шындықты 
әшкере етудің мерзімі жеткен жоқ деп білді. Бірақ 
келешек ұрпақтың өткендегі бүркемеленген астар-


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет