86
Ел қалай орыстандырылды?
жинастырып отырған.
Барлық отаршыл мемлекет-
тер тарапынан ғылым атынан жүргізілетін әр түрлі
мақсат көздеген зерттеулер мен қазына қаржысымен
жабды қталған экспедиция атаулының бәрі де
отаршылдық мүдде тұрғысынан жүргізіліп отырған.
Осы себепті де патша үкіметі өз мүддесі тұрғысынан
жүргізілетін ғылыми-зерттеулер мен арнаулы экс-
педициялардан қаржыны аямаған. Мәселе бүгінгі
күнде отаршылдық мақсат тұрғысынан жүргізілген
әрекеттердің қай түрі болса да,
оны қалай танып,
бағалауға саятынын есте ұстау ләзім. Бұлай дейтін
себебіміз, ол әрекеттердің бәрі де біздің тарихы-
мызда біржақты бағаланып, тіпті, мадақталып, ащы
шындықтың бүркемеленіп жатуында болып отыр.
Халы қ ұғымын өткендегі бұл іспеттес зарарлы
құбылыстардан тазарту мәселесі бүгінгі
өмір тала-
бынан туындап отыр.
Ж оғарыда айтылған мәселелердің түп төркініне
назар аударсақ, Мұхтар Әуезов қолданып отырған
автоцензуралы қ
құбы лы сты ң
саяси-әлеум еттік
тамырларын індете отырып іздегенде, жазушының
кең
тұрғыдан айтпақ болған, бірақ артынша сол
тұстың жағдайына байланысты өз ой оралымдарын
толық ашпай, бүгіп қалуында көп нәрсенің астарлы
да сұсты сырлары жатыр. Ж азушының автоцензу-
расында жанамалай ишарамен айтқан тезистерінің
астарында су асты ағымдары
іспеттес көзге ілінбес,
бірақ бойлай қалсаң алды-артыңа қаратпай ағыза
жөнелер қуаттың барлығын да сезінеміз.
Жоғарыда М. Әуезов автоцензурасындағы иша-
рамен жанамалап айтқан ой қабаттарының бәрі
де Ресей империясының отаршылдық саясатынан