Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет44/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
бесігі - Жер-ананың географиялық елді мекен атау- 
ларына дейін - бәрі де қоғамдық пікірде қайта 
екшеліп, сын көзімен қаралып, жаңаша мән-мағына 
берілуде.
Осы турғыдан қозғау салып, пікір таратар 
толғағы жеткен мәселенің бірі - халқымыздың кіндік 
қаны тамған атамекеніндегі жер атаулары жайын- 
да болмақ. Себебі географиялық жер атаулары 
ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жалғаса 
тұрақтанған топонимдердің «жер тарихы - ел 
тарихы» деп танылған тарихи есінің бір көрінісіне 
жатады. Халқының осы даналы қ ой-толғанысын 
тереңнен ұғынған ұлы Шоқан Уәлиханов: «Көне 
түрік салт-сана, әдет-ғұрпының қаймағы бұзыл- 
маған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын 
тарихи оқиғалармен байланысты адам аттары, жер- 
су атаулары, тағы басқалары есте сақталып, ата- 
дан балаға жалғасып жатады» (Таңцамалы. Алма- 
ты, 1985 ж. 115-6.), - деп, мән бере жазуында 
айтарлықтай терең мағыналы ғылыми ой тамыры 
жатыр. Яғни тарихи естегі жалғастық дәстүрі үзілген 
жерде рухани тірш ілік үзіліс табады деген сөз. 
К. Г. Паустовскийдің айтуынша «Жер атаула- 
ры дегеніміз - халықтың өз елін ақындық тілмен 
бедерлеуі. Бұлар - халықтың мінез-құлқы тарихы, ой 
аңсары мен тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы сыр 
шертеді».
Тіл 
қандай 
көне 
қоғамдық санаға 
жатса, 
атамекендегі жер-су атаулары да сондай есте жоқ ескі 
замандар қатпарында жатқан, мәңгілікке сақталған 
тарихи есіміздің айтулы бір саласы болғандықтан 
білікті ақын Зиябек Рүстемовтің:


90
Жер қалай орыстандырылды?
Болсам да өзім жастау, елім кәрі,
Әрине, елімнен де жерім кәрі.
Кәрі ел, кәрі жер мен кәрі салтың,
Үйреткен кәрілікке мені бәрі, -
деп тебірене сыр төгуінде терең мағыналы ой жатыр.
Өте көне замандар түпкірінен дәл бүгінге дейін 
атамекен, жер-су атауларының санамызда бекіп 
қалыптасу жолы мен әр қилы сан алуан тарихы 
сапырылыстардың, ала бөтен саяси-әлеуметтік ірі 
оқиғалардың, жаңаша дүниетанымдардың әсерімен 
алмасып, өзгерістерге түсіп жатуы да заңды құбылыс. 
Бірақ осылардың арасынан жер-су, елді мекендер 
атауларының тез алмасып өзгеріске түсуіне әкелетін 
елеулі себептер, көбінесе, жаугершілік, отаршылдық, 
жаулап алуш ылық әрекеттерімен тікелей байла- 
ныста жататыны да тарихи шындық. Біздің жыл 
санауымызға дейінгі кезеңнен бүгінге дейінгі қазақ 
даласындағы географиялық жер атауларының тари- 
хи қабатында жатқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет