Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
жазғандықтан», елді мекен, жерлердің олардың
саяси
мүддесіне қайшы
келетін отарш ылдық,
тоталитарлық атауларының сырын ашуға ономасти-
ка ғылымы саналы түрде бара бермейді. Осы себеп-
тен де отарланған халықтар тарихындағы пайда
болған отаршылдық, тоталитарлық елді мекен, жер
атауларының зерттелмей қозғаусыз жатуы жай ғана
нәрсе емес.
Қазақстан картасындағы апайтөс алып даланың
бойында сан мыңдаған топонимикалық атаулардың
XIX ғасыр аяғына дейінгі құрамы мен тарихи
қабаттарын ашып зерттей қарасақ, географиялық
жер атауларының басым жағы байырғы қазақ тілі
негізінде жатқаны анық.
Қазақ жеріндегі топоним икалы қ атаулардың
сіресіп жатқан тарихи қабаттарын ашып, олардың
қатпарларын жазғанда ұшырасатын: қытай, грек,
парсы, араб, монғол, қалмақ, орыс тілдерінде
қойылған жер атаулары кейде бірен-саран, ілуде бір
кездесіп отырса, кейде олардың қарасы қоюланып
түйдектеле түсетін тұстары да баршылық. Әрине,
бұлардың арғы төркінінде қазақ даласында болып
өткен айтулы оқиғалар мен тарихи жағдайлардан
келіп туындаған географиялық жер атауларының
қойылу, өзгертілу, алмастырылу себептері жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: