Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет49/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
97
айла тәсілдері, тіпті, Орхон жазба ескерткіштерінде 
өз табын қалдырған. Бұл іспеттес тұзақты әдістен 
келер ұрпағын сақтау жолында Түрік қағаны өсиет 
етіп жазып қалдырған:
«Жырақ тұрғандарға жаман сыйлық,
Жақын тұрғанға жақсы сыйлық» дейтін аталар 
сөзі - ақылдың көзі, - деп уағыз еткен астар- 
лы сөздің мағынасында терең мән-мағына жатса 
керек-ті. Немесе империя ез мүддесі үшін көшпенді 
халықтарды бір-біріне айдап салып, біреудің қолымен 
от көсемек болған саясатын сезінген бабалар: 
Табғаш халқының алдауына сенгендіктен, 
Арбауына кенгендіктен,
Інілі-ағалының дауласқандығынан,
Бекті халқының жауласқандығынан,
Түрік халқы елдігін жойды...
Түрік бектері түрік атын жоғалтып,
Табғаш бектердің табғаш атын тұғынып..., -
деуінде көне түріктердің белден шалдырған қайғы- 
лы да қасіретті тағдыры айтылған. Тіпті, түрік бектері 
өздерінің түрік атын жоғалтып, табғаш атын алып 
рухани жағынан сіңісіп жұтылудың аз-ақ алдында 
қалды.
Хундардың (ғун) ғасырлар бойы арпалысып 
тайталасқан елі қытай империясы болатын-ды, 
өйткені олар көшпенді халықты тағы, жабайы 
деп нәсілшілдік идеологияға сүйенуден хундарды 
«кекті, ызалы құл» деген мағынада атаған. Ал, 
осы хундардың бір тармағы болған Мұқылы елін 
қытайлар кемсітіп «жуан-жуан» атандырғанын про- 
фессор Ә. Марғұлан өз еңбектерінде атап етеді. 
Отаршылдық топонимикадағы бір ұрымтал тә


98
Жер қалай орыстандырылды?
сіл - жергілікті халық тіліндегі географиялық жер 
атауларын өз тілдеріне аударып беру арқылы да 
түпнүсқа сөздің халық санасынан шайылып, өшіп 
кетуіне күш салуында жатыр. Мұны ғылым тілінде 
калька (көшірме) деп атайды. Мысалы, көне түрік 
тілінде Тангритағ (Ерен-қабы рға) аталған тауды 
Тянь-Шань деп қытайша қалыптастырып жіберуде 
отаршылдарға тән ортақ әдіс жатыр. Ертеде көне 
түріктер монотеистік дін - көк тәңірге сыйынған. Көне 
түрік қағандарының құлан иек таң атып, Тәңіртау- 
дың ұшар басын күн нұры шалған қалпына елден 
бұрын биікке шығып табынатын дәстүрі болған.
Өте көне дәуірден бері қытай тілінен қалған жер 
атауларының бірі - Қырғызстандағы Маси қойнауы. 
«Маси» сөзінің қытайша мағынасы - «жылқы 
қырылған жер» дегенді аңғартады. Міне, осы елеусіз 
Маси атауының тарихи төркініне көз жіберер болсақ, 
халық басынан өткен дүрбелең дәуірдің таңбасын 
көргендей боламыз. Өйткені бұл жер атауы Қытай 
империясы мен Тұран елі арасында болып өткен 
қанды ж оры қтарды ң бір елесін береді. Екі ел 
арасындағы келісімшарт бойынша қытайларға «ер 
қанаты - ат» деп дәріптелген сәйгүліктер берілмек 
болып шешілгенде, елдің аптал азаматтары ертең 
өздеріне қарсы шабар қытай әскерінің астында 
ойнайтыны себепті, оларды түн жамылып барып 
қырып салады. Мұны көрген қытайлар «маси-маси», 
яғни «жылқы қырылған жер» деп шуылдасқаны 
себепті, бұл ара Маси атанып, бізге дейін өзгермей 
жетіп отыр. Бұл іспеттес өткеннен белгі болып қалған 
жер атының ел тарихын жаңғырту себепті ұзақ уақыт 
сақтала беруі заңды да.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет