Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет57/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
113
тырыла үстанған үш түрлі кезеңдерін еске алмақ 
керек. Бүдан қазақ даласын біртіндеп, асықпай 
отарлаудағы қолданған айла-шарғылардың эволю- 
циялық даму жолы, әсіресе, отаршылдық мазмұнда 
қойылған географиялық жер атауларының біртіндеп 
ену, молая түсу әрекеттерінің болмысы айқын 
көрінеді:
а) 1731 -1822 жылдар аралығында патша үкіметі 
қазақ хандықтарын сырттан билеп, протекторат 
есебінде ұстанған кезінде жер атауларын өзгертуді 
өте сақтықпен, қазақ даласының қас-қабағына қарай 
жүргізді;
ә) 1822-1867 жылдар аралығында хандық 
жойылып, сұлтан-правительдер мен аға сұлтандық 
ел билеу жүйесі енген соң, қазақ жері «бөлшекте де 
билей бер» дейтін отаршылдық принцип негізінде 
көптеген әкімшілік территорияларға жіліктеді. Бұл 
тұста да ру басыларын бір-біріне айдап салып, 
отаршылдық саясатын оңай жолмен жүзеге асыру 
кезеңінде жер атауларын өзгерту әрекеті жиілеп, 
молыға түсті.
б) Үшінш і кезеңдегі отарш ылдық күшейген 
тұста, яғни 1867 жылғы «Жаңа низам» ережесі 
мен 1917 жыл аралығында отарланған қазақ жері 
мемлекет меншігі ретінде ресми түрде жарияланған 
соң, 
отарш ы лды қ 
мазмұндағы 
географ иялы қ 
жер атаулары мүлде күшейіп, барынша дамыды. 
Қазақтардың ұлан-асыр өлкесіндегі ғасырлар бойы 
қалыптасқан тарихи атауларын отаршыл өкімет 
саналы түрде өзгертуді шындап қолға алды. Мысал 
ретінде атап өтер болсақ, республикамыздың аста- 
насы Алматының өзі Омбы генерал-губернаторы


114
Жер қалай орыстандырылды?
Гасфордтың қызы Вераның атымен Верина деп 
аталып, 1867 жылдан бастап патшаның қалауы бо- 
йынша Верный деп аталып кете барды. 1720 жылы 
Кряковтың атымен қазақтар Кереку деп атаған қала 
1861 жылы генерал-губернатор Госфордтың еркі- 
мен 2-Александр патшаның баласы Павелдің бір 
жасқа толуына қошамет етудің бір көрінісі ретінде 
Павлодар (Павел ханзадаға сый) деп өзгертілді. Ал, 
бұрынғы Ақмеш іт (қазіргі Қызылорда) қаласының 
аты Николай патшаның тікелей өз қолымен өзгерті- 
ліп, генерал-губернатор Перовскийдің монархия 
алдында сіңірген «ерлігіне» орай: «1863 жылы 31 
тамызда В. А. Перовский Ақмешітті бағындырғаны 
үшін Жоғары Мәртебелі патша ағзамның раскриптін 
алды, оның ерлігін мәңгі есте сақтау үшін Ақмешіт 
қорғаны «Перовский форты» деп аталды (Қараңыз:
А. И. Добромыслов «Города Сырдарынской обла- 
сти» Ташкент, 1912, С. 72). Осы тұста ішкі Ресейден 
қоныс аударушылардың ағылып келуіне байланы- 
сты Қазақстандағы көптеген елді мекен, жер атау- 
лары өзгертіліп, жаңаша аталып жатты. Бірақ бұл 
жаңаша атауларды қоюға қоныс аударушылардың 
еңбекші шаруа тобы араласа алған жоқ. Отаршыл- 
дық топонимдық атауларды қоюға патша өкіметінің 
ресми орындарда отырған билеу аппаратындағылар 
тікелей араласты. Ж ергілікті халықтан егіндікке 
жарамды шұрайлы жерлер түтел тартып алынып, 
орталықтан келген келімсектерге жаппай тараты- 
луы тұсында жер атауларын күшпен өзгертіп, отар- 
шыл мазмұндағы атаулармен алмастыру әрекеті 
де жергілікті халықты күштеп орыстандыру, пра- 
вославие дініне шоқындыру саясаты тұрғысынан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет