108
Жер қалай орыстандырылды?
мекен атаулары екен. Қазіргі күннің өзінде Қазақстан
жерінде монғол тілінен қалған 217 топонимикалық
атаулар айқындалып отыр. Бұлардың басым тобы
негізінен Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан
жерінде сақталған.
Халық жадында бүгінге
дейін сақталып келе
жатқан «Жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы
ұрыс болды, қой жылы зеңгер тоғыс болды» деген
мақал сөзінің мағынасы
Ш ыңғысхан жүргізген
қанды жорықтардың мерзімін дәл бағдарласа, Абай
өзінің туған жеріндегі тауының Шыңғыс, биігінің
Хан, өзенінің Қарауыл
аталуы да сол Шыңғысхан
бастаған монғол жорығымен тікелей байланысты
пайда болған топонимикалық атаулар екенін айта-
ды емес пе? Бұл мәселенің әсіресе М. Әуезовтің
атақты «Абай жолы» эпопеясында кеңінен тараты-
латынын да ескере кеткен жөн.
«Ж аб айы ларды
ж а б айы л ар д ы ң
қолымен
жусатудың» қанды қақпанына түскен қазақ-қалмақ
арасы ндағы
қанды
қы рқы старды ң нәтижесінде
пайда болған қалмақ тілінен
қалған топонимикалық
атаулар ізі де айтарлықтай жиі ұшырасады. Қалмақ
тіліндегі: Дегерес, Зайсан, Нарынқол, Тарбағатай,
Боралдай, Қалдырғайты, Түрген, Сайқан, Қалмақ
қырылған т.б. толып жатқан елді мекен,
жер-су
атауларының астарында халық санасында сақталып
қалған талай тарихи қанды оқиғалардың ызғарлы
табы жатыр.
Бұл іспеттес топонимикалық атаулардың қат-
парлы қабаттарында жатқан, жергілікті халықтың
өзі қалыптастырып орнықтырған жер атауларымен
бірге
сырттан енген, бөгде тіл негізінде пайда бол-