110
Жер қалай орыстандырылды?
жүзінде болып өткен танымал отаршылдық айла-
шарғылардың ортақ таңбасында жатқан заңдылықты
көреміз, Екінші кезеңде, яғни Қазан революциясынан
кейінгі «бостандық, теңдік»
заманы орнаған соң,
тапты қ принцип негізінде пайда болған жаңа
дүниетаным рухындағы топонимикалық атаулардың
езгеруінде де социалистік негіздегі қоғамның саяси
талаптарына сай жүргізілген әрекет шешуші орынға
шықты. Елімізде патшалық қүрылыстың құлауымен
бірге оның саяси-идеологиялы қ қондырмалары
да дүниеден аласталды.
Ж аңа орнаған қоғам
өзіне сай жаңа дүниетанымды орнықтырып, енді
революциялық рухтағы топонимикалық жер атаула-
ры өмірге ене бастауы заңды құбылысқа айналды.
Білгір ғалым Е. М. Поспелов: «Географиялық
атаулардың аты да, сол сияқты қоғамдық инсти-
туттарды ң өзі де мазмұны жағынан саясатпен
тікелей байланыста жатады. Қоғамдағы үстем тап
жер атауларын да өзінің идеологиясы мен сая-
сатына бағындырмай тұра алмайды» (Топоними-
ка в
школьной географии, М., 1981, С. 40), - деп
арнайы түрде атап көрсетіп, бүкіл топонимикалық
құбы лы старды ң саяси-әлеум еттік болмысы мен
тарихын танып білудің кілтін қолыңа ұстатады. Осы
талап тұрғысынан қарағанда,
еліміздің картасыңда
таңбаланып сырттан енген немесе еріксіз таңылған
жер атауларының бәрі де халық еркінен тыс
отаршылдық мазмұндағы топонимикалық жер ата-
улары болып шықты (Верный, Перовский, Черня-
ев,
Павлодар, Петропавловск т.б.). Осы шындықты,
тіпті, патшалық идеяға құлай берілген «Түркістан
ведомосі»
басылымы
1899
жылғы
санында: