104
Жер қалай орыстандырылды?
Дарбаза! Осы бір ғана микротопонимнің түп
төркініне ой көзімен қарасақ, тұнып тұрған кене
тарихтың шертілмеген шежірелі сыры жатыр. Ал,
жай ғана салғырт көзбен қарасақ, қарапайым кеп
атаулардың бірі сияқты сырдаң тартады. Егерде
көне
тарих қатпарларын жазып, сырын ағытсақ,
оның төркінінде ағыл-тегіл төгілмеген күйдің сазы,
ақындық өнері сүйегіне біткен от жүректі дарын-
ды ақынны ң жырланбаған жалын құшқан жыры
жатқандай аңсарың ауады. Осы іспеттес шежіре
сырға толы атамекен жер атауларының құпия сырлы
қоймаларын
ақтарғың келгенде, ұлы М.Әуезовтің
бізге арнап кеткен: «Жер - анасы, ел - баласы деуге
болады. Ел айтқан әңгімені, ер бесігі жер де айтады.
Көз жіберсең, көңіл тоқтатсаң, тыңдап көрсең көпті
айтады», - деп тебірене
ойланып ескерткен зерек
сөзі саналы сергек жандарға айтылғандай алыстан
қол бұлғайды.
4
.
\/ІІ-\/ІІІ
ғасы рлардағы
Түркістан
өлкесінде
қалыптасқан топоним икалы қ атаулар қабатының
аса бір күрделісі әрі тарихи астарының сыры молы
да исламиятты еріксіз зорлықпен енгізген Араб
халифатының алысты көздеген басқыншылық сая-
сатында жатыр.
Араб халифатының түрік халықтарын жаулап алу
жолында әр қилы саяси
идеологиялық тәсілдермен
жергілікті тілде қалыптасып, тұрақтанған тари-
хи географиялық елді мекен, жер атаулары мен
этнонимдік, антропонимдік есімдерді арабша атау-