Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет53/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
мен алмастыру мақсатында жүргізілген ете зарар- 
лы астарлы саясатының түп тамырын Абайша 
танып, сыншыл пікір толғаған ойшылдар бола бер- 
меген. Бүл салада айтылған ұлы Абай пікірінің 
сүйенер діңгегі Наршаһидің «Бұқара тарихы» кіта- 
бында жатыр деп білеміз. Өйткені Абай «Біраз сөз 
қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тари- 
хи мақаласында ислам дінінің қазақтар арасын- 
да таралу мерзімін арабтардың Түркістан өлкесін 
жаулап алу кезеңімен ұштастыра қарайтыны: 
«...арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретуші- 
лер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып 
ж үргендеріңде, 
Құтайба 
(Құтайба 
ибн-Муслим 
(660-715 жылдар - автор) атты кісі Қашқарға дейін 
келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да 
(қазақтар - автор) мұсылман болдық депті», - деп, 
қазақ арасында мұсылмандықтың таралу тарихынан 
деректі мағлұмат бере кететіні бар.
Түрік халықтарын ислам дініне табындыру 
жолында Құтайба ибн-Муслим олардың өткендегі 
ата-баба тарихын, жазуын, салт-сана, әдет-ғұрпын, 
тіпті, елді мекен атауларына дейін арабшамен 
алмастырып өзгертуді - жергілікті халықтың рухын 
сындырып жоғалтудың бірден-бір тәсілі ретінде 
қараған. Өйткені бұл тәсіл жергілікті халықты ислам 
дініне сіңдіріп, жұтып жіберудің ала бөтен төте жолы 
болатын-ды.
Бұл іспеттес саяси идеологиялық өзгерістердің 
бәрімен Наршаһи еңбегі арқылы танысқан Абай 
араб басқыншыларының жергілікті тілде қалыптас- 
қан атамекен топонимдеріне, тіпті, «ұлыстың ұлы 
күні» атанған наурыз мерекесіне дейін ислам


106
Жер қалай орыстандырылды?
салты ндағы
арабш а 
атаулармен 
алмастыры п 
өзгертуге тырысқан әрекетін: «Ол күнде Наурыз 
деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызда- 
ма қыламыз деп той-тамаша қылады екен... Бұл 
күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады, ол уақытта 
жаңа дінге кірген соң, енді бір Бұхарадан басқа 
шаһарлардың да, жерсулардың да, халықтың да 
бұрынғы аттарын бұзыпты», - деп, Құтайба ибн- 
М услимнің алысты көздеген саяси мақсатының 
астарлы сырын ашып, әшкерелей жазуында ойла- 
на білген сергек сезімді зерделі жанға көп нәрсені 
ұқтырғандай салмақ жатыр.
Түркістан өлкесін жаулап алып, ислам дінін зор- 
лықпен енгізген Араб халифаты Бұхара қаласынан 
басқа калаларды, ондағы көше, дарбаза, төбе, әуіз- 
дерге дейін және өлкедегі елді мекен, жер-су, халық 
атауларының бәрін өзгертіп, арабшалап атауға ерек- 
ше мән беруі отаршылдық топонимінің өзі еді.
Мұны олар жергілікті халықты өткен тарихы- 
нан, ата салты, ана тілінен, әдет-ғұрпынан тайды- 
рып, көз жаздыру арқылы тарихи есін сөндіріп, руха- 
ни құлдыққа әкелудің ең ұрымтал сенімді жолы деп 
білген.
Ғасырлар бойы қорланып қалыптасқан, сол 
арқылы халықты ң көне тарихынан белгі беріп 
жаңғыртып отыратын мәңгілік атамекен жер атаула- 
ры тұрғанда, халықтың тарихи жадының бұлжымай 
сақталу қалпынан сескенген басқыншылардың қай- 
қайсысы болса да, алдымен қанды тырнағын жер 
атауларына салатынын тарих тағылымы айғақтап, 
олардың ортақ белгісі ретінде көрсетіп отыр.
Құтайба ибн-Муслим жергілікті халықты ислам




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет