Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет46/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Жер қалай орыстандырылды?
себептерін танып білуге септігін тигізетін тарихи 
іздер табы үшырасады. Бұл іспеттес құбылыстың 
өзіміздің туған жер, атамекен аттарына қойылған 
то п он о м и кал ы қ 
атаулар 
мен 
антропоним дер 
табиғатына ой жіберіп, себептерін білуге ұмтылған 
әрбір саналы ойлы жас - оның көне қабаттарында 
қатпарланып сыр бүгіп жатқан астарлы ұғымдардың 
құпиясын ашып, жабулы сырын ұғынып, себеп- 
салдарын білуге көз жеткізе алады.
Қай жер, қай ел болмасын, оның қойнауындағы 
елді мекен, жер атауларындағы әр қилы өзгерістердің 
бәрі де уақыт өте келе тікелей саяси-әлеуметтік 
ж ағдайларға орай қозғалысқа түсетіні себепті, 
ғылыми әдебиеттерде - халықтық, отаршылдық, 
тоталитарлық топонимдерге жіктеліп, ғылыми тер- 
миндер, 
нақтылы ұғымдар ретінде қалыптасу 
үстінде. Әрине, мұның өзі кездейсоқ құбыпыс емес, 
тарихтың даму жолында объективті шындықтың 
негізінен туындап отырған саяси-әлеуметтік көрініс 
екендігі анық байқалады. Әуел баста ономастика- 
дағы топонимикалық, антропонимдік, этнонимдік т.б. 
салалардың бәрі де автохтонды, мәңгі жасап келе 
жатқан байырғы халықтардың тікелей авторлығымен 
біртіндеп қалыптасса да, ол атаулар әр түрлі саяси- 
әлеуметтік, басқыншылық жағдайларға байланыс- 
ты бірде баяу, бірде жылдам өзгерістерден сырт 
қала алмайды. Ғасырлар бойы халық талғамынан 
өтіп, сүзіліп, сұрыпталып тұрақтанумен қатар, олар 
ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра ретінде ауысып, 
халықтың тарихи есіне айналып қорланып жатады. 
Тіпті, кейде бір ғана топонимикалық атаудың өзі сол 
атауды дүниеге әкелген халықтың өткенінен, тағдыр


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
93
талайынан мәңгілік хабар беріп түратын ақпарат 
көзіне айналатыны да ұшырасады. Мысалы, Аспара 
немесе Сочи т.б. атаулардан осы ерекшелікті көруге 
болады.
Халықтық топонимика деп, негізінен, қай жер, 
қай халықты алып қарасақ та, онда қолданылатын 
географиялық жер атауларын сол жерді мәңгілікке 
жайлап келген автохтонды халықтың авторлығымен 
қойылып, қалыптасқан елді мекен, жер атаула- 
рын ұғынамыз. Бұлар ғасырлар өткен сайын мүлде 
тұрақтанып, халықтың тарихи есін қорландырар 
елеулі рухани байлығына айналып отырады.
Тіпті, бұрын-соңды тарихта белгілі бір жерге 
иеліктің қай халық, қай ұлыс, қай тайпаға тән 
екендігінің айғақты дәлелі, көбінесе, сол жердің топо- 
нимикалық сөз төркіндеріне берілетін мағынасына 
қарай қарастырылатын болған. Өйткені сол жерді қай 
халық жайлап, қоныстанып келсе, топонимикалық 
атаулардың да сол халықтың авторлығымен қойы- 
луы себепті ол халықтық топонимика деп аталады, 
яғни топонимикалық атаулардың авторлығы тек сол 
халыққа тән құбылыс болып қала береді.
Халы қты қ топоним иканы ң бір ерекш елігі -
топоним икалы қ атаулар сол халықтың тікелей 
авторлығымен қойылуы себепті фольклор мен 
көркем әдебиет шығармаларында ез көрінісін бер- 
мей тұра алмайды. Мысалы, «Қозы Көрпеш - Баян 
сұлуды», не Мұрат ақын шығармаларын алып 
қарасақ, ондағы географиялық жер атаулары айғақ 
бола алады. Мұндағы суреттелген жер атауларының 
бәрі де халықтың тарихи есі ретінде сақталып, әрі ол 
ұғымдар ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, дәстүрлік жалғастық


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет