84
Ел қалай орыстандырылды?
қызмет атқарып, зерттеу еңбектерін жазған түста
аңғара түсеміз.
Оның саяси бағыт-бағдары, әсіресе,
Омбы дәуіріндегі кезеңдерде айқын ашыла түседі.
1905 жылғы Ресейді дүр сілкіндірген революциялық
жағдай түстарында немесе одан кейінгі реакцияның
күш ейген
кездерінде А лекторовты ң полицияда
тыңшылық етіп, революциялық ниеттегі жастарды
қуғындауға қызу ат салысуы,
еркін ойлы жастар-
ды гимназиядан аластау, қызметі үшін үкіметтен
генерал-майор лауазымымен дәрежесі бірдей «дей-
ствительный штатский советник» атағын алуы -
осының бәрі оның кім екенін анықтап тұр емес пе?
А лекторов
1906 жылы
Омбы
қаласы
оқу
орындарындағы революцияшыл ниеттегі жастардың
қарсылығын күшпен жаншу үшін, әскери қарулы
күш шақыртып, зорлықпен
қудырғаны туралы ресми
құжаттардың Омбы мұрағатында сыр шертіп жатуы
да көп нәрсенің сырын аңғартып тұр.
А л екторовты ң
тікелей
араласуы м ен
1906
жылғы 2 наурызда Омбы гимназиясының бүкіл
шәкірттері оқудан қудаланып, озық ойлы жаңашыл
оқытушы А. Д. Кван ұсталынып, қамалады. Сол
күні гимназияның қабырғасына «Алекторовқа өлім
келсін» деген ұранның ілінуі немесе Алекторовты
өлтірмек
болғанда, оның қашып құтылуының бәрі
де оның кімнің жырын жырлап, мүддесін қорғаға-
нын
бұлталақсы з аша түседі.
Осы
айтылған
оқиғаларды ң мазмұны сол тұсты ң либералдық
бағыттағы «Иртыш» газетінде де (1906,23 шілде, №5)
өз көрінісін тапқан. Газеттің сол жылғы 20 тамызда-
ғы
санында да қатты айыпталып, «академиялық
салпаң құлақ» деген ат тағылады. Сатқындық