Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
49
көзден таса болып, сыр бүгіп, ашылмай жатқаны да
аңғарылады.
Аралас мектептер мен шіркеу жанынан ашылған
приходская
ш колалар үкімет қы зметкерлерінің
бақылауында тұрды. 1871
жылы патша ағзамның
тікелей жарлығы бойынша Түркістан өлкесі үшін
архиерей кафедрасы ашылып, ол Верный қаласына
орнықты. Ал Ж етісу губерниясында 1872 жылы
миссионерлік қызметті жандандыру үшін Верный-
да архиепископ резиденциясы ашылды. Өйткені
Мәскеу митрополиті Владимир қазақтар арасын-
да миссионерлік шоқындыру жұмысын күшейтуді
талап еткен еді. Осы талапқа орай Верныйда 1901
жылғы 11 қарашада арнайы түрде
миссионерлік
эпархиальный комитет құрылып, оған қаланың бас
көтерер шенеуніктері мен әскери қызметкерлері,
кепестері енді. Олар нақтылы түрде миссионерлік
үгіт-насихатты
ерістетті.
Мысалы,
свящ енник
В. Я. Яковлевтің 1902 жылы Верныйда басылым
көрген: «Из истории церковной жизни Туркестана»
деген кітабындағы: «...здесь
каждый православ-
ный христианин обязан быть и миссионером... Мы,
русские, призваны насаждать среди всего этого
населения начала истинной религиозной жизни»
(С.
91-93), - деген
пікірі жоғарыда
аталған
комитеттің мақсатын керсетіп тұр. Жазушы Шерхан
Мұртазаевтың «Қызыл жебе» романындағы түрме
бастығы Приходконың бала Тұрарды шоқындыру
жолындағы әрекеті де
эпархиальный комитеттің
талабынан туындап жатқан құбылыс болатын-ды.
1867 жылы қазақ даласы үшін «жаңа низам»
ережесінің өмірге енуімөн қатар қазақтар арасында