Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет17/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
білетін, пікірі бар зиялы қауымды сүттің бетіндегі 
қаймақтай сыпырып алып тастаған соң, 1940 жылы 
«халықтың қалауы бойынша» деген жасанды сыл- 
таумен латын жазуынан енді орыс жазуына көшіріп 
те үлгерді. Бұл әрекетті философия ғылымдарының 
докторы Г. Батығин: «Сталинские репресии обрели 
такой масштаб, что во многих регионах была истре- 
блена националъная интеллигенция, которая явля- 
ется носительницей исторический памяти народа.
В Азербайджане, Казахстане, Молдавии тради- 
ционный алфавит был заменен кириллицей. Корни 
культуры, державш ейся на многовековой тради- 
ции, были подрезаны» («Новое время», 1989, №18,
С. 25), - деп әшкерелеп, бүркеулі жатқан шындықтың 
шымылдығын сыпырып отыр.
А. 
Байтұрсынов миссионер атаулының өткен 
тарихы мен 
жете 
таны с әрі 
олармен 
тікелей 
қызметтес болғандықтан да, олар көздеген саяси 
түпкі мақсаттың шоқындыру мен орыстандыруға 
алып 
келерін 
біліп, 
революция 
алды нда-ақ: 
«...Хүкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың 
жазу-сызуы, тілі, діні бір болу. Ресей қол астында 
түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып 
отырған жұрттар бар. Солардың бәрі тілін, дінін, 
жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке онан артық 
іс болмас» (Қазақ. 1914, 9 мамыр), - деген ой 
қорытындысына келуінде айтарлықтай терең таным, 
үлкен сыр жатыр. Өйткені Ресей империясының 
отаршыл топтары, әсіресе, миссионер ғалымдары 
бұратана халықтардың бәрі бір тілде сөйлеуін, бір 
дінде болуын қатты армандап, осы жолда талай саяси 
амал-айлаларды қолданып, дегеніне жете алмауына


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
37
біздің бағымызға Қазан революциясы себеп болған 
еді. Бірақ осы идеяны қайта тірілтіп, бұл кездейсоқ 
немесе саналы түрде болсын Н. С. Хрущевтің: «Біз 
бәріміз неғұрлым тезірек орыс тілінде сөйлесек, 
соғұрлым коммунизмді тезірек орнатамыз» («Прав- 
да», 1989, 6 наурыз), - деп ұран тастауынан келіп 
қазіргі ұлттық нигилистер мен космополиттік ниеттегі 
ең қатерлі әлеуметтік жіктің ерістеп кетуіне себепкер 
болуы, оны одан ары Сусловтың ушықтыра түсуінің 
ащы дәмін қазіргі күнде татып отырған жайымыз бар.
Айналасы
он 
ж ы лды ң 
іш інде 
көптеген 
халықтардың, яғни орыс, грузин, армяндардан 
басқалардың ғасырлар бойы қолданып келе жатқан 
дәстүрлі жазуларын үш рет алмастырып жіберудің 
қаншалықты орны толмас рухани жұтаңдыққа апа- 
ратынын жақсы білген Сталиннің мүндай зарарлы 
жолға әдейі барғанын бүгінгі күні толық біліп отыр- 
мыз. Өйткені бір ұрпақтың кезінде халықтардың 
дәстүрлі жазуын екі, үш рет өзгерту тікелей Сталиннің 
нақтылы нұсқауымен болғандығын көрсететін проф. 
М. Всеволодованың «Поговорим на равных языках» 
деген («Правда», 1989, 6 наурыз) қоғамдық пікірге 
қозғау салған мақаласында: «Достаточно напом- 
нить о проведенных по личному решению Стали- 
на переводах с арабского на латинский, а затем и 
кириллический алфавит языков Средней Азии, что 
не могло не привести к определенным потерям», -
деп көрсетуі жоғарыда баяндалған ойдың түп төркіні 
қайда жатқанынан хабардар етеді.
Ресей патшалығының қол астына қараған әр түрлі 
діндегі, әр түрлі тілдік жүйеде сөйлейтін бұратана 
халықтарды 
православие дініне 
ш оқындырып,


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет