Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
37
біздің бағымызға Қазан революциясы себеп болған
еді. Бірақ осы идеяны қайта тірілтіп, бұл кездейсоқ
немесе саналы түрде болсын Н. С. Хрущевтің: «Біз
бәріміз неғұрлым тезірек орыс тілінде сөйлесек,
соғұрлым коммунизмді тезірек орнатамыз» («Прав-
да», 1989, 6 наурыз), - деп ұран тастауынан келіп
қазіргі ұлттық нигилистер
мен космополиттік ниеттегі
ең қатерлі әлеуметтік жіктің ерістеп кетуіне себепкер
болуы, оны одан ары Сусловтың ушықтыра түсуінің
ащы дәмін қазіргі күнде татып отырған жайымыз бар.
Айналасы
он
ж ы лды ң
іш інде
көптеген
халықтардың, яғни орыс, грузин, армяндардан
басқалардың ғасырлар бойы қолданып келе жатқан
дәстүрлі жазуларын үш рет алмастырып жіберудің
қаншалықты орны толмас
рухани жұтаңдыққа апа-
ратынын жақсы білген Сталиннің мүндай зарарлы
жолға әдейі барғанын бүгінгі күні толық біліп отыр-
мыз. Өйткені бір ұрпақтың кезінде халықтардың
дәстүрлі жазуын екі, үш рет өзгерту тікелей Сталиннің
нақтылы нұсқауымен болғандығын көрсететін проф.
М. Всеволодованың «Поговорим на равных языках»
деген («Правда», 1989, 6 наурыз) қоғамдық пікірге
қозғау салған мақаласында: «Достаточно напом-
нить о проведенных по
личному решению Стали-
на переводах с арабского на латинский, а затем и
кириллический алфавит языков Средней Азии, что
не могло не привести к определенным потерям», -
деп көрсетуі жоғарыда баяндалған ойдың түп төркіні
қайда жатқанынан хабардар етеді.
Ресей патшалығының қол астына қараған әр түрлі
діндегі, әр түрлі тілдік жүйеде сөйлейтін бұратана
халықтарды
православие
дініне
ш оқындырып,