Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет19/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
қалпында қазақ жазуына қолдану жайында кеңесіп
нүсқау берген. Осы мәселе жайында Ы. Алтынса- 
рин өзінің «Қазақтың облыстық мектептері туралы 
записка» деген еңбегінде: «...1876 жылы граф Тол- 
стой Орынбор қаласына келген кезде... ең алдымен 
талқыға салынған мәселе - қазақ арасында орысша 
хат таныту жолдары және бұл үшін қазақ тіліне орыс 
алфавитін қолдануға болатын-болмайтыны туралы 
мәселе қойылған еді. Бұл мәслихаттарға Орынбор 
өлкесінің бұрынғы генерал-губернаторы генерал- 
адъютант Крижановский, Орынбор оқу округінің 
попечителі Лавровский, Қазандағы оқытуш ылар 
сем инариясы ны ң директоры Ильминский және 
Торғай, 
Орал 
облы стары ны ң 
губернаторлары
қатынасты, бұлардың бәрі де орыс алфавитін қазақ 
тіліне қолдануға әбден болады деген қорытындыға 
келген еді» (Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ», 
Алматы, 1988, 133-6), - деп жазуы арқы лы-ақ 
жергілікті отаршыл хәкімдердің бәрі бас қосып, 
қазақтар қолданып келген араб жазуының орны- 
на орыс жазуын қолдану туралы көптен бері алдын 
ала ойластырылып келе жатқан саяси мақсаттың 
ең буыңды тұсын шешкенін толық түрде ашып беріп 
отыр. Яғни патшаның өзі қол қойып, жарлық бер- 
ген жылы-ақ оның қазақ даласындағы билеушілері 
мен миссионер ғалымдары сол жылы бұл мәселені 
жүзеге асыруға нақтылы кірісіп, бір шешімге келуінен 
көп нәрсенің сыры айқындалып тұр.
1876 жылғы Орынбордағы мәжілістен он төрт 
жыл бұрын, яғни 1862 жылы Орынбор шегаралық 
комиссиясының бастығы профессор В. В. Григо- 
рьев Ильминскийге орыс әрпін қолдану арқылы


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қазақ тілінде басылған кітап жазуды тапсырады. 
Әрі дәл осы 1862 жылдан бастап татар тілінде 
басылатын кітаптардың бәрін де миссионерлердің 
талап етуі бойынша, орыс алфавитін қолдана баста- 
уы да мәселенің бір талап тұрғысынан қойылып 
отырғанын айғақтайды. Осы тұрғыдан жүргізілген 
әрі жан-жақты барлап байқау үшін жасалған алдын 
ала шаралардың бәрі де 1876 жылғы Орынбор 
мәжілісінде қаралған мәселенің тамыры тереңде 
жатқан астарлы саясатының сырын аша түседі.
Ильминский бастаған миссионерлік саясатты 
іске асырушылардың бәрі, алдымен, қазақтарды 
татарлардың рухани ықпалынан бөліп алып, олар- 
мен қарым-қатынас жасатпауға бар күшін салса, 
осы 
саясатты 
ұстанған 
Түркістанды
отарлау- 
шы патша әкімдері ислам дініне беріктеу болып 
келетін бұхарлықтардан қазақтарды ажырату, рухани 
ықпалын таратпау мәселесіне ерекше көңіл бөлді. 
Осы себепті де 1880 жылғы 8 қарашада генерал- 
адъютант фон Кауфман Ағарту министріне жазған 
жолдамасыңда көшпелі қазақ елін тезірек ассими- 
ляциялап Ресеймен кіріктіріп жіберу үшін, олар- 
ды Орта Азиялықтардан бөлек ұстаудың қажеттігін 
атап өтеді. Бұл үшін қолданылатын саяси тәсіл 
ретінде қазақтардың жазуын орыс жазуымен алмас- 
тыруды көздеді, бұл оларды діншіл рухани ықпал- 
дан аулақ ұстауға қызмет етеді деп білді. Ал 
Түркістанның танымал миссионер ғалымы Остроу- 
мов болса, осы саяси мақсатты жүзеге асыру үшін 
Түркістан өлкесіндегі қазақтар арасында атқары- 
латын жұмыстардың желісін анықтай келіп: «...сбли- 
жение туземцев с русским государством и русским


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет