Ел қалай орыстандырылды?
просвещение», 1906, №2, с. 10), - деп атап көр-
сетілуінде де мәселенің саяси төркіні қаншалықты
тереңдеп жатқанын жасырылмайды, ашық айтыла-
ды. Бүл мәселенің мемлекеттік саясат деңгейінде
қойылуына байланысты, Түркістан өлкесінің алғаш-
қы генерал-губернаторы фон Кауфман 1880 жылғы
8 қарашада Халық Ағарту министріне жолдаған
хатында қазақтарды ислам дінін терең қабылдаған
көрші халықтардан бөлек ұстай отырып, орыс жазуы
негізінде оқытылатын мектеп арқылы тезірек асси-
миляциялау міндетін алға қояды. Оның осы тілегі
көп ұзамай-ақ, 1881 жылғы 28 қаңтарда, патша тара-
пынан нақтылы қолдау тауып бекітіледі де.
Патша үкіметі жалпы отарланған бұратана ха-
лықтарды, оның ішінде елді біртіндеп, асықпай, сақ-
тықпен шоқындыру арқылы орыстандыру жолында-
ғы ең басты тәсілдерінің бірі - қазақ халқының ға-
сырлар бойы қолданып келе жатқан араб графикасы
негізіндегі жазуын қолданудан шығару болатын-ды.
Күнделікті тұрмыста ғасырлар бойы қолданылып
келе жатқан арабша жазуын кириллицамен алмас-
тыруда - бүкіл халықтың келер ұрпағын ата-баба
салтынан, ұғым-нанымынан, тарихи естегі дәстүр
жалғастығынан қол үзіп, рухани жағынан қалай
илесең солай қарай жығыла беретін көнбіс рухани
құлға айналдыру мақсаты жатты.
Өткен тарих тәжірибесіне ой көзімен қарасаң,
отарлаушы үкімет атаулының бәрі де бодан болған
халықты рухани жағынан билеп-төстеудің ең сенімді
жолы ретінде, алдымен, халықтың тарихи есін
жалғастыру дәстүрінің басты буыны болып сана-
латын оның тілі мен ділін, дінін, жазу мәдениетін,
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
топономикасы н
өзгертуге тырысады.
Мысалы,
бүкіл Түркістан аталатын өлкенің көне тарихы-
на үңілсек, Көктәңірге табынып, көне түрік жазуын
қолданып келгенін ғылым дәлелдеп отыр. Міне, осы
тума мәдениет алғаш рет VIII ғасыр ішінде араб
басқынш ыларының тарапынан түбірлі қудалауға
ұшырап, ислам идеологиясымен, ал көнетүрікж азуы
араб жазуымен алмастырылды. Әрине, көне тәңірлік
таным
зорлы қ-зомбылықпен,
қарудың күшімен
тарих сахнасынан ығыстырылды. Яғни түрік тілді
халықтар енді өткендегі ата салты, ұғым-нанымы
мен жазба мәдениетінен көз жазып қалғанын, оның
қайта тумастай болып тарих бетінен өшірілгендігін
ұлы ғалым Бируни өкси отырып еске алады.
Кеңес елінде халықтарды ң ғасырлар бойы
қолданып келе жатқан жазуын өзгерту мәселесі
В. И. Ленин қайтыс болған соң қызу қолға алына
бастады. Алдымен түрік тілді халықтардың қалып-
тасқан араб алфавитін кириллица жазуымен алмас-
тыру мәселесі жедел қолға алынды. Бұл бір кездегі
қоғамдық пікірде латын алфавитін: «...бүкіләлемдік
коммунистік қоғамның алфавиті» деген қате ұғым-
ның орын алуына байланысты көтерілген еді. Жиыр-
масыншы жылдар ішінде латын жазуы түрік тілді
халықтардың жазуына айналып та үлгерді. Тіпті,
ерте кезден-ақ православие дініне шоқынып, орыс-
ша жазуды қабылдаған якуттардың өзін қайтадан
латын жазуына көшірген солақайлықты да бастан
кешірдік.
Қазақ
зиялы лары ны ң
білікті
тобы
латын
алфавитін қабылдауға наразылық білдірді. Бұл пікір,
әсіресе, көрнекті филолог Ахмет Байтұрсыновтың
|