Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет16/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
«Әліппе - таңбалар жүмбағы» деген белгілі мақа- 
ласында толық көрініс беріп, латын жазуын «Еуро- 
па жұртымен бірдей болу мақсатымен аламыз 
десек, алу қиын болған себепті орыстар аяқ баспай 
отырғанда, біз сол мақсатпен істейміз деп айтудың 
қанша орны барлығын сөйлеп, көп сөз қылмасақ та 
болар», - деп өз пікірін қысқа әрі тұжырымды түрде 
білдіреді.
Латынш аға көшудің түбінде қаңдай залалды 
қысастық жатқанын, ең нәзік айлалы саясаттар тіл 
арқылы жүргізілетінінен бейхабар біздің шала піс- 
кен дүмбілез белсенді айғайшылдарымыз бұл іске 
жерден жеті қоян тапқандай, алды-артына болжап 
қарамай-ақ әңкілдей кіріскені соншалық, «Еңбекші 
қазақ» газетінің 1931 жылғы 25 мамырдағы үндеуін- 
де: «...Жаңа әліпті білмеймін дейтін қызметшілер 
жаңа әліптің жасырын жауы деп саналып, сотқа тар- 
тылсын», - деген ұрда-жық солақайлық дүмпуінің 
де исі аңқып тұр. Немесе Бахтияр деген ақынсымақ- 
тың «Жаңа әліп жолында» (Еңбекші қазақ, 1931, 24 
шілде) деген өлеңіндегі:
Арапшы, жаңа әліпші,
Екі жақ боп тартысты:
Ахмет, Елдес, Мұхтарлар 
Арапқа жұмсап бар күшті, -
деген пікірі екі арадағы таны м ды қ тарты сты ң 
бар болмысын өзінше түсінікпен айтып тұр. Бұл 
арада Мұхтар Әуезовтің есімі жайдан-жай аталып 
тұрған жоқ. Аса нәзік жолмен жүргізіліп отырған 
саяси астарлы мәселенің түп төркінін, бар тари- 
хын ерте танып білгендіктен туған саналы түрдегі 
қарсылық екенін білдіру себепті аталып отыр. Осы


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
туста қазақ жазуын бірден орыс граф икасының 
негізінде алу туралы да үн көтерілген болатын-ды. 
Бірақ бұл жолға түсер болсақ, мемлекеттік саясат 
ретінде революцияға дейінгі жүргізілген орыстан- 
дыру мәселесі еске түсіп, кері реакция тудыруы 
мүмкін деп қаралды. Осы себепті уақытша шегініс 
жасап барып, пікір айтар саналы зиялылар тобын 
тұтас сыпырып тастаған соң, қайта оралуды ойда 
сақтаған саясатшылардың болғаны да рас. Уақыт 
өте келе бұның шындық екеніне көзіміз жетіп отыр 
емес пе? Өйткені түрік тілді халықтардың жазуын 
тұтастай орыс жазуына көшіріп, мектеп арқылы орыс- 
тандыру саясаты Ресей империясының ғасырлар 
бойы армандап, нақтылы әрекеттер жүргізіп, жүзеге 
асыруға ұмтылған дәстүрлі саясаты болатын-ды. 
Осы күрделі де қиын, аса нәзік астарлы мәселе 
Кеңес үкіметі тұсында ғылыми институттарда ака- 
демик Гордлевский тарапынан 1921 жылы қайта 
көтеріліп ұсынылған еді. Бірақ институт ғалымдары 
бұл идеяны қабылдамай тойтарып тастады, яғни 
жабулы қазан жабулы күйінде қалды.
Міне, жоғарыда баяндалған осы миссионерлік 
идеяны жүзеге асыруды бір кездерде рухани семи- 
нария шәкірті болған Сталин өзіне тән суық ақылдың 
тезіне сала отырып әрекет етті, әсіресе, орыс жазуын 
бірден алу түрік тілді халықтардың қарсылығына 
ұшырауы мүмкін деп уақытша латын жазуын енгізе 
тұру керек деген кеңеске құлақ асып, 1930 жылы 
латын жазуын қабылдатты.
Латын жазуын үйреніп, тіл мәдениетінің жетілу 
жағы нашарлап, сауаттану жағы жетілмей тұрған 
тұста 1937 жылдың тауқыметін жасап, өзінше ойлай


36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет