Қазақстан Республикасының тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанда мекендейтін халықтардың тілді білуі парыз



бет1/4
Дата13.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#9163
  1   2   3   4
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанда мекендейтін халықтардың тілді білуі парыз. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұратындықтан, оларға қазақ тілін толыққанды меңгерту үшін тілді шебер оқытатын мамандар қажет. Заман талабына сай мемлекет тілді игеру әр ұлт өкілінің басты қажеттілігіне айналды.

Тіл – қатынас құралы әрі танымдық іс әрекеттердің құралы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру – әр бір азаматтың, оның ішінде оқу орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі пәні ұстазының тікелей міндеті. Демек, мектептің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман ғылымының дәрежесіне сай болу керек.

Осы мақсатты іске асыру үшін « Тіл дарын » деп аталатын оқу бағдарлама 4 – орыс сыныптарына авторлық бағдарлама, 34 – сағатқа арналып жасалды.

Оқушыларға тек қана қазақ тілін үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық рухани тәрбиесімен салт – дәстүрінен мәліметтер беру, әр тақырыпты өткенде кішіге көмек, үлкенге құрмет, Отанды сүю сияқты қасиеттерге көп көңіл бөлу. Сол сияқт- ы оқушы мейірімділікке, адамгершілікке баулу жағында ескеру керек. Мұғалім өз мақсатына жету үшін сабақта көрнекіліктерді тиімді пайдалана білу керек. Өйткені күнделікті үйретілетін жаңа сөздер тек көрнекіліктерді барынша мол дайындап, қолдану керек. Күнделікті сабақта оқушылар әр тақырыпты практикалық, түрде жаңа сөздер меңгертілуі қажет, яғни әр тақырып төрт бес сағат көлемінде өтіліп, сөздік жұмысы бірнеше рет қайталанып, оқушылардың санасына берік қалыптасқанда ғана тіл үйрету тиімді болмақ. Осы мақсатта көрнекіліктерге қоса кесте, суреттер, сюжетті суреттер, сөзжұмбақтар, ойындар, қима қағаздар, үлестірмелі қағаздар, текшелер қолданылуы керек. Оқушыларға тілдік материалдарды меңгерте отырып оларға грамматиканы толық жеткізе білу керек. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде дыбыс жүйесін терең меңгерту басты мәселе. Сол себепті қазақ тіліне тән дыбыстарды 9 ( 10 ) дыбысты оқушы жете меңгермейінше, ол сауатты оқу мен жазу дағдысын игере алмайды. Оқушыны дыбыстық жүйемен ғана таныстырып қоймай, ол дыбыстардың сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде дұрыс айтылуына жаттықтыру қажет. Бағдарламада үндестік заңы, буын, буын түрлері зат есімнің септік жалғаулары шақ, шақ түрлері қамтылған.

Бастауыш сыныптардан бастап оқушының жас ерекшелігіне сәйкес жұмбақтар, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, қаламақтар, санамақтар, өлең шумақтар әр сабақтың тақырыбына сай үйретіліп отырады. Мұндағы мақсат – оқушылардың тілін дамыту, қисынды ойлау қабілетін күшейту, есте сақтау қабілетін дамыту. Сол сияқты оқушыларға сергіту сәтінде оқушының тілін жеңіл, жасына лайық, қызығушылығын оятатын шумақтармен түрлендіріп, отыру керек. Сергіту сәтінің өткізілуі оқушыларды топырлатып тұрғызып отырғызу емес, мақсаты балалар бір сәт болсада, өздерін еркін сезініп, бой жазуы үшінде қажет.

Оқушыларға барлық тақырыптар ойын элементтерімен үйретілсе, өте тиімді болады. Ойын тәртібі бойынша әр оқушыға рөл беріліп, оқушылар бір – бірімен ауыз екі сөйлесіп, қарым – қатынас жасауға әрекет жасайды. Өздері меңгерген жаңа сөздерін дұрыс айтуға, сұраққа дұрыс жауап беруге машықтанады.

Мұғалім сабаққа жан – жақты дайындалып барып күш жігерін аямай еңбек еткенде ғана жақсы нәтижеге жетпек.

Авторлық оқу бағдарламада әр бір тараудан кейін 1 сағат практикалық жұмыс беріледі.



Лексикалық тақырып оқып үйренуге – 29 сағат.

Грамматикалық тақырып меңгеруге – 17 сағат.

Практикалық жұмыс - 4 сағат.

Жылдық қайталау – 1 сағат.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бұл бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік тілді оқушыларға меңгерте отырып, оқушылардың жас ерекшелігіне сай дәрежеде қазақ тілінде сөйлеуге, өз ойларын еркін жеткізе алатын деңгейде оқыту. Оқушыларды қазақша дұрыс оқуға, сауатты жазуға, бір – бірімен қарым – қатынас жасауға ( тыңдау, түсіну, оқу, жазу, сөйлеу ) үйрету, оқушылардың ойлау есте сақтау қабілетін дамытуға жағдай жасау. Оқушыларды жалпы дамыту дайындығы – қызығушылықтарына, бейімділіктері мен қабілеттеріне қарай олардың шығармашылық дамуына қажетті жағдайлар жасау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін танымдық және практикалық бағыттарда төмендегідей міндеттер қойылады:


  • қазақ тіліне тән төл дыбыстарды меңгерту.




  • оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге, өз ойларын еркін жеткізе алуға үйрету.




  • берілген сұрақтарға жауап бере алуға үйрету.




  • оқушыларды мәтінді түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуға дағдыландыру.




  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.




  • оқушылардың қазақ тілінен білімін тереңдету.




  • екі тілдің ( қазақ, орыс ) өзара айырмашылықтарын түсіндіру.




  • қазақ тілін сүюге, қадірлеп қастерлеуге тәрбиелеу.




  • оқушыларды адамгершілік рухта тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу.


Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары
Ұсынылған бағдарлама материалдарын үйрену арқылы оқушылар тіл білімінің саласы бойынша төмендегідей талаптарды меңгеруі тиіс:


  • оқушы бірінші ауызекі сөйлеуге жаттығуы тиіс;







  • ең алдымен, оқушы қазақтың төл дыбыстарын меңгеріп, сол дыбыстарды еркін айтып, жаза алатын дәрежеге жетуі тиіс;




  • оқуға жаттығулар алдында негізгі әріпке, суреттегі бейнеге қарап, мұғалімді қайталап отырып оқуы тиіс;




  • сөзді толық бірден толық оқымай, екпін түсетін буынға көңіл аударып оқуы тиіс;




  • әр бір әріптің дыбысталу ерекшелігіне баса назар аударылуы тиіс;




  • сыныпта мұғалімнің айтқанын оқушылар дер кезінде қайталап ( дауыстап оқып немесе айтып отыруы ) тиіс;




  • екі оқушы бір – бірімен дауыстап оқып, жаттығуы тиіс.


Оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұны




І тарау. Кіріспе. Кел, танысайық !


Сәлемдесіп үйрену. Еркін сөйлеп үйрену.




ІІ тарау. Менің – Отаным.

Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру. Қазақстанның қалаларына саясат жасау. Қазақстан астанасының дамуы. Қазақстанның рәміздерін білу. Үндестік заңын, буын түрлерін ажырата білуге үйрету.






ІІІ тарау. Менің – Отбасым.

Менің отбасым, отбасы мүшелері төңірегінде сөйлей білу. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.






ІҮ тарау. Адам.

Адамның дене мүшелерімен таныстыру. Тақырып бойынша сөздікті толық игеру, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.






Ү тарау. Уақыт

Уақыт тақырыбында сөйлей білу. Қазақ тілінде сағат тілін үйрету. Зат есімнің септік жалғауларымен таныстыру. Септік жалғауларын дұрыс қолдануды меңгерту.





ҮІ тарау. Дүкенде.

Дүкен тақырыбына сөз тіркестерін, сөйлемдер құру. Дүкен түрлері.






ҮІІ тарау. Киімдер.

Киімдер тақырыбына сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдер құру. Киім кию әдебін үйрету.






ҮІІІ тарау. Жануарлар әлемі.

Жануарлар әлемі бойынша сөздікті толық білу. Шағын өлең, жұмбақтар, жаңылтпаштар тақырыпқа байланысты игерту. Сұрақтарға толық жауап беру.





ІХ тарау. Жыл мезгілдері.

Жыл мезгілдері туралы түсінік. Ай атауларын жатқа білу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.





Х тарау. Жылдық қайталау.

Тапсырмалар арқылы білімдерін тексеру.




Тілдарын
Қазақ тілі 4 – сынып

Оқу бағдарламасының күнтізбелік тақырыптық жоспары.

Барлығы – 34 сағат, апталық сағаты – 1 сағат.

І тоқсан ( 7 – сағат )




Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Кел, танысайық !

1




2

Менің Отаным. Үндестік Заңы.

1




3

Қазақстан қалалары. Буын.

1




4

Қазақстан астанасы. Буын түрлері.

1




5

Менің туған жерім.

1




6

Ауылда.

1




7

Практикалық жұмыс.

1





ІІ тоқсан ( 7 – сағат )


8

Менің отбасым. Фонетика.

1




9

Менің әкем мен шешем. Дауысты дыбыстар.

1




10

Атам мен әжем. Дауыссыз дыбыстар.

1




11

Адам.

1




12

Оң мен сол.

1




13

Дене мүшелері.

1




14

Практикалық жұмыс.

1





ІІІ тоқсан ( 12 – сағат )


15

Уақыт. Зат есімнің септік жалғаулары.

1




16

Күн тәртібі. Атау септік.

1




17

Уақыт және біз. Ілік септік.

1




18

Тәулік. Барыс септік.

1




19

Дүкенде. Табыс септік.

1




20

Азық – түлік дүкені. Жатыс септік.

1




21

Практикалық жұмыс

1




22

Аяқ – киім дүкені. Шығыс септік.

1




23

Киімдер. Көмектес септік.

1




24

Менің киімдерім.

1




25

Киім дүкенінде.

1




26

Практикалық жұмыс.

1





ІҮ тоқсан ( 8 – сағат )


27

Жануарлар әлемі. Осы шақ.

1




28

Ең үлкен. Өткен шақ.

1




29

Хайуанаттар бағында. Келер шақ.

1




30

Үй жануарлары.

1




31

Жыл мезгілдері.

1




32

Жаз айлары.

1




33

Жазғы демалыс.

1




34

Жылдық қайталау.

1




Пайдаланған әдебиеттер


  1. Мұғалім философиясының қалыптасуы және дамуы, С.С. Мирсеитова, Қарағанды

2012 жыл.

  1. Мен қазақша сөйлеймін, А.О. Мусин, И.М. Тулеков, Алматы: Атамұра 1996 жыл.

  2. Қазақ тілі. Үйренушілерге көмек. А. Белботаев, Ж. Түкебаева, Алматы: Рауан 1995 жыл.

  3. Қазақ тілі. Ә. Жүнісбек, С. Бәтібаева, Алматы: Атамұра 2000 жыл.

  4. Қазақ тілі Ә. Жүнісбек, Алматы: Атамұра 1999 жыл.

  5. Қазақ тілі Ж. Адамбаева, Алматы: Атамұра 1999 жыл.

  6. Қазақша сөйлеп үйренейік. Ұ. Салиева, Алматы: Рауан 1995 жыл.

  7. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. С. Мырзабеков, Алматы: « Сөздік – словарь » 2002 ж.

  8. Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері. С. Қазыбайұлы, Алматы: Рауан 1997 жыл.

  9. Қазақ тілі. Қызықты грамматика. Г. Тойсюганова, Алматыкітап 2007 жыл.

  10. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. А. Қайырбекова, Г. Оразалиева, Алматы: Атамұра 2005 жыл.

  11. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. А. Қайырбекова, Қ. Жүнісқанова , Алматы: Атамұра 2005 жыл.

  12. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Ж. Адамбаева, Алматы: Атамұра 2001 жыл.

  13. Қазақ тілі. А.Ш. Бектурова, Ш.К. Бектуров, Алматы: Атамұра 2004 жыл.

  14. Опорные схемы по казахскому языку. Т.М. Артыкова, Алматы 2002 жыл.


Алғыс сөз
Сәт сапар, Жас достар !
Құрметті шәкірт, сенің қолыңа ұсынылып отырған жұмыс дәптері саған арналады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Яғни, мемлекеттік тілде ауыз екі сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету. Қолдарындағы жұмыс дәптерінде сендер небір тапсырмалардың түрін кездестіресіңдер. Әр бір тапсырмаларды орындай отырып қазақ тілін тереңірек меңгеруге көмектеседі. Тапсырмалар елтану, бағытында берілген. Туған жер, туған ел, туралы өлеңдерді санамақтарды, жұмбақтарды, сөзжұмбақтарды, диалогтарды, еске түсіру мақсатында, ары қарай жалғастыру сөйлемді аяқта тағы сол сияқты тапсырмалар берілген. Жұмыс дәптерлерін толтыру кезінде аударма жұмыстарын жиі кездестіріп отырасыңдар. Әр тараудан кейін келетін нәтиже сабақтар өтілген тақырыптарды, грамматикалық материалдарды қорытындылайды. Нәтиже сабақтар деңгейлі тапсырмалар арқылы беріледі. Жұмыс дәптерін толтыра отырып сөз тіркесі, сөйлем құрауға, қазақша өз ойларынды айта білуге, біреуге жеткізе білуге үйренесіңдер. Сондай – ақ күнделікті қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптасып, өз беттерінше жұмыс жасауға, ізденуге бағыт берілген.
Тіл үйрену – күнделікті, қиын әрі қызықты іс.

Білім шыңына бет алған сапарларын сәтті болсын !

Автордан:

Алғы сөз
Бұл әдістемелік оқу құралы 4 – сыныпқа арналған. « Тілдарын » оқу бағдарламасының қосымшасы ретінде, мұғалімдерге оқу – әдістемелік көмекші құрал ретінде жасалып отыр. Бәрімізді толғандыратын тіл мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Президент 2017 жылға қарай халықтың 80 пайызы, 2020 жыл дегенде 95 пайызы қазақ тілінде сөйлеуі жолында жұмыс істелетінін айтты. « 28. 01. 2011 жылдағы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы ».

Бастауыш білімі үздіксіз білім берудің баспалдағы. Ал мұғалімнің негізгі ұсынған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Білім негізі бастауыштан қаланатындықтан оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың алатын орны ерекше. Білім берудің жаңа әдіс – тәсілдерімен технологияны игеру бүгінгі күннің қажеттілігіне айналып отыр. Сондықтанда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының әдістерін өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Әдістемелік – оқу құралы оқытудың « Сын тұрғыдан ойлау » бағдарламасын басшылыққа ала отырып жасадым.

Тілді оқытудағы ең басты мақсат – оқушыны дұрыс сөйлеуге, сауатты, көркем жазуға, үйрету болғандықтан оқулықтағы айтылым, сөйлесім, тыңдалым, оқылым, жазылым, әрекеттеріне көбірек көңіл бөлінді. « Сын тұрғыдан ойлау » бағдарламасын Қазақстан қоры жағынан 1998 жылы қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.

Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.



R W C T бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда « Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу » дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан әдістерінен тұрады. Мақсаты шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Бағдарлама үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің кезеңдерінен тұрады.

А) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;

Ә) мағынаны ажырату – жауаптарды іздеу, мәселені зерттеу;

Б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни  осы үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осында үш сатыда  ұйымдастыру. Әдістемелік оқу құралында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиясын басшылыққа ала отырып, оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйретуге, ауыз екі сөйлеу дағдысын дамытуға, ауызша жазбаша тіл заңдылықтарын меңгеруге өзі де, сөзі де мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуге көзделген. Әр тақырыпта оқулықтың мазмұнын құрайтын материал оқыту әдістемесі ретінде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының үлгілері берілді. Бағдарламаның бөлімдерінде қазақ тілінің грамматикасына басты көңіл бөлінген. Үндестік заңы мен фонетикалық материалдардың әдістемелік жолдарына ерекше тоқталу қажет. Себебі, фонетиканы өте жақсы меңгерген бала тіл білімінің басқа салаларына үйренуде қиналмайды. Дыбыстарды дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке, еріндік, езулік түрлеріне қарай жақсы меңгерген болса, оқушылар теориялық материалды баяндауға болсын, талдау барысында болсын, нақты тұжырымды сөйлеуге, ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға, тілдік тұлғалардың атқаратын қызметін анықтауда ізденімпаздыққа ұмытылады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдіс – тәсілдері арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытуға, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға қалыптастыруға үлкен септігі тиетіндігін аңғаруға болады. Білім бастауы бастауыш сыныптарда қаланатындықтан, бастауыш сыныптарда жұмыс істейтін қазақ тілі мамандарының басты міндеті – қазақ тіліне тән төл дыбыстарымызды дұрыс қолдана білу әдістердің қайсысы тиімдірек, сабақтың қай бөлігінде оқушының зейіні молырақ, оқушыларды жалықтырып алмау мақсатында сергітулерді, ойындарды қалай ұтымды пайдалану керек, әр оқушыға қалай көңіл бөлу керектігіне баса назар аударған жөн.

 Мемлекеттік тілді орыс сыныптарында оқыту барысында оқушылардың ойлау сөйлеу есте сақтау қабілеттері дамиды. Пәнге деген қызығушылықтары артып, топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Оқушының төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ұмтылысы білім сапасының жоғарлауына ықпал етеді. Әр сатыға көтерілген сайын олардың оқуға деген ынтасы, белсенділігі артып, дамып отырады. Өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді. Сабақта түрлі ойындар диалог және рөлдік ойындар жиі қолдану арқылы білім сапасын жақсартуда, бір – бірін түсініп, қазақ тілінде ауыз екі сөйлесе алуға болатынын байқадым. Өз сабақтарымда қолданып жұрген әдіс – тәсілдер білім сапасын жақсартуға, ой – өрістерін кеңейтуге, бір жүйеге келтіруге көмектесетініне сенімім мол. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде мемлекеттік тілді жақсы білдіру, оның беделін арттыру – біздің басты міндетіміз.

Сабақ барысында мұғалім мынадай қағидаларды есте сақтауы қажет.





  • әр тапсырма материалдарын баланың жас ерекшелігіне қарай таңдау;




  • өз бетінше ізденуге қолайлы жағдай жасау;




  • өзін – өзі дамытатын тұлға қалыптастыру;




  • өтетін тақырыптың материалын түсінбеген жағдайда өз ана тілінде түсіндіру;




  • мұғалім мен шәкірт арасындағы дұрыс қарым – қатынасы;




  • көрнекі құралдардың әр тақырыпқа сай болуы;




  • көрнекіліктер эстетикалық талапқа сай болу керек;




  • мұғалімнің сабақ барысында сабырлы болуы;

№ 2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің екінші санатты мұғалімі

Темиржанова Фарида Әмірханқызының

4 – орыс сыныпқа дайындаған

« Тілдарын » авторлық бағдарламасына


Пікір.

Ұсынылып отырған бағдарлама № 2 орта мектебінің 4 – орыс сынып оқушыларына қазақ тілі пәніне арналған.

Бағдарлама түсінік хаттан, бағдарламаның мақстаы мен міндеттерінен, пәнді меңгеру деңгейінің талаптарынан, оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұны мен « Тілдарын » тақырыбынан және пайдаланылған қосымша әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бағдарламаның мақсаты оқушыларды қазақша оқуға, сауатты жазуға, бір – бірімен қарым – қатынас жасауға ( тыңдау, түсіну, оқу, жазу, сөйлей ) үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Яғни, бағдарламаның мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып, оның тәрбиелік мәнін бүгінгі қоғам талабына сай айқын да анық аша білген.

Бұл материалдарды оқыту оқушылардың тілді оқып үйренуде, бір – бірімен қарым – қатынас жасауда маңызы өте зор.

Жалпы « Тілдарын » бойынша жасалған бағдарлама 4 – орыс сынып оқушылары үшін оқу үрдісінде тиімді қолданыс табады деп есептеймін.

№ 2 шағын орталықты орта мектеп директорының

ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

--------------------------- А. К. Сүлейменова.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет