Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет18/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Ел қалай орыстандырылды?
оры станды ру үшін бәрінің де дәстүрлі жазуын 
орыс жазуына аудару мақсатын алысты көздеген 
отаршылдық мүддедегі үлкен мемлекеттік саясатқа 
айналдыру әрекеті тым ертеден басталған екен. 
Бірақ бүл саясат бұратана халықтардың тұрмыс 
ерекш елігі мен діни нанымына, әдет-ғұрпы мен 
салт-санасына және де дүниетанымына орай әр 
түрлі дәрежеде езіндік ерекшеліктерін ескере оты- 
рып жүргізілді. Мысалы, коми халқын шоқындыру, 
жазуын орыс граф икасының негізіне көшіру XIV 
ғасыр іш інде-ақ басталған болатын-ды. Оларды 
шоқыңдыру ісіне, тіпті, Дмитрий Донскойдың өзі 
қызу араласады. Ал татар халқының басына бұл 
тауқымет Иван Грозный билігі тұсында-ақ түсті. 
1769 жылы архиерей Вениамин (ұлты чуваш, алғаш 
шоқынған миссионер қайраткерлердің бірі) орыс 
алфавитін қолдану арқылы чуваш тілінің алғашқы 
грамматикасын жазып шықты. Ал, 1808 жылы марии 
халқының тіліне орыс алфавитімен діни катехизис 
аударылды.
Сібірдің ұсақ халықтарын күшпен шоқындыру 
ісі Ермак жорығы аяқталысымен-ақ жүзеге асып, 
қазақ даласы мен енді ғана отарланған Түркістан 
өлкесіндегі халықтарды айрықша нысанаға ала 
бастады.
Ресей патшалығының дәстүрлі саясатына айна- 
лып, ғасырларға созылған шоқындыру, біртіндеп 
орыстандыру мәселесі, әрине, қай жағынан алып 
қарасақ та, им перияның үстем табы - дворян- 
помещ иктері мен кулактарды ң мүддесіне орай 
жүргізіліп келді. Осы тұрғыдан қарағанда, мемле- 
кет билігінің рухани саласына ықпал етіп отырған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Святой синод арқылы дін идеологтары, яғни мис- 
сионер ғалымдар, ез мақсаттарын жүзеге асыруға 
қажетті қаражатты керегінше мемлекет тарапынан 
алып отырған. Осы рухани топтардың мемлекеттік 
саясат дәрежесінде қойылып отырған миссионерлік 
әрекетті, әсіресе, 1739 жылдан бастап нақтылы әрі 
белсенді түрде жандандыра бастағанын аңғарамыз.
1876 жылы Орынборда Ағарту министрі граф 
Толстой қазақтар үшін арабша жазуды орыс гра- 
фикасына көшіру үшін арнайы мәжіліс шақырып, 
нақтылы нұсқаулар да берді. Семей генерал- 
губернаторының 1878 жылғы 26 қыркүйектегі Батыс- 
Сібір генерал-губернаторына жазған құпия деген 
белгі соғылған № 9623-қатынас қағазында: «...Во 
всех случаях, когда приходится объявлять киргизам 
распоряжения правительственных мест на киргиз- 
ском языке, употребляется русский алфавит. Обуче- 
ние изложению киргизской речи этим же алфавитом 
вводится, на точном основании предложения Ваше- 
го Высокопревосходительства от 4 мая за №26, в 
киргизских интернатах.
Будет время, когда русский алфавит в степи возь- 
мет верх над арабским», - деп жазуына қарағанда, 
мәселенің түп төркіні - граф Толстой ағарту сала- 
сында мемлекеттік миссионерлік саясатты жүргізуші 
қайраткер ретінде берген нұсқаудың сарыны анық 
аңғарылып тұр деуге келеді.
1876 жылы патша ағзамның өзі қазақтар ғасырлар 
бойы қолданып келе жатқан арабша жазуды орыс 
жазуына ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. 
Дәл осы жылы граф Толстой Ыбырай Алтынса- 
ринмен орыс алфавитін ешқандай өзгеріссіз сол


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет