Ел қалай орыстандырылды?
үшінші кітабын жазу үстінде өткен заман үшін де
саяси жағынан томсарып сыр бүккен, ал тіпті, біздің
заманы мы зды ң өзінде өткендегі шындықты өз
қалпында суреттеп ашық айтудың өзі қиынға түскен
алмағайып аса қиын мәселеге автоцензуралық
тәсілді қолданған деген заңды сұрақ туады.
Қалың оқырман қауымға осы мәселенің төркіні
анық әрі түсінікті болу үшін М. Әуезовтің «Абай жо-
лы» эпопеясының үшінші кітабындағы «Шайқаста»
деп аталатын тарауын жазуш ының әдеби-мемо-
риалды музей-үйінде сақталған «Ақындар ағасы»
(1949) романындағы осы тараудың «Қазада» деп
аталған түпнұсқасында берілген алғашқы қалпымен
салыстыра қарап көрейік. Екі нұсқаны қатар салыс-
тыра қарап, ой жібере оқығанда жазушының бастап-
қы түпнұсқаны текстік жағынан көп өзгертіп, елеулі
қысқартулар жасаған әрекетінен автоцензуралық
тәсілді қолдану жолын аңғарамыз. Бұл көріністің
себебін іздестіре бастасақ болды «Абай жолы»
эпопеясының үшінші кітабындағы автоцензураның
бар болмысы мен оның мән-мағынасы толық ашы-
лып, көз алдымызға келеді.
Апдымен М. Әуезовтің «Ақындар ағасы» деген
романының «Қазада» тарауының алғашқы түпнұс-
қасына назар аударайық:
-
«Бірақ мен қауымды, халықты ендігі тарих-
та жақсылыққа, әсіресе, жарыққа бастайтын дін деп
білмеймін, - деді.
Жандаралға Абайдың дінсіздігі де ұнай бастады.
Оның ойына енді мүлде жаңа бір ниет нық орнаған
еді. Кейінгі сөзінде жандарал христиан дінін, оның
ішінде православиені барынша мақтап, ұзақ сөйледі.
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
11
-
Киргиз сияқты Ресөй империясының қарамағы-
на келген Сібір бұратана өкілдерінің кепшілігі ез
діндерін тастап, шоқынып жатқандарын көп таратып
айтты. Және солардың осындай тарихтың өзгерісі
арқылы ислам дінінде отырған қазақ сияқты елдер-
ден, бүдан былай тез өсетінін, бақытқа тез жететінін
баяндап, дін үгітшісі сияқты боп кетті. Бір кезек,
бұны үндемей, ойланып тыңдап отырған Абайдан
ол үлкен үміт еткендей сейлеп барады. Абайға
ақылшы боп толғанады. Бір ғана Пушкин, ГІермон-
товтар емес, православие шіркеуінің үлкен ақылды,
білімді өсиетшілері бар екенін де айтты. Сол жөнінде
Қазанда аты шыққан миссионер Ильминскийді,
Түркістанға мәлім миссионер Остроумовты және,
әсіресе, езімен таныс, Омскіде түратын әрі ағартушы,
әрі зор миссионер Апекторовты да айтып өтті...
Ақмола, Семей облыстарын әкімшілік, әскерлік,
ш аруаш ылық жағы нан
бір
генерал-губернатор
билейтін болса, дін жағынан да осы екі облыстың
орталығы бір. Оны бір епископ басқарады. Сол епис-
коппен осы қазақ сияқты елді шоқындыру жөнінде
бірнеше мәжілісте бұл жандарал сөйлескен-ді.
Екі облысты басқаратын епископ Омск сияқты
үлкен шаһарда түрмай, Семейге келіп, онда да
Ертістің екінші жағасындағы қазағы көп Слободке-
ге «миссия» деген шіркеу салғызып, сонда тұратын.
Соңғы жылдары қазақтың жетім балаларын тәрбие-
ге алып, соларды шоқындырып, өсіріп келе жатқан
«ізгілік м иссионерлік» деп аталатын әрекеттері
бар-ды.
Абайды мүлде теріс үғынып, шолақ, үстірт
таныған жандарал енді әлде бір желіккіш, саяз
|