Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет9/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
мақсатты» 
бүркенген 
экспедициялар 
арқылы 
халықты билеудің жаңа жүйесі - аумақтық принцип- 
ке негізделген кеп сатылы болыстық сайлау жүйесі 
енгізілді. Мүның өзі қазақ даласында бірыңғай билік 
жүргізу үшін үкіметтің арнаулы «дала комиссия- 
сын» құрып, қазақ елін алдын ала жан-жақты зерт- 
теп барып келген елеулі түрдегі саяси-әлеуметтік 
қорытыңдысы болатын-ды. Бұл мәселенің түбірлі 
зардабын 
қазақ интеллигенциясы ны ң алғашқы 
тобы, яғни өмірі мен шығармашылығы көп жыл- 
дар бойы ақтаңдаққа айналған ақын-жазуш ылар 
терең сезініп, қарсылық білдірген де еді. Патша 
өкіметі тұрғысынан ж үргізіліп отырған орыстан- 
дыру мен шоқындырудың кешенді шараларын өз 
көзімен көрген Ж үсіпбек Аймауытов: «...Қазақтың 
жерін тілгілеп, келімсек мұжықтарға аударып бере 
бастады, тілін бұзуға, дінін бұзуға аулный школ
миссионерлерді таратты, әдет-ғұрпын, салт-санасын 
өзгертіп, орысқа бас игізуге жаңа закон, миро- 
вой судья, крестьянский начальниктер шығарды. 
Қазақты ішінен тоздыруға сайлау, штат деген шырға 
тастап, өзді-өзін жұлыстырып, қырқыстырды» (Қ.Ә. 
20.01.1989), - деп көрсетуі арқылы-ақ халықтың мой- 
нына түскен тауқыметтің түп төркінін дәл көрсетіп 
берді. Яғни сезімтал жазушы қазақ елінің тағдырына 
қол салып, жабайыларды жабайылардың қолымен 
тұншықтырудың ызғарлы лебі қайдан соғып тұрғанын 
саналы түрде біліп, сезіп отыр.
Әрине, бұл кешенді тұрғыдан қойылған саяси- 
әлеуметтік әрекеттерді жүзеге асырудың шешуші 
кілті Екінші Апександр патшаның 1865 жылғы 5 
шілдедегі арнаулы раскриптінде жатыр. Өйткені


22
Ел қалай орыстандырылды?
ресми саяси қүжат ретіндегі осы патша қолымен 
жазылған раскриптіге сүйене отырып екі нәрсеге 
айрықша назар аударылды. Оның бірі - қазақтардың 
бәрін бірыңғай билеп-төстеудің жаңаша жүйесін 
жасап, яғни «жаңа низам» деп аталатын ережені 1867 
жылдан бастап өмірге нақтылы түрде енгізу мақсаты 
көзделді. Екіншіден, қазақтарды келешекте право- 
славие дініне енгізудің бар мүмкіндіктерін қарастыру 
арқылы көздеген орыстандыру саясатының түпкі 
мақсатына меңзеді.
Өткендегі сыр бүгіп жатқан тарих қатпарларына 
үңіле қарар болсақ, патшалық Ресей империясы өз 
қол астына енген кеп тілді бүратана халықтардың 
ғасырлар бойы түтынып келе жатқан жазуы мен 
діни нанымын істен шығарып, мүлде шоқындырып 
жіберу саясатын тым ерте бастаған әрекетін XIV 
ғасырдағы шуваш, мордва, коми халықтарының 
тарихынан көреміз. Мысалы, коми халқынан шыққан 
священик Стефан 1383 жылы епископ дәрежесіне 
көтерілді. Ол орыс графикасы негізінде коми алфа- 
витін жасап, миссионерлік қызмет атқарды, неме- 
се XVI ғасырдағы Ресейдегі Қасым хандығының 
соңғы мүрагері Сайын Болатханның шоқынып, ез 
атын өзгертіп Самсон атанғаны да тарихтан белгілі 
жайт. Бүл шоқынған бүратана атаулының ата-анасы 
қойған есімі міндетті түрде өзгертіліп, оның аты мен 
фамилиясы жаңадан орысшалап қойылатын дәстүр 
сол түста-ақ қалыптасқандығын аңғартады.
Ресей патш алығының ең сенімді идеология 
майданының ең белсенді тобы - миссионерлердің 
бар амал-айласы, күш-қуаты татар халқын шоқын- 
дыруға жүмсалғаны тарихтан мәлім. Бұл мәселені




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет