Глоссарий Archie архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе. Dns



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата18.02.2023
өлшемі468,12 Kb.
#169268
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
практика

ВИРУСҚА ҚАРСЫ ҚҰРАЛДАР 
Вирустардың жіктелуі. Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар: 
жүктелетін, файлдық, макровирустар және желілік. 
Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын 
зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда 
басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус 
кодына береді. 
Файлдық вирустар ӛзінің кӛбеюі үшін операциялық жүйенің файлдық жүйесін 
пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (EXE, COM, BAT, SYS және 
т.б.) орындалушы файлдарды зақымдайды. 
Барлық жүктелетін және файлдық вирустар резидентті, яғни компьютердің 
оперативті жадында орналасады және пайдаланушының жұмыс істеу процесінде 
қауіпті жағдайлар (дискеттегі мәліметтерді ӛшіріп тастау, аттарын және басқа да 
атрибуттарын ӛзгерту және т.б.) тудырады. Резиденттік вирустардан емдеу қиын
зақымдалған файлдарды дискіден ӛшіргенмен олар компьютердің оперативті 
жадында қалып қояды және файлдарды қайта зақымдауы мүмкін.
Макро-вирустар мәліметтерді ӛңдеуге арналған жүйелерге (мәтіндік 
редакторлар, электрондық кестелер және т.б.) орнатылған тілдерде жазылған 
программалар болады. Ӛзінің кӛбеюінде мұндай вирустар макро-тілдер 
мүмкіндіктерін қолданады және олардың кӛмегімен зақымдалған файлдың 
(құжаттың немесе кестенің) біреуінен басқаларына кӛшеді. Макро-вирустар 
кӛбінесе Visual Basic for Application тілінің мүмкіндіктерін қолданатын Microsoft 
Office-те кең таралды. 
Пайдаланушы құжатпен жұмыс істеу барысында әртүрлі әрекеттер орындайды: 


құжатты ашады, сақтайды, баспаға шығарады, жабады және т.б. Мұндай кезде 
қосымшалар сәйкес келетін стандартты макростарды іздейді және орындайды. 
Макро-вирустар стандартты макростардан тұрады, олардың орнына шақырылады 
және әр ашылған және сақталынған құжаттарды зақымдайды. Макро-вирустардың 
жағымсыз әрекеті түзілген макростар (мәтіндерді орналастыру, меню 
қосымшасының орындалуына тиым салу және т.б.) кӛмегімен таралады. 
Макро-вирустар шектелген резидентті болып табылады, яғни олар оперативті 
жадыда болады және құжаттарды қосымша ашық тұрғанда зақымдайды. Сондай-ақ, 
макро-вирустар құжат шаблондарын зақымдайды және сол себепті зақымдалған 
қосымша жүктелуінде-ақ іске қосылады. 
Желілік вирустар жергілікті және ауқымды желі хаттамаларын пайдалану 
барысында таралады. Желілік вирустардың негізгі жұмыс принципі - ӛз кодын 
алыста орналасқан компьютерге беріп, тасымалдай алуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет