22
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру
Оқу мақсаты
4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап,
оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып,
жоспар құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
•
Мәтінге ат қойып,
жоспар құрады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
•
Мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөліктің алдына Z таңбасын қой.
•
Әр
бөлікке тақырып қойып, жоспар құр.
Тақырып
Жоспар
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді бөліктерге бөледі;
- әр бөлікке тақырып қояды;
- әр бөлік бойынша жоспар құрады.
Қазақтың М. Әуезов атындағы Академиялық драма театры көрермендерге толы.
Республикалық эстрада студиясын бітірушілер бүгін осында өнер көрсетпек,
соңғы сыннан өтпек. Алдыңғы жақтағы ұзын стол жанында мемлекеттік комиссия
мүшелері.
- «Мавритан биі». Орындайтын Гүлжан Талпақова! - деп хабарланды. Мың
бұралған қыз еркін билеп жүр. Сахнадағы сиқырлы би
құдіретінің құшағына
оранғандай көрермен жұрт тым-тырыс. Би аяқталған соң сахна сыртына шыққан
Гүлжанның бірінші көргені аяулы ұстазы, осы биді қойған балетмейстер Элеонора
Николаевна Грикурова болды. Жүзінде күлкі, көзінде жас. Қуаныш жасы.
- Жарайсың! - деп шәкіртінің бетінен сүйді.