Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау



Pdf көрінісі
бет5/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
027-1

Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 6–ші беті

кредиттік оқыту технологиясы
– білім алушының және оқытушының оқу жұмысының
көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім
алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы
негізіндегі оқыту;
-
қашықтықтан білім беру технологиялары
(бұдан әрі – ҚБТ) - ақпараттық –
коммуникациялық технологиялар пайдалану арқылы білім алушылар мен оқытушының уақыт
пен кеңістікке тәуелсіз емес оқу процесін ұйымдастыру;
-
оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
- халықаралық
практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингісін
белгілеуге мүмкіндік беретін білім деңгейін балл түріндегі бағалау жүйесі;
-
офис регистратор
– білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын олардың
меңгерген кредитін есептей отырып тіркеумен шұғылданатын және білім алушыларды аралық
және қорытынды аттестаттауды, оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыратын
академиялық қызмет;

оқу үлгерімінің орташа балы 
(Grade Point Average - GРА) – аралық аттестаттау пәндері
бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының
сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған
бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа
бағасы;

пререквизиттер
(Рrerequisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер
мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;

постреквизиттер 
(Postrequisite) (постреквизит) - зерделеу үшін қажет етілетін білімдер,
іскерліктер, дағдылар және осы пәнді зерделеу аяқталған соң игерілетін құзыреттер қажет
етілетін пәндер (модулдер) және оқу жұмысының басқа түрлері;
-
силлабус
(Syllabus) - пәннің мақсаты, міндеті, құзыреттерін, қысқаша мазмұнын, әр
сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы, оқытушының талаптарын, бағалау критерийлерін, жұмысты
тапсыру кестесін және қажетті әдебиеттер тізімін қамтитын жұмыс оқу жоспары;
-
транскрипт
(Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар
құжат;
-
үлестірме материал
- білім алушының тақырыпты табысты игеруі үшін үлестірілетін
көрнекі иллюстративті материал (тезистер, мәтіндер, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер,
өзіндік жұмысқа арнаған тапсырмалар және т.б.).

апелляциялық комиссия
- университеттің барлық білім беру бағдарламаларындағы білім
алушылардың (тыңдаушылар, бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және PhD
докторантура) аралық және қорытынды аттестаттаудан өту кезінде білімді бағалауға қатысты
даулы мәселелерді қарастыратын комиссия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет